Сөрелікқозғалыс. Бірінші адым кезінде артқы аяқтың табаны сөре сызығын өте төмен аттап табанының ұшына қойылады. Алдыңғы аяқтың серпілуі аяқталғанда дене мен бас бір сызықта болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта зор күшпен серпілуі мәрелік қозғалысты үдетуге көмектеседі. Адымның ұзындығы 40 метр жерге өсіп отыруы қажет, осы кезде қолдың жедел қимылы тез қозғалуға әсері етеді. Адым ұзындығының
өсуіне қарай жылдамдықта артуы қажет. Жылдамдықтың өсуі арқылы дене бірте-бірте түзеле береді. Денені ертерек түзету сөре қозғалысының жылдамдығын баяулатады.
Қашықтық бойымен жүгіру.Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты - адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқ жиілігінің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді, адым жиілігі шаршаған сайын төмендей береді. Жеделдікті ұзақ сақтаудың бірден бір кепілдемесі денені бос ұстап, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді. (Жүгірушінің қозғалыс техникасын бейне оқу фильмдерді талдау арқылы сипаттама беріледі).
Жүгіру әдісін талдауды жүгіруші тік қалыпта тұрғанда жасау керек. Итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын, осы кезде сермейтін аяқ сирақ буынынан бүгіліп, тез алға қозғалып итеретін аяқтың зор күшпен жазылуына әсерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір деңгейге дейін көтеріліп, бел сәл иіліп, жамбас алға қарай, дене керекті бағытқа бағытталып, тік, бос ұсталады. Көз қиығы да алға бағытталады. Итеру кезеңі аяқталғаннан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ сирақ буынынан бүгіліп, төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмытылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтінаяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынның толық жазылуына кедергі болмауы керек, сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады. Сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады. Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әр түрлі өзгереді.
Ұшу бөлігі кезінде жамбас жедел бір-біріне жақындатылып отырады. Итерілген аяқ күш қуатына байланысты артқа жоғары қозғалады. Аяқ жолға табанмен қойылған кезде кедергі күштердің бәсеңдеуіне әсер етеді. Спринттік жүгіруде табанды тік, алға, бір бағытта қоюды талап етеді. Табан сырт жаққа
бұрылып қойылса,серпілу нашарлайды.Оң аяқ пен сол аяқтың жүгіру адымы жүгіру кезінде бірдей емес. Cпринтерлік жүгіруде қолдың қозғалысы тез және қуатты.Шынтақ буыннан бүгілген қолдың бұрышы шамамен 90 градус.Саусақтарды босаңқы, сығылмай үстайды. Қолдар бір келкі қозғалады, алға қимылдағанда қол сәл ішке қарай, ал артқа қозғалғанда сырт жаққа бағытталады.Қол белсенді қозғалғанда иықты көтеру ол сығылып жүгірудің бірінші көрінісі.
Мәре. Ара қашықтық аяқталар кезде жоғарғы жылдамдықты ұстауға күш салу абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп, мәре сызығынан жүгіріп өту қажет, ал егерде бірнеше адым қалғанда спортшы секіріп өтетін болса, тепе-теңдікті жоғалтып, кей жағдайда құлап қалуыда ықтимал, жылдамдық өсудің орнына төмендейді. Жүгіруші мәреге қатар жеткен кезде, тең сайыста еңкеюдің немесе иықты бұрудың маңызы зор. Осындай қозғалыс көбінесе спортшыны жеңіске жеткізеді Спринтерлік жүгіруде жылдамдықтың физиологиялық қалыптасуын қарастырайық.Жүгірушінің шеберлігіне және жасына қарамастан 1ші секөнтте 55%.2-шіде 75%.ал 3-шіде 91%. Ал 4-де 95%. 5-де 99%,ал 6-да 100%.