Халықтық тәрбие – объекті заңдылық, халықтың өмірі, халық педагогикасының мақсаттарымен байланысты ұрпақтарды қамтамасыз ету.
Шежіре – (арабша - шаджарат – бұтақ, тармақ) тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру-тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре барлық халықтарда кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама дейді.
Этнология –(грек. тайпа, халық және ғылым, ілім сөздерінен) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді
Этномәдениет– тегі, антропологиялық ерекшеліктері, діні, салт-дәстүрі жағынан ортақ белгілі бір этникалық топтың құндылықтарына негізделген мәдениет.
Этномәдени білім беру – бұл тұлғаның ұлттық мәдениетті және тілдің сәйкестігін, этникалық топтардың өзіндік тұрмысын сақтауға және бір мезгілде басқа мәдениетті меңгеруге бағдарланған білім беру үлгісі.
Этнос (халық),этникалық қауымдастық – (гректің тайпа, халық деген сөзінен), бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Кең мағынада "этнос" ұғымы барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Этностық идентификация -әр адамның этностық топтағы басқа бір адаммен бірігуде эмоциялық қатынастың процесі. Этностық идентификация адамның өзін сол немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы, оның өзгеше қасиеттеріне, мәдениетіне, тіліне, тарихи өткен өміріне тән «біз» бейнесінің көрінісі.
Этнопедагогика – этникалық топтардың балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі эмпирикалық тәжірибесі мен отбасының, рудың, тайпаның, халықтық адамгершілік-этикалық және эстетикалық көзқарастары туралы ғылым. Этнопедагогикалық мәдениет – бұл этнопедагогикалық білім, адамзаттық қатынас пен үлгі, танымдық және тәрбиелік маңызы бар: бесік және бесік жырлары, балалар киімі, қоғамдық тәрбиешілер, спорттық және басқа жарыстар, дәстүрлі балалар мерекелері, ақыл-кеңестер, өсиеттер мен тыйымдар, тәрбие, балалар киімі, ойындық әндер, балалардың еңбек құралдары туралы көзқарастар жиынтығы, балалар фольклоры, ойыншықтар, балалар тағамы, балалар еңбегі және қозғалмалы ойындар.