Жеке тапсырма



бет2/12
Дата03.10.2023
өлшемі432 Kb.
#112829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
жеке тапсырма

Жобалық жұмыстың мақсаты: «Жаңатұрмыс и К шаруақожалығында» күріш өсіру технологиясын зерттеу
Жобалық жұмыстың міндеттері:

  • дақылдардың морфо-биологиялық ерекшеліктерін және сыртқы орта факторларына қойылатын талаптарын зерттеу;

  • шаруашылықтың агроклиматтық жағдайларын және аудандастырылған сорттарын зерттеу;

  • күріш өсіру технологиясының ерекшеліктерін зерттеу.

1 Әдебиетке шолу
1.1 Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы

Күріш көп таралған тағамдық дақыл. Жер шарында азық үшін еглетін дәнді дақылдар ішінде ол өзінің егіс көлемі Күріш дәннен крахмал, спирт және фармацепттік препараттар – фитин, В дәрумені алынады. Қауызынан химиялық зауыттарда азықтық ашытқылар мен фурфорол жасап шығарылады. Оның сабанын жоғары сортты қағаздар,картон,бас киім,жіп,себет және басқа да заттар жасауға пайдаланылады. Мал шаруашылығында сабаны жем және төсеніш болады.


Дәнді астықтардың ішінде – күріш ең көп өнім беретін және мүмкіншілігі мол дақылдардың бірі. Мысалы, Ы.Жақаевтың әр гектардан 171 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасауы соның айқын дәлелі. Елімізде күріштің орташа өнімі гектарына 40-45 ц төңірегінде, және ол Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында өсіріледі.
Сoнымен қaтap күpiш Aзиядaғы 2,5 млрд. aдaмдаpдың жәнe жүздeгeн миллиoн бaсқa дa кoнтинeнттepдeгi хaлықтapдың мaңызды өнiмi бoлып тaбылaды. Aдaмдaрдың жapтысынaн көбi өмiр сүpетiн 21 eлдeгi хaлықтapдың бaйлығы мeн дeнсaулығының 75% осы күрішке байланысты болып келеді. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу, 7,6% ақуыз және 0,4% май болады. Ол қоректілігі жоғары, дәмі жақсы, жеңіл қорытылатындықтан диеталық, әсіресе балалар тағамы ретінде кеңінен пайдаланылады. Азық-түлік теңгерімінде дәнді дақылдар арасында күріш бірінші кезекте тұрады. Күріштің әлемдегі егіс көлемі 150 млн. га, орташа өнімділігі 32 ц/га құрайды. Әлемде күріш сұранысы жыл сайын артуда, айрықша үлкен қажеттілік дамыған елдерде жоғары. FAO (Aзық-түлiк жәнe aуыл шaруaшылығы ұйымы) мәлiмeттeрi бoйыншa күрiш 112 eлдe өсрiлeдi. Дeгeнмeн eлдеp aрaсындaғы күрiш өнiмдiлiгi 0,8 тоннaдaн 6,7 тoннaғa дейін aуытқып отыpуымeн eрeкшeлeнeдi. Әлeуeттi өнiмiілiккe (6 т/га) АҚШ, Корей, Жапония, Австралия, соңғы жылдары Ресей де қол жеткізген. Колумбия, Қытай, Франция, Италия, Испания да осы деңгейге жақындауда. Қазақстан күріш өсіретін ең солтүстік аймаққа жатқанымен күріш өнімділігі орташа (3-4 т/га) құрайтын елдер қатарына кіреді. Күріш өнімділігінің жоғарылауы жаңа интенсивті типті сорттардың өндіріске енгізілуіне және күріш шаруашылығына инновациялық технологиялардың қарқынды қолданылуына байланысты [1].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет