Бағалау объектісі: жер учаскесі бар тұрғын үй
Бағалау объектісінің орналасқан жері: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Жуалы көшесі, 55 үй
Бағалау жүргізілген күн: 25.04.2022
Есептің жасалған күні: 25.04.2022
Меншік иесі: Карибаева Ж.Е.
Бағалау бойынша қызмет көрсету шартының нөмірі жəне жасалған күні: №……..
Айқындалатын құнның түрі (типі): нарықтық баға
Бағалау мақсаты: нарықтық бағаны анықтау
Нарықтық құны: 35 420 000 тг
Бағалаушы туралы мəліметтер: Жарылқасын Б.Б.
ИИН: 010602600350
Мекен – жайы: Алматы қаласы,Жуалы көшесі,55
Заңды тұлғаның атауы: ТОО “Diamond”
Директор Жарылқасын Б.Б.
1. ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТТЕРІ
1.1. Бағалау тапсырмасы: Осы жұмыс ТОО “Diamond” ЖШС мен Карибаева Ж.К. арасында 15.04.2022 жылы жасалған No 2022-086 шартына сəйкес орындалды
Бағалау объектісі мекенжайы Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Жуалы көшесі, 55 үй бойынша орналасқан Карибаева Ж.К. жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесі бар тұрғын үй болып табылады.
Бағалау түрі - міндетті;
Бағаланатын құқықтар - жеке меншік құқығы;
Бағалау объектісін қарау күні - 15.04.2022 жыл
Бағалау күні - 25.04.2022 жыл
Есепті жасау күні- 25.04.2022 жыл
Бағаланатын мүлікті сəйкестендіру - жылжымайтын мүлік (тұрғын үй);
Мəні мен түрін анықтау-əрқайсысы үшін таңдалған бағалау базасы нақты жағдай бағалау мақсатына, жылжымайтын мүліктің класы мен санатына сəйкес келуі керек. Бағалау базасы оларды анықтаудың бастапқы алғышарттарына байланысты нарықтық жəне нарықтық емес болы бөлінеді. Бағалаудың нарықтық базаларына бағалау күніндегі жылжымайтын мүліктің нақты түрінің нарық сегментінің жай-күйіне сүйене отырып, айырбастаудағы құн ретінде айқындалатын құнның мынадай түрлері жатады:
Нарықтық бағасы
Қолданыстағы пайдалану кезіндегі нарықтық құн
Нарықтық құн сатып алу-сату мəмілесін жасауға жұмсалған шығындар мен мəмілеге байланысты салықтар ескерілмей бағаланатын жылжымайтын мүлік құны деп түсініледі.
Нарықтық құнды анықтаудың ажырамас бөлігі-ең жақсы жəне тиімді пайдалану тұжырымдамасы. Жылжымайтын мүліктің ең жақсы жəне тиімді пайдалану құны максималды жəне нарықтық құнға сəйкес келеді.
Осы есепте қолданыстағы пайдалану кезіндегі нарықтық құн бағалау базасы ретінде пайдаланылмады, өйткені бұл құн қаржылық есептерді жасау мақсатында бағалау кезінде ғана пайдаланылады.
Құн базасы дегеніміз - еркін жəне ашық нарықта орын алатын гипотетикалық алмасу кезінде алынатын ең ықтимал бағаны көрсететін база.