Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет36/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Итерілуге дайындалу.Спортшының аяғы итерілу сызығында иық мөлшерінде немесе одан алшақ қойылады,содан кейін спортшы қолын жоғары сәл артқа көтереді,бір дегенде белді артқа шалқайтады және табанының ұшына көтеріледі осыдан кейін жылдам қолды төмен артқа түсіреді,осы сәтте толық табанға түседі,аяқты тізенің буынынан бүгеді.
Артқа ығысқан қол cәл шынтақ буынынан бүгіледі, осы қалыптан тоқтамастан ,спортшы итерілуді бастайды
Спортшының денесі инерциямен төмен түскен кезде итеруді бастау керек, яғни дене төмен жылжиды. Осы сәтте қол белсенді және жедел алға, сәл жоғары шығарылады.Арықарай қол шынтақбуынынан жазылады және аяқ тізе буынынан бүгіледі, итерілу фазасы табанды жерден алу кезінде аяқталады
Итерілгеннен кейін секіруші денесін жазып, толық созылады.Содан кейін аяқты тізеден және жамбас буынынан бүгеді және аяқ кеуде тұсына көтеріледі.Қол артқа төмен түсіріледі,спортшы осыдан кейін аяғын тізеден жазады, табанды түсетін орнына бағыттайды. Аяқ жерге түсер сәтінде секіруші қолды белсенді алға тастайды,бір уақытта тізе буынынан бүгіліп, жамбасты түсетін жерге тартады,осымен ұшу фазасы аяқталады.Секіруші тоқтағаннан кейін денені түзетіп,алға екі адым жасап,түскен жерден сырт жаққа шығады.




  1. сурет.Орнынан ұзындыққа секіру



Тест тапсырмалары:
Биіктікке секіргенде хаттамада жазылу белгілері мынандай:

  1. кезек есептелгенде «0» есептелмегенде «х» кезек жіберілгенде «--»

  2. кезек есептелгенде «х» есептелмегенде «0» кезек жіберілгенде «+»

  3. кезек есептелгенде көрсеткен нәтиже жазылады, есептелмесе жазылмайды

  4. кезек есептелгенде «+» есептелмегенде «-» жіберілгенде

«?»



  1. әр түрлі белгі қойылады

*****
Биіктікке секіруде таяқшаны қоятын тіректердің арасы: A) 3,70 – 4,00
B) 5,00 – 6,00
C) 2,70 – 3,70
D) 3,00 – 4,00
E) 4,00 – 4,04
*****
Биіктікке секіру есептелмейді, егерде қатысушы:

  1. егерде таяқшадан кейін аунап түссе

  2. жерден екі аяқпен итеріліп, таяқшадан өтсе

  3. бірінші кезектен кейін таяқшаны қағып кетсе жарыс

аяқталды деп есептелсе

  1. алғашқы екі кезекті алмай, үшінші кезекті келесі биіктікке ауыстырса

  2. екі кезекті ала алмаса үшінші кезек берілмейді

*****
Биіктікке секіру есептелмейді, егерде қатысушы:

  1. үш кезекті ала алмаса тағы бір кезек беріледі

  2. бірінші кезектен кейін таяқшаны қағып кетсе, жарыс аяқталды деп есептеледі

  3. аға төреші «бар» дегеннен кейін алға жүріп кетсе

  4. екі кезекті ала алмаса келесі биіктікке тағы бір кезек береді

  5. аға төреші шақырғаннан кейін, жүгіруді бастаса

*****

Екпін алу процесінде және финалдық күш түсіруде снарядтың екпін алуын айыру неге байланысты?

  1. екпін алу процессінде снарядқа жылдамдық беру, ұзын жолмен бірақ күш мөлшеріне аз, финалдық қозғалысқа қысқартылған жолмен, бірақ көп күшпен

  2. екпін алу процессінде снарядқа жылдамдық беру қысқартылған жолмен өтеді

  3. екпін алу процессінде снарядқа жылдамдық беру ұзартылған жолмен, үлкен күшпен, финалдық қозғалыста қысқа жолмен, аз күшпен өтеді

  4. снарядқа жылдамдық беру бір қалыпты жолмен және бір күшпен

  5. спортшы снарядқа жылдамдықты үлкен биіктікте финалдық күш түсіргенде үлкейтілген бұрышпен.

*****
Арқанмен секіруді «Фосбери-флоп» деп атауының себебі:

  1. ағылшынша секіру деген мағына береді

  2. осы әдіспен секірген, Олимпиада чемпионы атанған

  3. ол аспалап секірудің латынша аты

  4. жарыс өткен қаланың аты

  5. Месика президентінің аты

*****
Қайшылап секірумен фосбери-флоп әдістерімен екпін алудың айырмашылықтары:

  1. екпін алу бұрышы 30-40 градус

  2. екеуіде тік жүгіріп екпін алады

  3. фосбери-флоп әдісінде ақырғы 3-5 адымды доғамен жүгіреді

  4. айырмашылығ байқалмайды

  5. жоғары сөреде тұрып орындайды

*****
Биіктікке секіруде қолданылатын таяқшаның ұзындығы:

  1. 5 м

  2. 6 м

C) 2,50 м
D) 5,50 м
E) 4 м.
*****
Биіктікке секірудегі таяқшаның диаметрі:

  1. 2,5см

  2. 4см

  3. 3см

  4. 3,5см

  5. 5см.

*****
«Фосбери-флоп» әдісімен секіргендегі итерілу уақыты: A) 0,17-0,19 сек.
B) 0,28-0,30 сек.
C) 0,12-0,14 сек.
D) 0,30-0,35 сек.
E) 0,35-0,40 сек.
*****
Сермелетін аяқ, итерілетін аяқтың ығынан кейін қалмас үшін:

  1. санды бұрмай өз еркіне қоя береді

  2. сермелетін аяқ ішке қарай бұрылып, өкше сыртқа қарай ығысады

  3. итерілетін аяқты сырт жаққа бұра қойып таяқшадан өтеді

  4. сермелетін аяқты тік бағытта планка бойымен алға денені ығыстырады

  5. сермелетін аяқтың күшін пайдаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет