Күтіп-баптау жұмысына күрішті үстеп қоректендіру жатады. Қүріш егістігін суару негізінен егістіктің арамшөптермен (күрмек) ластануына және топырақтық сортаңдануына тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтар тұқым себіліп бітісімен 2-3 күн ішінде атызға 3-5 см деңгейінде су жіберіледі. Күріш түптенгеннен кейін су деңгейі 12-15 см-ге дейін көтеріледі.
Арамшөптерден таза, сортаңданбаған егістікте суды көп ұстамай, топырақты ылғалдандырған жөн. Күріштің, үшінші жапырағы пайда болысымен, атыздарға жіберілген су биіктігі жапырақтың, 1/4 ұзындығынан аспауға тиіс. Түптенудің басында суаруды тоқтатып, үстеме қорек беріледі де су деңгейі 3-5 см-ге төмендетіледі, артынан дәннің сүттеніп пісуіне дейін су деңгейі 12-15 см-ге дейін көтеріледі.
Егістікте күрмек арамшөбі көбейіп кетсе, атыздағы су деңгейі арамшөптен 5-6 см, керек жағдайда 20 см жоғары болуы тиіс. Арамшөптер өлгеннен кейін су деңгейі 3-5 см-ге қайта төмендетіледі.
Күріш егістігіндегі бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерді жою үшін себер алдында, сепкеннен кейін және көктеу кезінде тиген жеріне әсер ететін және жүйелі гербицидтер қолданылады.
Себер алдында (себуге 2-3 күн қалғанда) ялан, ордрам (4-7 кг/га) немесе сатурн (4-5 кг/га) қолданылады, бұл гербицидтерді жерге жеңіл тырмалармен жедел сіңіру қажет, өйткені олар тез буланып өзінің күшін жоюы мүмкін.
Көп жылдық арамшөптерді құрту үшін өсімдіктің толық түптену кезеңінде 2,4-Д тобынан 40% амин тұзын (1,2-2,0 л/га), 2М-4Х (1,0-1,5 л/га), базагран қолданылады. Бұл, жүйелі гербицидтер тобы арамшөптердің жер бетіндегі мүшелеріне ғана емес, тамыр жүйесіне де әсер етіп оларды толық жойып жіберуге мүмкіншілік береді.
Жүйелі гербицидтермен күрішті көктегеннен түптену кезеңі басталғанға дейін өңдеуге болмайды, өйткені күріштің өзі зақымданады. Оңтайлы өңдеу мезгілі: күріштің түптену кезеңінде, сабақтану кезеңі басталғанға дейін, ал арамшөптер-түйнекөлеңнің 8-10 жапырағы, бақажапырақ алисманың, жебежапырақтың майда жапырақтары пайда болғанда. Гербицидтер енгізгенде судың тереңдігі 7-10 см болуы керек.
Күріш егістігінде ең ерте пайдаланатын гербицид-базагран. Бұл селективті гербицид күрішті қай кезеңде болсын зақымдамайды. Балдырларды жою үшін суға, гектарына 0,5-1,0 кг мөлшерінде тотыяйын қосып суарады. Ол үшін су жіберетін арықтың басына тотыяйынды мәрліге орап байлап қояды, сонда тотыяйын суда біркелкі ериді. Балдырлар тым көбейіп кетсе егістіктің суын 7-8 күнге ағызып жіберіп топырақ беті кептіріледі. Балдырларды жою үшін суға, гектарына 0,5-1,0 кг мөлшерінде тотыяйын қосып суарады. Ол үшін су жіберетін арықтың басына тотыяйынды мәрліге орап байлап қояды, сонда тотыяйын суда біркелкі ериді. Балдырлар тым көбейіп кетсе егістіктің суын 7-8 күнге ағызып жіберіп топырақ беті кептіріледі [8].