-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті нұсқаларының тек -лы, -лі түрі инвариант ретінде танылып, қалған фонетикалық варианттарын жазуда таңбаламау: құдіретлі, мінезлі т.б. Сондай-ақ сын есімнің сөз тудыратын -лық, -лік (-лұқ, -лүк)жұрнағы да: дұшманлық, бұзұқлұқ, т.б. Ал сөздерді бұлай таңбалау ауызекі сөйлеу тілінен алшақтатып көрсетеді.
ХХ ғасырдың басына дейін еді көмекшісінің ерді түрінде таңбалануы, шығыс септігінің -дын, -дін түрінде келіп отыруы да дәстүрлі-тарихи принципті сақтаудан туған: ханлықдын (хандықтың), мұндын (мұндан). Сонымен қатар, кейбір жекелеген лексикалық бірліктер де ХХ ғасырдың басына дейін дәстүрлі-тарихи принциппен таңбаланып келді. Мәселен, алғашқы қазақ газеттерінде, хан-би жарлықтары мен жеке тұлғалардың (Шоқан, т.б.) бір-бірімен жазысқан хаттарында, жырларда кездесетін сөзлешіб сөзі Күлтегін ескерткіші мен Құдатғу Білігте сөзлеш түрінде жиі кездесіп отыратыны белгілі.
Сонымен қатар, елу сан есімі де хан-би жарлықтарында еллі түрінде ғана таңбаланған. Бұл сан есім Орхон-Енисей және көне түркі жазба ескерткіштерінде еліг, Қашқари еңбегінде еллік, қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштерде еллі түрінде берілгені мәлім.
Илану етістігінің инану түрінде таңбалануы да дәстүрлі-тарихи принциптің басшылыққа алынғанынан деуге болады. Мысалы, Шалкиіз жырауда:
Ағынды сулар аймақ көл Тасыса төңбек келтіріп. Дұшпанға беліңді шешіп инанба Инантып тұрып өлтірер. Дәстүрлі-тарихи принциппен жазылған сөздердің қатарына бірлә (білән, білән) көмектес септік мәнін білдіретін шылауын жатқызамыз. Бұл сөз алаш зиялылары жазбаларында, ескі тілде жырлаған ақын-жыраулар тілінде, «Қазақ» газетінде, «Айқап» журналында бес түрлі вариантта берілген: бірлән, бірлә, билән, илән, илә. Ә.Ибатовтың пікірінше, бірле шылауы Х-ХІ ғғ. екі түрлі айтыла бастаған: бірле/біле. Ал М.Қашқари сөздігінде жалпы