Жазба коммуникациядағы орфографиялық ұстанымдардың түрлері мен типтері


р дыбысының түсіріліп айтылуы белгілі бір тайпа тіліне немесе жерге тән деп көрсетілмеген. Тек жеңілдік үшін р



бет9/10
Дата28.11.2023
өлшемі32,34 Kb.
#130894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 12

р дыбысының түсіріліп айтылуы белгілі бір тайпа тіліне немесе жерге тән деп көрсетілмеген. Тек жеңілдік үшін р дыбысын түсіріп айтады деп көрсеткен.
Сондай-ақ ұғыл (Сырым Датұғлы, т.б.), ұғры, ұлұғ секілді сөздер де ХХ ғасырдың басына дейінгі қазақ мәтіндерінде әріден келе жатқан дәстүрлі принцип бойынша таңбаланып жүрді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы латын графикасын 1929 жылы қабылдағанға дейінгі қазақ жазуында сақталған дәстүрлі-тарихи принциптің көріністері. Ал қазіргі қазақ жазуындағы дәстүрлі-тарихи принциптің көрінісі қандай?
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін жарияланған күллі шығармалардағы ортатүркі әдеби тілінің орфографиялық дәстүрінің сақталуы бірінші дәстүрлі-тарихи принциптен, екінші түпнұсқа (цитаталық) принциптен көрінді. Түпнұсқа принципі әліпбиі ұқсас болған жағдайда шеттілдік сөздердің графикалық нұсқасын сол күйінде жазу үшін пайдаланылады. Осы түпнұсқа принцип кейіннен кирилл жазуына көшкенде дәстүрлі-тарихи принциптің бір көрінісі ретінде қалыптасты. Мәселен еш, әм, дұшпан, Алла т.б. кірме сөздер араб жазулы қазақ шығармаларында түпнұсқадағы тұлғасымен таңбаланды: һеч, һәм, дұшман, Аллаһ. Бұлар жалпыхалықтық қолданысқа түсіп, сөйлеу тілінде игерілсе де қазіргі таңда БАҚ құралдарында һәм, һеш, Аллаһ сөздері актив қолданысқа ене бастағаны байқалады.
Қазақ тілінде дәстүрлі принциппен жазылатын сөздердің саны аз, бірақ жоқ емес. Дәстүрлі жазылымдардың түсіндірмесі тілдің тарихымен және орфография тарихымен байланысты қарастырылады. 1930-жылдары қазақ орфографиясының негізгі емле принципі фонетикалық деп танылғаны белгілі. Бұл принцип кірме сөздерді жазуда да негізге алынды. Сондықтан орыс тіліндегі самовар, ботинка, сумка сияқты сөздер тілдің ауызша каналы арқылы игеріліп самаурын, бәтіңке, сөмке түрінде жазылды. Бұл тәрізді сөздердің жазылым принципі қазіргі кезде дәстүрлі-тарихи деп айтуға болады. Себебі тіл дамуының белгілі бір кезеңінде қалыптасқан. Сонымен ХХ ғасырдың бас кезіндегі орыс сөздерін сындырып таңбалау үрдісінің жазба тілімізге енуі де дәстүрлі-тарихи принциптің көрінісі, латын графикасын қабылдағанға дейін бір де бір орыс сөзі орыс тіліндегі тұлғасымен таңбаланған емес. Қазіргі жазба тіліміздегі Еуропа, тауар, пойыз, зауыт т.б. сөздер сол кезеңдегі дәстүрлі принцип бойынша жазылып жүр.
Профессор Р.Сыздық дәстүрлі принцип тіл дамуының белгілі кезеңдерінде қалыптасқан орфограммалардың жазылуы дей отырып, осы күнгі қазақ тілінде интернационалдық сөздер (интертерминдер) деп аталып жүрген бөгде тілдік бірліктердің түбір тұлғасы орыс тіліндегі түрінде жазылуы қазақ тілінің не морфологиялық-фонематикалық, фонетикалық принципке жатпайды, яғни сөздің өзі (негізі түбірі) «орысша» жазылғанымен қазақ тілінің қосымшаларын фонетикалық принциппен қабылдайды. Демек, бұл жердегі орфограммалары осылайша жазудың дағдыға айналуы деп тануға болады. Араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздерде х, һ әріптерін жазуды да дәстүрлік деп тануға болады (хан, хана, мәшһүр, гауһар, қаһарман т.б.) деп көрсетеді ғалым. Сонымен қатар ғалым кейбір жалқы есімдердің (жер-су, адам, халық аттарының) айтылуынша фонетикалық принципке сүйеніп жазылуын, бір жағынан, тарихи-дәстүрлі принципке жатқызуға болады дейді. Сонда ғалымның бұл пайымдаулары арқылы дәстүрлі принциппен жазылатын сөздер біріншіден, тілдің ерте кезіндегі жазу дағдысына және сөздің айтылу мен жазылуын өзгертпей сақтап жазу, екіншіден, түсіндірмесі жоқ жазылымдарды жатқызуға болады.
Қорыта айтсақ, жалпы қазақ жазу-сызу нормасында екі түрлі қарама-қайшы үрдістің болғанын көруге болады. Біріншісі – жалпыхалықтық тілге тән дыбыстық, лексика-гарамматикалық ерекшеліктерді сақтап, қазақ ұлттық орфографиясын қалыптастыру. Екіншісі – дәстүрлі-тарихи норманы ұстану. Осы арқылы ортүркі жазба нормасындағы жазу белгілерін сақтап жазу. Соңғы үрдіс ХХ ғасырдың басына дейін мықты орын алып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет