«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет6/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
«Жерді түгендеу және жақсарту» практика новый

Практикалық сабақ №7.


Алқаптарды реттестіруді экономикалық және экологиялық тұрғыдан негіздеу.

Сабақтың мақсаты: Шабындақтардың жобалық ауданын анықтау.

Шабындықтардың жобалық ауданы анықталады.
Шабындық құрамына енгізіледі:
- жарамдылығы II категориялы жерлер;
- жыртылған жерлердегі ағыс жыралары;
- микроеңістердегі жыртылған жерлерге теңбөлініп орналасқан жайылым учаскелері. Әдетте шабындықтарға бедері және конфигурациясы механизацияны қолдану үшін қолайлы және ылғалмен жақсы қамтамасыздандырылғандығымен ерекшеленетін жарамдылығы екінші категориялы жерлер бөлінеді. Микроеңістерде орналасқан, жыртылған жерлердегі майда учаскелерді де өнімділігі төмен болғанымен шабындыққа пайдаланған жөн, өйткені олар мал жаюға жарамсыз. Түбегейлі жақсартылған шабын-дықтарға, негізгі суағар бойымен орналасқан шалғындалған жолақтар ауыстырылады.
Кесте 6 - Алқаптарды жыртылған жерге трансформациялау тиімділігін анықтау
сызбасы



Алқаптарды трансформацнялауды анықтаушы факторлар

Жыртылған жерге пайдалану үшін жарамдылығы

Жақсы

орташа

нашар

1

2

3

4

5

ТАБИҒИ

1

2
3

4
5

6


7
8

Топырақтын типі мен ұқсастық типі
Механикалық құрамы
Қарашірік қабатының
қалындығы (А-В1), см.
Қарашірік құрамы
Эрозияға ұшырау дәрежесі
Сортандану дәрежесі
(сортандармен бірге)
Бонитетбалы
Жердің бедері (еңісі)
Эрозияға қарсы талап
етілген шаралары

қара-қоңыр және қара топырақтар
саздақтар

60астам
3-2% астам


ұшырамаған
20% дейін
40 жоғары
3 градусқа дейін
талап етіледі немесеқарапайым шаралар талап етіледі

қоңыр

құмдақтар


60-40
2-1%


әлсіз ұшыраған
20-30%
20-40
3 тен 5 градусқа дейін
топырақ қорғайтын
ауыспалы егістерді жүргізу талап етіледі

ашық қоңыр

құмдар

40 аз
1%аз
орташа және күшті
ұшыраған

30% астам


20 аз
5 градустан астам
тұрақты немесе уақытша
шалғындау талап етіледі

КЕҢІСТІКТІК

1.
2.
3.
4

Учаскенің ауданы
Конфигурациясы
Қатар жатқан аймақ-тың конфигурациясы-ның жақсару дәрежесі
Жыртылған жер аймақтың
қашықтығы

50 га астам
тіктөртбұрыш

жақсарады


учаске қатар немеседақтанып орналасады



20-50 га
параллелограмм,
трапеция
әсер етпейді

аздап қашық орналасады


(5 км дейін)

20гаазүшбұрыш және бұрыс
фигуралар
нашарлайды

едәуір қашық орналасады


(5км астам)


Кесте 7 - Алқаптарды трансформациялау және жақсарту

Контурлар




Алқаптардың атауы

Контур
дың
ауданы,
га

ішкі контур бойынша өзгерістер

Кон-турда
қалған ауданы,
га

трансформа-
цияға дейін

трансформа
циядан
кейін

жыр жер

тың
ай
ма

шабындық

жайылым

Басқа лары




жақсартылған

таби ғи

жақсартылған

таби ғи




1

2




3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жобаны құру кезіндегі экспликацня

6200

4500

500

"

160

"

1000

40




Трансформациялауға және жаксартуға жататын контурлар:

2

жыр жер

түб жақсар шабыңдық

400

-100




+100













300

3

жыр жер

түб жақсар жайылым

391

-200










+200







191

7

тыңайма

жыр жер

202

+202

-202
















-

19

тыңайма

жыр жер

298

+298

-298
















-

25

таб. жайылым

жыр жер

115

+100













-100




15

31

таб. жайылым

түб жақсар жайылым

140













+140

-140




-

Барлығы:

1180

+300

-500

+100




+340

-240




506

Жоба бойынша экспликация

6200

4800

-

100

160

340

760

40




Бақылау сұрақтары:



  1. Шабындық құрамы

  2. Трансформациялауға және жаксартуға жататын контурлар

  3. Жобаны құру кезіндегі экспликация



Практикалық сабақ №8.
Танап қорғау ағаш көшеттерінің ауданын анықтау.

Сабақтың мақсаты:Топырақ сапасыбойынша, танап қорғау ағаш көшеттерінің ауданын анықтау.



Топырақ сапасы бойынша ауылшаруашылық. алқаптарының басқа түріне транс-формациялауға жатпайтын жерлер жайылымдарға бөлінеді, яғни жарамдылығы үшінші категориялы жерлер. Мұндай жерлердің өнімділігі, олардың тұзданғандығына, сортан-данғандығына, эрозияға ұшырағандығына, тастанғандығына және т.б. байланысты төмен болады. Олар күрделі мелиоративтік (сортандануға қарсы, эрозияға қарсы және т.б.) шараларды жүргізуді қажетсінеді және сапалық құрамының сәйкес келмеуіне байланысты жыртылған жер құрамынан шығарылады. Шабындықтар мен жайылымдардың құрамынан шөлейттене бастаған жерлер ауыстырылады.
Табиғат қорғау талаптарын ескере отырып, табиғи және жасанды су қоймаларының (өзен, көл, тоған және т.б.) айналасындағы жайылымдардағы жағалаулық қорғаныс жолақтарын, мұнда мал жаюға болмайтындықтан, табиғи шабындықтарға трансформа-циялаған жөн. Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту.
Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту дегеніміз олардың түрін өзгеріске ұшыратпай өнімділігін көтеру жөніндегі шаралар кешені. Алқаптарды жақсартудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: жыртылған жер және мал азықтық алқап-тарды үнемі суару, лиманды суару, сортанданған жерлерді жақсарту, эрозияға қарсы шаралар, сонымен қатар мал азықтық алқаптарды түбегейлі және үстіртін жақсарту. Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту жөніндегі аталып өткен шараларды жүргізу үшін ауылшаруашылық. алқаптар территороиясында учаскелер жобаланады.
Жақсарту жөніндегі шараларды қажетсінетін жыртылған жер учаскелері бөлінеді.

Жақсарту жөніндегі шаралар (сортандануға және т.б. қарсы) жер-кадастрлық классификациясы бойынша бөлінетін, жер класстарын ескере отырып белгіленеді.
Мал азықтық алқаптарды жақсартуға бөлінген учаскелер жобаланады.
Түбегейлі жақсартуға, құндылығы аз және жер оттылығы жойылған, бірақ құнарлы топырақты және айдалатын қабаты жеткілікті шабындықтар мен жайылым учаскелері бөлінеді. Өлшемдері, конфигурациялары, бедері бойынша, олар механика-ландырылған өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін жарамды болуға тиісті. Негізінен шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсартуға, жыртылған жер құрамынан шығарылған жерлер бөлінеді.
Мал азығы бағалы, бірақ жер оттылығы сиректенген және бедері, топырағы, пішіні бойынша түбегейлі жақсартуға жарамсыз мал азығы алқаптарының учаскелерін-де үстіртін жақсарту жобаланады. Жақсартылатын учаскелердің аудаңдары 7 кестеге жазылады.
Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе станциясы бар.

Бақылау сұрақтары:



  1. Орман шаруашылығы

  2. Жерді жақсарту шаралары

  3. Табиғат қорғау талаптары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет