Жазықова М.Қ. Этнопедагогика



бет58/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін 70 күн өткен соң болады. Ислам дінін бүкіл араб елдеріне таратушы Мұхаммед. Ол 570 жылы Мекке қаласында туып, өмір сүреді. Мұхаммед 622 жылы Меккеден басқа дінді қабылдаушылардан қуғын көріп, қашып шығып, Медина қаласына келеді. Ол бір қүдайға құлшылық етіп сенуші мұсылмандарды Медина қаласы маңына жинап, Омар, Осман, Әли Бәкір, Әбу Талиб сияқты Әділ Халифтердің көмегімен бүкіл араб елдерінің басын біріктіреді. Ясрит арабтары Мұхаммедті “Пайғамбар құдайдың жердегі өкілі” деп танып, көктен түсірілген “құдай сүрелердің” жиынтық кітабы (Мұхаммедтің айтуы бойынша жазылған) Құранды қасиетті дін заңы ретінде қабылдаған. Бұл күн арабтардың жыл санауы бойынша 622 жылғы шілде айының 16-сына келеді. Яғни мұсылмандар Мұхаммед дінін шын мойындаған күні құрметіне мал сойып, құдай жолына құрбандық шалатын болған. Міне, құрбан айты 14 ғасыр бойы бүкіл мұсылман елдерінде жыл сайын мейрамдалатын діни мейрам ретінде аталып өтіп келеді. Құрбан айт таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады.
Діни мейрамдардың тағы бір түрі – Қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора-жосындары бар. Жыл сайын дүние жүзінің мұсылмандары араб айының жылнамасының он екінші зул-хижжа айында Ислам дінінің шыққан жері Меккеге барып, қажылық жасайды. Мекке шаһарында қасиетті мешіт бар. Оның дәл ортасында төрт бұрышты ғимарат тұр. Оны арабтар сыртқы пішініне байланысты “қағба” деп атаған, яғни текше деген сөз. Қағба қара жібек матамен жабылған. Ол матаға алтын әріппен құран аяттары жазылған. Бұл мата Мысырда тоқылған. Қағбаның оңтүстік-батыс бұрышында Алла-тағала өзінің құдіреті мен шапағатын адамдарға білдіру үшін аспаннан түсірілген “қара тас” бар. Қағбаның жанында минералды қайнар бұлақ ағады. Меккеге барғандар осы бұлақтың суын торсыққа құйып, ішіне күміс салып, елге әкеліп, ауылдың үлкен-кішісіне бір қасықтан үлестіріп дәм таттыратын болған. Меккеге қажылыққа барушы мұсылман үстіне ақ киім - ихрамды киіп, алдымен қағбаны жеті рет айналады. Сонан соң Сафа төбешігінен Мәруа төбешігіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Оны сағи деп атайды. Одан кейін Арафат тауына шығады. Содан соң Меккенің сыртындағы Мін деген жылға өзекте мал сойып, құрбандық шалады. Малдың қан-жынынан басқасын түгел асып пісіріп, аш-арыққа, кәріп-кәсерлерге үлестіріп береді. Оларға қайыр-садақа да үлестіреді. Міне, осы дәстүрді орындаған мұсылман қажы атанады. Қажылар Медина шаһарындағы Мұхаммед пайғамбардың зиратына барып, дұға оқиды. Қажылық құрбан айт мейрамымен аяқталады.
Отбасылық мерекелер мен тойлардың ең көп тараған түрі - дәстүрлі үйлену тойы. Қазақтың үйлену той рәсімі құдалық салтымен басталады. Келісіп болғаннан кейін күйеу балаға “жасырын” түрде қалыңдықты көруге рұқсат етіледі. Оның ең бірінші қалыңдыққа баруы, қалыңдықтың ағасы немесе тумасының үйінде әке-шешесінен жасырын болған. Ал екінші қатысу ашық түрде болды, оның “қалыңдық ойнау” деген аты болды.
Қыз ұзату тойы барысында ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі, жар-жар айтылады. Қыз аттанарда «сыңсу» айтады. Келін түсіру тойында алдымен «Беташар» айтылады.
Шілдехана тойы бала дүниеге келген күні кешке өтеді. Бұл күні ауыл жастары таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады. Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді. Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысады. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті. Бесік тойы баланың кіндігі түскен соң бес күннен кейін жасалады. Тұсау кесер тойы сәби жүре бастаған кезде «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен жасалады. Тілашар тойы бүлдіршіннің тілі жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде жасалған, ал қазіргі уақытта бұл той бала мектеп есігін ашар алдында жасалады. Атқа мінгізу тойы баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде жасалады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша үлкендер ер балаларды 5-7 жасқа келгенде сүндетке отырғызып, Сүндет тойын өткізген. Тойдың өтетін күні алдын-ала белгіленеді. Тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Оның бауырсақ пен кәмпит толтырылған қоржынынан ат басын тіреген үй иесі дәм татады да, түсті матаны жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды. Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар «Сүндетің қабыл болсын!» деп, балаға сыйлықтарын ұсынады. Тоқым қағар тойы, әдетте, бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
Халықтық білімнің бүгінгі күнге жеткен келесі түрі – ұлттық өнер (сәндік-қолданбалы, музыкалық, өнер, спорт, шешендік өнер). Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазіргі уақытта ұлттық өнеріміздің сәндік-қолданбалы, музыкалық, өнер, спорт, шешендік өнер сияқты түрлері кең дамыған. Соның ішінде халық өмірінде сәндік-қолданбалы өнердің алатын орны ерекше. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы жоғары, көркем жасалған көркем туындыны айтады. Қазақ жерінде қолөнер туындылары ХУ ғасырдан бастап дамыған. Сәндік қолданбалы өнерге тоқыма, жүн бұйымдары, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, қыштан, сүйектен, саздан жасалған бұйымдар жатқызылады. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, құрал-саймандар, киім-кешектер жасайды.
Қазақ халқының рухани мəдениетінің етене саласы - музыка өнері. Қазақтарда жеке əн салу мен аспапты жеке тарту кең тараған. Шығармалардың негізгі түрлері əн мен күй болған. Əн мен күй халық өмірінің барлық салаларымен етене аралас болды. Той-думан əн-күймен басталды, ақсақалдар кеңестерінің алдында, жайлауға көшу мен қыстауға қайтып оралу да əн-күймен атап өтіліп отырған. Əйелдер үй тігіп, мал сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып, балаларын тербете отырып, бесік жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған отбасын жұбататын көңіл айту, қуаныш хабарға сүйініп сүйінші сұрап, құттықтау дəстүрі де өлеңмен айтылған. Музыкалық туындылар мазмұны мен құрылымы жағынан əр алуан болған. Тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын əндер, сондай-ақ балалар əндері, бесік жыры қысқалылығымен, əсерлілігімен ерекшеленеді. Бұларды жұрттың бəрі айтатын болған. Ал лирикалық, əлеуметтік тақырыптарға, тарихи, эпикалық жəне аңыздық сюжеттерге шығарылған əндер мен күйлердің əуендері ырғақты қайырмалы, формалары күрделі болып келген. Оларды танымал дарындар айтатын болған. Орындайтын шығармаларының тақырыптарына қарай “ақын”, “жырау”, “əнші”, “ күйші”, “ертекші” деп атаған. Кəсіби музыкалық өнерпаздардың дарындылығы көпшілік алдындағы арнайы айтыстарда көрінген. Мұндай музыкалық-поэзиялық жарыстар тойларда, жайлауға көшуге байланысты, қыз ұзатқан кезде жəне басқа да отбасылық қуаныштарға орай өтіп отырған. Аса көрнекті ақындардың есіміне “сал”, “сері” деген құрметті атақтар қосылып айтылған. ХVIII ғасырда əншілердің, аспаптарда ойнаушылардың, ақындардың шығармашылық-орындаушылық шеберлігі барынша дамыды. Осы ғасырдағы тарихи оқиғалар қазақтың музыкалық өнер туындыларынан да орын алды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының арасында аса белгілілері “Қаратаудың шертпесі”, “Қалмақ биі”, “Беласар”, “Абылайдың қара жоғасы”, “Кеңес,” т.б. күйлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет