Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Түркология, № 4, 2016 
particularities typical to Old Uyghur language. Research on grammatical categories of 
Nouns in «Tawarikh-i mussiqiyun» shows that starting from the second half of the ХІХ 
century transformation from literary traditions of Old Uyghur language to the norms of the 
modern Uyghur langauge occurs.
 
Keywords: 
Monument

language

grammatical category

«Chingiz-name», 
«Tawarikh-i mussiqiyun»
 
Түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері арасындағы 
жалғастық генеологиялық, типологиялық, ареалдық, функционалдық 
аспектілерде, жекелеген тілдердің, тілдік топтардың материалдары 
негізінде XІX ғ. бастап зерттеліп келеді. Түпнұсқада сақталып бүгінгі 
күнге жеткен тарихи жазба мұраларымыз сирек те болса кездеседі. 
Солардың ішінде ортағасыр жазба әдеби тілінің ескерткіштері – ХVІ 
ғасыр мұрасы «Шыңғыс-наме» және ХІХ ғасыр мұрасы «Тәварих-и 
мусиқиун» трактаты болып есептеледі. 
«Шыңғыс-наме» ескерткішін зерттеуде Қазақстан ғалымдарынан 
шығыстанушы В. П. Юдиннің еңбегі ерекше. В. П. Юдиннің еткен 
еңбегі негізінде Ю. Г. Баранова және М.Х. Әбусейітова қолжазбаның 
факсимиле, аударма және транскрипциясын алғаш рет 1992 жылы 
жариялады [1]. 2004-2006 жж. арналған «Мәдени мұра» атты 
мемлекеттік бағдарлама аясында Шығыстану институты Ұйғыртану 
орталығының 
лингвист-мамандары 
тарапынан 
«Шыңғыс-наме» 
ескерткішінің алғаш рет көрсеткіш-сөздігі түзіліп баспадан шықты [2]. 
«Шыңғыс-наме» ескерткіші тарихшы-ғалымдар зерттеулерінде біраз 
зерттелген болса, тілші мамандар тарапынан әлі зерттеу нысаны 
болмаған. Проза жанрында жазылған шығармалар мәтіні поэзия 
жанрында жазылған шығармалар мәтінінен тіл ерекшеліктері бойынша 
ерекшеленеді. Сондықтан «Шыңғыс-наме» ескерткіші ХVІ ғасыр түркі 
тілінің, «Тәварих-и мусиқиун» трактаты ХІХ ғасыр ұйғыр тілінің проза 
жанрында жазылған шығарма ретінде тіл білімінде жан-жақты 
зерттеуді талап етеді. Осы мақсатқа орай төменде «Шыңғыс-наме» 
және «Тәварих-и мусиқиун» ескерткіштерінің тіліндегі зат есімдердің 
грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктеріне тоқталамыз. 
Бұл ескерткіштер тілі орта ғасырлардағы жазба тіл мен қазіргі 
түркі тілдерін байланыстыратын маңызды саты болып табылады. 
Ескерткіштердің нақты морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу ескі 
түркі тілдері мен жаңа түркі тілдерінің тарихи байланысының 
қалыптасу, даму барысын анықтауда маңызы зор.
«Шыңғыс-наме» ескерткіші тілінде зат есімдердің көптік 
категориясы 
- лар, -ләр
жалғауларының көмегімен жасалады: Мысалы, 


61 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет