Дайындық жұмыстары: Бесіншi зертханалық жұмыс тапсырмасында жиналған мағлұматтар нәтижесінде жұмысты орындау қажет.
Жұмыс тәртібі: ЖУТБС түпкілікті мәнін анықтау.
Елдi мекендегі (қалалардағы) жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасын қалыптастыру жөнiндегi материалдарды рәсімдеу, келiстiру мен бекіту
Жұмыс тапсырмасы:Барлық зертханалардың мәліметтерін жинақтау.
Қорытынды: Бүгінгі зертханалық жұмыста, жер учаскелерiнiң төлемақысының базалық ставкасын анықтадық, яғни барлык тәсілдер арқылы өткiзiлген есептер нәтижелері бойынша, әрбiр тәсiлдiң сенiмдi және нақты екендігін көрсететін барлық коэффициенттер ескерiле отырып, жер учаскесiнiн орташа ЖУТБС көлемi анықталды.
6. Еліміздегі қала жерлерін аймақтау әдістері.
Жұмыстың мақсаты: Жер учаскелерiнiң төлемақысының базалық ставкасын анықтау
Кыскаша теориялык мәліметтер: Барлык тәсілдер арқылы өткiзiлген есептер нәтижелері бойынша, әрбiр тәсiлдiң сенiмдi және нақты екендігін көрсететін барлық коэффициенттер ескерiле отырып, жер учаскесiнiн орташа ЖУТБС көлемi анықталады.(9 кесте)
Кесте 9. Әртүрлі тәсілдер арқылы анықталған салмақтық коэффициенттерi арқылы базалық ставкалар көрсеткішін реттеу
Мұндағы, Ц,-жылжымайтын мүлiктiң (кұрылыстың) жалпы кұны, мың теңге
Елдi мекендегi (қалалардағы) жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасын қалыптастыру жөнiндегi материалдарды рәсімдеу, келiстiру мен бекіту. ЖУТБС жұмыстарының нәтижелері: жоспарлы картографиялық материалдардан (схема және картограмма ретiнде рәсiмдеу) және есептiк түсiндерме жазбахаттардан тұрады. Базалык ставканы анықтау жөнiндегi жұмыстардың материалдары жергiлiктi атқарушы органның (қала әкiмдiгi) отырысында келiстiрiледi және оның ұсынысы бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның (елдi мекеннiң қаланың мәслихаты) сессиясында бекiтiледi. ЖУТБС материалдары үш данада дайындалады. Екі данасы жергілікті атқарушы органға, бір данасы барлық қосымша материалдарымен және түпнұсқасымен бiрге Азаматтарға арналған үкімет мұрағатына берiледi.
Корытынды ережелер. Елдi мекендердегі (қалалардағы) жер учаскелерi үшін төлемақының базалық ставкасына байланысты белгiлi бiр жер учаскесінің кадастрлық (бағалык) құнын анықтау кезiнде келесi коэффициенттер қолданылады. Белгiлi бiр жер учаскесінің кадастрлық бағалық құны мына формула бойынша анықталады:
Мұндағы, - жер учаскесінің ЖУТБС орташа көлемi
Крф -рента қалыптастырушы факторлар коэффициенті.
Түзетуші коэффициенттер екі рента қалыптастырушы топтан тұрады:
А тобы бағаны қалыптастырушы
Б тобы мақсатты пайдаланудың факторлары.
Жер учаскесi үшiн төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері облыстық аткарушы органның ұсынысымен облыстық уәкiлеттi органның шешімімен бекiтiледi. Рента калыптастырушы факторлар коэффициентінің есебі жер учаскесi үшiн төлемақының базалық ставкасына түзетуші коэффициенттердi қолдану жөнiндегi нұскау арқылы жүргiзiледi.