Жұмыстың мақсаты: Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекен жерлерін жаппай кадастрлық мемлекеттік бағалау жолымен танысу.
Қысқаша теориялық мәліметтер:Аймақтандыруды табиғи және әлеуметтік - экономикалық жағдайларын жан жақты бағалау негізінде аудандық әкімшілік деңгейінді жүзеге асырады. Бұл орайда аймақты құрылымдаған кезде негізге есеп бірлігі – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алғанға және реформаланға дейін шекаралары құрылымдалған кадастрлық квартал әрі жер кадастрлық аймақтандырған кезде қабылданған. Салық салу бойынша жерді аймақтандыру бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі. Жерді аймақтандырудың аудандық сызбасын Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсыруымен Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру мекемелері орындайды.
Дайындық жұмыстары: Дайындық жұмыстарына бар материалдарды жинау және талдау енгізіледі: жоспарлы картографиялық, топырақтық және геоботаникалық іздестіру, жер есебін алу, жердің сандық және сапалық есебі, жолдың болуы және жай күйі туралы деректер, сумен қамтамасыз етілуі, ауылдық елді мекендердің инженерлік тораптармен және құрылыстармен қамтамасыз етілуі, олардың орналасқан жері және әкімшілік деңгейі, аумақтың ландшафттық құндылығы, айналадағы табиғи ортаның жай күйі және басқа да мәліметтер.
Жоспарлы картографиялық негіз ретінде ауданның кадастрлық картасы пайдаланылады немесе 1:100000 - 1: 200000 масштабта ауданның жоспарлы негізі әзірленеді.
Жоспарлы негізде кадастрлық кварталдардың, елді мекендердің, жерді ерекше жағдайда пайдаланатын аймақтардың, республикалық мәні бар қала аймақтардың, облыстық не ірі өнеркәсіп орталықтарының, сапасын бейнелейтін жол тараптарының шекаралары түсіріледі.
Кадастрлық кварталдар, елді мекендер, ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы, жайылымның суландырылуы және сапалық жай күйі және ауданның нақты жағдайын сипаттайтын басқа да мәліметтер жиналады.
Жұмыс тәртібі: Бірыңғай интегралды көрсеткіш әрбір кадастрлық квартал бойынша немесе оның бөлігі бойынша, ал ауылдық елді мекендер жерін аймақтандырган кезде әрбір елді мекен бойынша анықталады. Кадастрлық квартал бойынша интегралдық көрсеткіш формула бойынша анықталады:
- кадастрлық квартал орталығынан (ауыл округінен) аудан орталығына дейінгі қашықтық коэффициентті;
- кадастрлық квартал орталығынан (ауыл округінен) облыс орталығына, ірі өнеркәсіп орталығына дейінгі қашықтық, жабдықтаусыз және өткізу нарығынсыз;
- жол торабы сапасының коэффициенті (жол жамылғысының типі);
- ауыл шаруаышылық алқабының құрылымдық коэффициенті (егіншілік аудандары үшін);
- жайылымның суландырылу коэффициенті (шөл және шөлейт аймақтары үшін);
- жайылым жағдайы сапасының коэффициенті (шөл және шөлейт аймақтары үшін);
- қала маңында, курортты аймақта орналасу коэффициенті;
- жерді пайдалаануды шектеу коэффициенті;
- өзге де ескерілмеген жағдайдың коэффициенті.