Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы (7-прак)



бет15/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы (7-прак)

Қысқа қашықтыққа жүгіру немесе спринт: 60, 100, 200, 400 метр. Англияда, АҚШ-та, Австралияда және кейбір басқа мемлекеттерде спринт бойынша жарыс: 60, 100, 220, 440 ярдта өткізіледі. Ярд пен метр арасындағы айырмашылық төмендегідей белгіленеді:


100 ярд = 91,44 м; 100 м =109,36 ярд;(+0,9с).
220 ярд = 201,17 м; 200 м =218,72 ярд; (-0,1с).
440ярд = 402,34 м: 400 м = 437,44 ярд; (-0,3с).
Егер спортшы 100 ярдты 9,2 с жүгірген болса, онда желаяқ 100 м есептегенде (9,2 +0,9) =10,1 с.
Қысқа қашықтыққа жүгіру тарихы ежелгі Олимпиада ойындарынан бастау алады.
Стадияға (192,27м) және екі стадияға жүгіру гректерде өте әйгілі болған. Сонымен қатар ежелгі атлеттер тек жоғарғы сөреден ғана емес, төменгі сөреден де шыққан. Төменгі сөреде ерекше мрамор немесе тас плиталарын қолданған.
Ең алғаш жеңіл атлетика Америкада пайда болғанда. қысқа қашықтыққа жүгіруде еркін сөре қолданған. Бірте-бірте жоғары сөреден шығуға қол жеткізді. Біздің уақыттағы І Олимпиадада алғаш рет Т. Берк ресми жарыста төменгі сөреден шығуды көрсетті, дегенмен, 1887 жылы әйгілі американдық жаттықтырушы Мерфи мен оның отандасы Шерилл екеуі сынап көрген еді.ХХ ғасырдың 30 жылдары пайда болған сөрелік колодкалар төменгі сөрені іске асырды.
Қысқа қашықтыққа жүгіру жеңіл атлетиканың басқа түрлеріне қарағанда әйелдерге қатысуға болатын жеңілдеу түрі деп қаралған .Олимпиадалық ойындарға 1928 жылы қосылды.
Ресейде спринтерлік жүгіру кейінірек тарады. Алғаш рет Ресейде ресми жарыс болып 1897 жылы өткізілді, онда: 300 футқа жүгіру (91,5 м); 188,5 сажения (401,5 м) жүгіру енгізілді.
Қысқа қашықтыққа жүгіру – жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері:100 м, 200 м, 400 м; Эстафеталық жүгіріс 4x100, 4x400 метрлік болып келеді.
Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүгіру кезінде кейбір қашықтық аралығында әйелдер 11,6 м/с жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с. Бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашықтыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады:

  • сөре (жүгірудің басталуы)

  • сөрелік қозғалыс ( старттық қозғалыс)

  • қашықтық бойымен жүгіру

  • мәре (финиш)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет