Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет16/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Аласа сөре. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданады, оның көлемі әр түрлі болады.
Алдыңғы тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45°- 50°. Жарыс тәртібі бойынша әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 50° - 60° дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді:

  1. әдеттегі сөреде алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті сирақ ұзындығы мөлшерінде.

  2. Таяу сөре кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан таяу қойылады.


  1. Созылмалы түрінде сөре сызығынан 2-2,5 табан, ал артқы аяқ тірегіш 1-1,5 табан қойылады

Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы спортшының бойына және тірегіштің арақашықтығана байланысты.Тірегіштің дұрыс қойылуы, старттан дұрыс шығудың бірден бір кепілдемесі.



  1. сурет. Аяқ тірегіштің түрлері






  1. сурет. Сөрелік аяқ тірегіштің орналасуы.а)әдеттегі; ә) таяу; б)созылмалы.

«Сөреге!» деген бұйрық берілгеннен кейін жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяқтың табанын алдыңғы тірегішіне қояды. Содан кейін жүрелеп отырып екінші аяқ табанын артқы тірегішіне қояды. Артқы аяқтың тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды. Иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге тірейді. Үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы, ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып қойылады. Бұл кезде иық тура сөре сызығы үстінде сәл ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет.


«Дайындал!» бұйрығы берілгеннен кейін артқы тізені жерден көтеріп, денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау керек. Дененің ауырлық күші алдыңғы тіреуіштен аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұруы керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, сөре сызығының қозғалысына аударуы керек, дыбыс берілгеннен кейін жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырып, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды, одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі спринтшілерге мынандай 32° - 44° (В. Борзов, Э. Фигорола, К. Льююис), ал төмен разрядты желаяқтарда 60° - 65°. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.





  1. сурет.Бұйрық берілгеннен кейінгі қалып: а)сөреге; б) дайындал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет