Жазба жұмыстары және оның түрлері


Жай сөйлем бойынша талдау



бет14/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
қазақ тілі

1. Жай сөйлем бойынша талдау
Жай сөйлем мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сөз тіркесі және олардың күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ескеріледі.Сөйлемнің ішінде бірыңғай мүшелердің болатындығы да ескеріледі. Жай сөйлемнің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздер де ескеріледі.
2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау
Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады. Және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп , мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады.
Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.
Синтаксистік талдау орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша, орындалу орнына қарай үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады:
1.Таңдалған сөйлемнің, мәтіннің логикасы дұрыс болу қажет;
2.Мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы тиіс;
3.Таңдалған материал оқушының біліміне сәйкес болу керек;
4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол болуы қажет.
Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары мынандай элементтерден тұрады:
1.Мәтін, сөйлем таңдалады.
2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады.
3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады.
4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері талданады; ә) құрамалас сөйлем компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет