Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет19/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
110 метр кедергіден жүгіру

Жүгіру тұрақты түрде мына дистанцияда жүргізіледі: Ерлер 110; 400 м.


Әйелдер 100; 400 м.
Әрбір жекелеген жолда он кедергі болу керек, олар төмендегі кестеде көрсетілгендей қойылады:


Ерлер

Дистанция,м

Кедергі биіктігі

Сөре сызығынан кейінгі бірінші
кедергі

Кедергі араларының қашықтығы

Ақырғы кедергіден мәреге дейінгі
аралық

110

1,067

13,72

9,14

14,02

400

0,914

45,00

35,05

40,00




Әйелдер



100

0,840

13,00

8,50

10,50

400

0,762

45,00

35,00

40,00




  1. Кедергінің ұзындығы - 1,20 м. Жалпы салмағы ең аз дегенде 10 кг.

  2. Жоғарғы белдеменің ені – 70 мм., қалындығы - 10-25 мм. дейін, жоғарғы жағы дөңгеленген.


  1. Барлық арақашықтықта жүгіру жекелеген жолда өтеді, әрбір қатысушы дистанцияның аяғына дейін өз жолымен жүгіреді.

  2. Жарысқа қатысушы аяғын немесе табанын кедергіден тыс жерге қойса, кедергіні қолымен, аяғымен әдейі құлатса, жарыстан босатылады.

110 метр қашықтыққа кедергілерден жүгіру.
Кедергі қойылған 110 м дистанцияны спортшы 51-52 адыммен жүгіріп, бірінші кедергіге дейін кедергі арасын 27адым; кедергіден өткенде кедергі адымы мәре бөлігіне дейін 6-7 адыммен жүгіріп өтеді.
Сөре және сөрелік қозғалыс. Жүгіру аласа сөреден басталады, жүгіруде сөрелік аяқ тірегіш қолданылады. Кедергіден жүгіру аласа старттан жай жүгіруге қарағанда едәуір қиын: кедергіден жүгіруші белгіленген арақашықтықта (13,72м) ең жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп, бірінші кедергіні нәтижелі өтуі қажет. Сөрелік қозғалыстың бірінші адымында кедергіден жүгіруші жай жүгірушіге қарағанда ертерек көтеріледі: дистанцияның 8-10 метрінде ол оңтайлы жүгіру қалпында болып, бірінші кедергіге нәтижелі шабуыл жасауға дайын болады.
Сөрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі жеті адымды; екіншісі сегіз адымды. Жеті адымды жүгіруді, көбінесе, бойы биік және күштері мығым спортшылар қолданады. Осындай сөреде сермелетін аяқ алға қойылады, алдыңғы аяқ тірегіш сөре сызығынан 40-50 см қойылады.
Бұл сөрелік қозғалыс нұсқасында кедергіден жүгірушінің басты назарында тез,жоғарғы жылдамдықпен жету, жүгіру адым ұзындығы бір қалыпты өседі, бірақ сөрелік қозғалыстан дистанция бойымен жүгіргенде жүгіруші ырғағы әр түрлі болғандығы қиыншылық тудырады.
Сегіз адымдық екпін алғанда сөре сызығына итерілетін тірегіші алға қойылады (40-66 см сөре сызығының алдыңғы және артқы аяқ тірегіштің аралығы 20-40). Мұндай сөрелік қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығын қысқартады, бірақ
дистанция бойымен жүгіргенде тұрақты ырғақты сақтайды. Адым ұзындығы мынандай болуы мүмкін:
65+115+130+145+160+180+195+175-11,65 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет