Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Түркология, № 4, 2016 
«Шыңғыс-наме» және «Тәварих-и мусиқиунда» тәуелдік 
жалғаулары жекеше және көптік тұлғада кездеседі. Бұл 
ескерткіштердегі тәуелдік жалғауларында палаталь-веляр гармония, 
еріндік үндестігінің әсері анық сезіліп тұрады. Жекеше және көптік 
тұлғалар сөз түбірінің сипатына немесе дауысты, дауыссыз 
дыбыстармен аяқталуына қатысты болып келеді: «Шыңғыс-наме» 
тілінде тәуелдік мынадай жалғаулардың көмегімен жасалады: 
І жақ (жекеше түрі) 
-(і)м, -ым, -үм, - ум; 
(көпше түрі) -
іміз, -мыз. 
ІІ жақ (жекеше түрі) -
ің, -ың;
(көпше түрі) 
-іңіз, -ыңыз, -үңі
з.
ІІІ жақ (жекеше түрі) -
і, -ы, - сі, -сы; 
(көпше
 
түрі) -
і, -ы, -лары, - 
ләрі 
Атам
орунға ағам сән. Әмма 
атамыз
сені бісйар сүйіп әрді. 
Сенің 
ханлықыңғә
мән чыдармән. Әмма 
менің ханлығымғә
сән 
чыдымассән. ... тәб 
ағасыға 
көп тәкліф қылды. Мән һәм 
сөзүмн
і әрз 
қылайын... сіз һәм 
сөзүңізні
әрз қылыңыз. ...Улуғ-хан көрүнүшігә 
бардылар. 
... оғланлары
дур, теб екі бағлығ әлні бізгә бәрді және т.б. 
«Тәварих-и мусиқиунда» тәуелдік жалғауларының төмендегі 
түрлері қолданылған. Жекеше және көптік тұлғалар сөз түбірінің 
сипатына немесе дауысты, дауыссыз дыбыстармен аяқталуына 
қатысты болып келеді: 
І жақ (жекеше түрі) -
м, - им, -үм, - ум; 
(көпше түрі) -
миз, - имиз. 
ІІ жақ (жекеше түрі) -
иң, - уң; 
(сыпайы түрі) -
иңиз; 
(көпше түрі) 
кездеспейді. 
ІІІ жақ (жекеше түрі) -
и, - си; 
(көпше
 
түрі) -
и, -лари, - ләри 
«Тәварих-и мусиқиунда» зат есімдердің тәуелдік категориясында 
І жақ көптік жалғауы езулік -
миз, -имиз 
тұлғасында ғана кездеседі. Ескі 
ұйғыр тілінде жазылған басқа ескерткіштерде көп қолданылатын І жақ 
көпше түрінің -
биз
тұлғасы «Тәварих-и мусиқиун» тілінде мүлде 
қолданылмайды. ІІ жақ жекеше тұлғасы қазіргі тіліміздегідей ІІ жақ 
жекеше тұлға зат есімдерге -
иң, -уң, -үң 
жалғауларының жалғануы 
арқылы, ІІ жақтың сыпайы тұлғасы зат есімге -
иңиз 
жалғауының 
қосылуы арқылы жасалады. Ескі ұйғыр тілінде зат есімдердің ІІ жақ 
көпше түрі -
иңиз, -уңиз, -үңиз 
жалғаулары арқылы жасалған болса, 
қазіргі ұйғыр тілінде ІІ жақ көпше -
иңлар 
(варианттарымен) жалғауы 
арқылы өрнектеледі. Ескерткіште ескі ұйғыр тіліндегідей тәуелдіктің 
ІІІ жақ -
и, -си 
жекеше тұлғасы мен ІІІ жақтың -
лари, -ләри 
көпше 
тұлғасы қолданылады. Қазіргі ұйғыр тілінде тәуелдіктің ІІІ жағы 
жекеше және көпше түрі үшін -
и, -си 
жұмсалады. 


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет