Жеке тапсырма



бет7/12
Дата03.10.2023
өлшемі432 Kb.
#112829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
жеке тапсырма

2.2 Егу алдындағы өңдеу


Күріш дақылын өсіруде кездесетін өзіндік ерекшеліктерге сай, егіс алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарына (топырақтың құрылысы мен құрылымына) байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Күріш егілген танаптар ұзақ уақыт бойы (95-110 күн) су астында жатады. Соның салдарынан топырақта физикалық-химиялық және микробиологиялық процестердің тиімді өтуіне қолайсыз жағдайлар туады, сондай-ақ, күріш дақылы үшін зиянды қоспалар (күкіртті сутегі, қанықпаған темір тотығы және тағы басқа) пайда болады да, анаэробты процестер жүреді. Осы жағдайларды болдырмау және тоң кесектерді майдалап, арам шөптер мен зиянкестерді құртып-жою үшін ең тиімді шара – топырақты жоғары сапада және (топырақтың физикалық пісу кезеңдерінде) дер кезінде өңдеу болып табылады. Күріш топырағын егіске дайындау жүйесі негізгі және тұқым себералды өңдеу жұмыстарынан тұрады. Алғы дақылды жинап болысымен топырақты сүдігерге тұрықты (ПЛН-5-35, ПЛН-8-35) соқалармен жыртады.
Сүдігерге жырту негізінен қазан айынан кешеуілдемеуі керек. Кеш жыртылған жағдайда сүдігердің сапасы нашарлап кетеді. Күрмек тектес арамшөптермен күресте 2527 см тереңдікте аудара жыртқан сүдігер тиімді болып табылады. Ал батпақты жерде өсетін арам шөптерге қарсы, топырақты 12-14 см тереңдікте жырту қажет. Көпжылдық шөптер ұлтанын өңдеуді, көктемде бірінші орымнан кейін немесе өсімдік биіктігі 8-10 см жеткен кезде, күрішті егер алдында бастаған қолайлы. Бұл жағдайда топырақ құнарлығын көп жыл бойы тиімді пайдалану үшін жерді жұқалап жыртудан, бірте-бірте тереңдетіп жыртуға көшу керек. Көпжылдық шөптер ұлтанын көктемде 18-20 см, ал екінші және үшінші жылдары күріш өнімін жинап болған соң, тиісінше 22-24 және 23-27 см тереңдіктерге аудара жыртады.
Еліміздің күріш өсіретін аймақтар бойынша күріш тұқымын себудің қолайлы мерзімі топырақтың жырту қабатындағы температура 10-15 градус жылылыққа жеткенде, яғни ол аймақтар бойынша төмендегідей мерзімдерге сәйкес келуі мүмкін. Атап айтқанда: оңтүстік аймақта сәуірдің 15-нен 5-ші мамырға дейін, орталық аймақта – мамырдың 1-нен 20-на дейін, ал солтүстік аймақта мамырдың 10-нан 30-на дейінгі аралықта болады [6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет