50 Қазақ даласында алғаш қолөнер мектебін ашқан ұстаз: A) А.Байтұрсынов; B) С.Көбеев; C) С.Торайғыров; D) М.Нұрбаев; E) Ы.Алтынсарин.
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ:
№
1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
4-нұсқа
1
B
B
A
A
2
A
B
E
E
3
E
A
C
A
4
A
A
B
C
5
E
A
A
C
6
B
D
A
A
7
A
B
A
A
8
E
D
A
A
9
A
A
C
B
10
E
A
B
A
11
A
B
A
C
12
E
B
B
A
13
A
A
E
A
14
E
A
A
D
15
A
D
B
A
16
E
B
A
A
17
A
A
A
B
18
E
A
E
B
19
A
A
A
A
20
E
C
C
A
21
A
B
C
D
22
E
A
A
B
23
A
B
A
A
24
B
C
A
A
25
A
B
B
A
26
A
B
A
C
27
D
E
C
B
28
A
B
A
A
29
E
E
A
B
30
A
C
D
C
31
B
D
A
B
32
A
B
A
B
33
E
A
A
E
34
A
A
A
B
35
E
A
A
E
36
A
A
D
A
37
B
B
B
E
38
B
A
D
A
39
E
A
A
E
40
A
C
A
A
41
E
A
A
A
42
A
A
E
E
43
E
B
A
A
44
C
A
E
E
45
A
B
C
A
46
A
A
A
E
47
A
A
A
A
48
A
A
A
E
49
C
C
A
A
50
A
D
C
E
ГЛОССАРИЙ:
Арман-мұрат (идеал) – кемелдіктің жоғары деңгейі жинақталған тұлғаны қалыптастыру үдерісінің жалпы заңдылықтарын көрсететін әмбебап, кең құбылыс.
Ана тілі -белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл. Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді.
Әдет-ғұрып - белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Әндер – халықтың поэтикалық шығармашылығының күрделі формасы, сезім мен санаға ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы. Ол әлеуметтік-экономикалық жағдайға, тарихқа, тұрмыс-салтқа, моральдық-этикалық ережелердің заңдарына, халықтың еңбек нормаларына байланысты туған қоғамдық-әлеуметтік, азаматтық, моральдық-этикалық өмірдің, көне дәстүрлердің сақтаушысы және жанды куәсі болып табылатын жанр.
Бата беру –адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде қол жайып, бата беріледі.
Батырлар жырлары –ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.
Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрі. Басты қызметі – бесік тербелісіне ыңғайлы сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның санасына ұлттық тәрбие нәрін сіңіру.
Бесікке салу –нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Баланы бесікке бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген, қадірменді әйелге тапсырылады. Баланы бесікке салған соң бесік жыры айтылады.
Диаспора – (грек. - шашыраңқы) ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі. Диаспора күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экономикалық және географиялық фактордың әсерінен пайда болады. Диаспора әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.
Ертегі –тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беретін, әрі эстетикалық, әрі тәрбиелік қызмет атқаратын халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі.
Жаңылтпаш - халықтық шығармалар ішінде баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын кеңейту мақсатында ойлап шығарылған ауыз әдебиетінің бір түрі.
Жаһандану – ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. - әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт.
Жеті ата –қазақ халқының салт-дәстүріне тән адамның ата жағынан тегін тарату жүйесі.
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады.
Кемел адам – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла тағалаға арналады. Ол – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік.
Көптілді тұлға – өзінің мәдениеті арқылы басқа ұлттың мәдениетін меңгеруге бағытталған тұлға.
Көптілділік – нақты коммуникативтік жағдайдың әсерімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.
Қазақ отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Қазақэтнопедагогикасы – қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен әдіснамалық негіздеріне сүйенген педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі.
Қазақстан халқының Ассамблеясы – ұлтаралық тұтастық пен келісімді сақтауға үлес қосып, бейбітшіліктің үлгісі мен көпұлтты Қазақстан халықтардың рухани-мәдени қайта өркендеуіне ұйытқы болып отырған орган.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу.
Құндылық – объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді.
Мақал-мәтел – өмірдегі түрлі құбылыстарды жинақтап, ықшамдап беретін, бір немесе екі тармақтан тұратын халықтың бейнелі поэтикалық жанрының бір түрі, ғасырлар бойы қалыптасып, халықпен мәңгі бақи бірге жасап келе жатқан терең мазмұнды сөз мәйегі, ұлттық тәрбие құралы.
Мәдениет – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.).
Ою-өрнек – қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген өнердің бір түрі. Ою-өрнек негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй-іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған.
Салт-дәстүр –әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.