Жеке тапсырма


Дақылдың өсіру технологиясы



бет5/12
Дата03.10.2023
өлшемі432 Kb.
#112829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 Дақылдың өсіру технологиясы

Күріш əртүрлі топырақ-климат жағдайларында жəне судың қамтамасыз етілуі түрлі жағдайларда өседі. Оның өсімдігінің ерекше ауалы ұлпасы – аэренхима бар, сол арқылы шектен тыс ылғалданған жағдайда тамырды оттегімен қамтамасыз етіледі. Осы қасиетімен күріш басқа астық дақылдарынан ерекшеленеді. Ол ылғалды тропикалық, сондай-ақ қоңыржай жылы климатты жартылай құрғақ аудандарда, ауыр сазды жəне кедей құмды топырақтарда өсіріледі.


Күріш құрғақ далалар мен суға бастырылған жерлерде, тұщы жəне ащы суда да өсе алады. Оның кең бейімделушілігі сорттардың көп мөлшерде болуымен түсіндіріледі. Мысалы Үндістанда бұл дақылдың 5 мыңнан астам өсірілетін сорттары тіркелген. Филиппинде орналасқан Халықаралық күріш ғылыми зерттеу институтында (IRRI) күріш сорттары, формалары мен түрлерінің 100 мыңнан аса үлгіден тұратын коллекциясы бар. Практикалық тұрғыдан кез келген жағдай үшін жылу, күн сəулесі мен судың жеткілікті мөлшері болса, күріштің сай келетін сортын таңдап алуға болады. Күріш 13 муссондық климат жағдайында дақыл ретінде қалыптасқан, сондықтан да тропика жағдайы үшін ол таптырмас өсімдік болып табылады. Басқа дəнді дақылдар топырақтың ұзақ уақыт шектен тыс ылғалдануы мен суға бастырылуын, мол жаңбыры мен өсімдіктерге зиян келтіретін саңырауқұлақ ауруларын көтере алмайды. Əлемде күріш өсірудің екі технологиясы қолданылады: көшетеп егу жəне тікелей себу. Тікелей себу технологиясы кезінде күрішті суға немесе құрғақ топыраққа себеді.
Күріш өсірудің тікелей себу технологиясы қоңыржай климатты аймақтарда қолданылады (Австралия, АҚШ, Еуропа елдері мен бұрынғы КСРО). Мұнда күріш пен басқа ауыспалы дақылдарды өсіру кезінде машинаны қолдануды есепке ала отырып, күріш схемалары құрылған. Бұл елдерде топырақты өңдеу мен жоспарлау топырақ құрғақ күйінде жүзеге асырылады. Технологияда ерекшеліктер де байқалады, Австралия мен АҚШ-та жоспарлаудан соң минералды тыңайтқыштар мен түйіршіктелген гербицидтер ендіреді де, судың минимальды деңгейімен суарып, себуді арнайы миниұшақтармен жүргізеді. Көшеттік технологияны негізінен Азия мемлекеттерінде, кейбір Африка мен Оңтүстік Америка елдерінде қолданады. Ең алдымен күрішті арнайы жылыжайларда өсіріп алып, түптену фазасы алдында қол күші арқылы күріш өскіндерін егістікке отырғызады.
Өсірудің ұзақ тарихының нəтижесінде əртүрлі климаттық жағдайларға байланысты топыраққа бейімделген, азықтық артықшылықтары бар көптеген күріш сорттары пайда болды. Күріш барлық елдердің тағам мəзірінде қолданылады. Азия, Африка жəне Латын Америка халықтары үшін ол ең маңызды азық-түлік түрі болып табылады. Əртүрлі ел бойынша күрішті тұтыну көлемі айтарлықтай ерекшеленеді. Күріш өндіруші елдердің арасындағы ең жетекші елдер Қытай жəне Индия болып табылады [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет