Жазба коммуникациядағы орфографиялық ұстанымдардың түрлері мен типтері



бет3/10
Дата28.11.2023
өлшемі32,34 Kb.
#130894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 12

Фонетикалық принцип деп тілдегі сөздердің дыбыстық заңдарға сүйеніп айтылуы және естілуі бойынша жазылуы. Фонетикалық принципте сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы, дыбыстардың позициялық өзгерісі ескеріледі.
Қазақ тілінде фонетикалық принцип түрі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары және бірқатар жұрнақтар өздері жалғанатын сөздердің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай, ең соңғы дыбысының дауысты, қатаң-ұяң дауыссыз дыбыс болып келетініне қарай түрленіп жалғануы кезінде ескеріледі. Мысалы, халық+тар+дың, балдырған+дар+ды және т.б. Сонымен қатар аталған принцип түрі бірқатар біріккен (күрделі жалқы есімдер), кіріккен сөздерде негізге алынады. Сондай-ақ фонетикалық принцип ертеректе еніп, дыбысталуы жағынан қазақша «сындырылып» қалыптасқан кірме сөздерде (жалпы есімдер мен жалқы есімдер) негізге алынады. Бәрімізге белгілі ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс тілінен қазақ тіліне бірнеше мыңдаған сөздер енді. Аталған кезеңдегі емленің негізгі принципі фонетикалық болғандықтан орыс тілінен енген сөздердің көпшілігі қазақ тілінің айтылымы бойынша жазылды. Мұнда ауызша каналдың функциясының басымырақ болуы негізгі фактор болып, сөздердің дыбыстық жағынан өзгерген түрлері молынан қолданылды. Кірме сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңына бағынып, грамматикалық нормаларына сәйкестеліп, сөз жасау формаларына икемделді. Мысалы, самаурын, болыс, шәйнек, кереует, кәріс, неміс т.б. Сонымен қазақ тілі емлесінде фонетикалық принцип: біріншіден, төл және кірме сөздерге қосымшалардың жалғануында; екіншіден, кейбір біріккен және кіріккен сөздерде; үшіншіден, ертеректе енген кірме сөздерде қолданылады.
Фонематикалық принцип – белгілі бір фонеманың дыбыс түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу дегенді білдіреді.
Орфографияның фонемалық немесе фонематикалық принципі дыбыс типтерінің алмасуы жазуда таңбаланбайды деген қағидаға негізделеді. Әріптік таңба фонеманың күшті позициясындағы бейнесіне теңестіріледі. Ал сол сөздің жазылуы оның морфемаларын қоса есептегендегі фонемалық құрамын толықтай сипаттайды.
Орфографияда тілдің дыбыстық қабаты негізге алынып, фонетикалық өзгерістер негізге алынбай, сөздің дыбысталу мен жазылуы арасындағы қатынасты реттеу маңызды. Себебі фонологиялық жүйе айтылымға қарағанда әлдеқайда тұрақты. Ондай жағдайда орфография фонетикалық қызметін тоқтатып, фонематикалық қызметке ауысады, яғни фонеманың дыбыстық қызметіндегі кейбір өзгерістерді ескерместен, тілдің тек фонологиялық жүйесіндегі негізгі мәні бар мағыналық бөлшектер хатқа түсіруді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет