Практикалық сабақ №9.
Топырақтың қатты фазалық тығыздығын анықтау.
Сабақтың мақсаты: Топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді жүргізу
Табиғат қорғау шаралары әзірленеді:
- эрозияға қарсы шараларды қажетсінетін учаскелер бөлінеді;
- ауылшаруашылық. алқаптарының пайдаланылуы шектеулі жолақтар мен қорғау аймақтары бөлінеді (орман және су қоймалары айналасына, өзен, автомобиль жолдары-ның, су құбыры және тоқ тасмалдау желсінің бойына);
- ерекше қорғалатын табиғи территория аймағы бөлінеді;
- рекультивациялауды талап ететін жерлердің ауданы анықталады (жойылатын жолдар, карьерлер және т.б.).
Эрозияға қарсы шаралар (жерді эрозияға қарсы бейімдеу жөніндегі курстық жұмыста әзірленген) топырақтың эрозиялық қауіптілігі картасы бойынша анықталады. Эрозияға қарсы арнайы шараларды (топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді жүргізу, көпжылдық шөптермен уақытша шалғандау) қажетсінетін жер аймақтарының межелері жобалық сызбаға көшіріліп түсіріледі. Бұл кезде келесідей белгілер қолданылады. Топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді жүргізуді қажетсінетін жер аймақтары 1 см сайын жасыл түсті штрихтармен бөлініп көрсетіледі. Уақытша шалғындау қарастырылған жер аймақтары 0,5 см сайын жасыл түсті штрихтармен бөлініп көрсетіледі. Жақсартылатын учаскелердің ауданы жобалық сызбада графикалық тәсіл-мен есептеледі және 8 кестеге жазылады.
Орман қорғайтын жолақтар 10 м орман аймақтарының айналасына жобаланады. Су қорғайтын аймақтың ені өзеннің ұзындығына байланысты анықталады. Ұзындығы 10 км-ге дейін болса 50м, 50 км-200 км-100м, ал көлдердің айналасына шаруашылық-тық маңыздылығына байланысты 30-500м аралығында болады. Орман және су қорғайтын жолақтарда тыңайтқыштар, улыхимикаттар, жанар-жағар майлар сақтауға, өндіріс-тік және т.б. құрылыстар салуға тиым салынады.
Жердің жобалық экспликациясы анықталады.
Алқаптардың құрамы мен ара қатынасындағы өзгерістерді анықтау үшін,
7 кестенің қортынды жолағында графалары бойынша аудандардын қосындысы есепте-леді. Жоба бойынша алқаптардың құрамы 9 кестеге жазылады және олардың ара қатынасы пайызбен есептеледі.
Кесте 8 - Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту бойынша шаралар
Жақсартыла тын алқап-тың түрі
|
Жақсарту бойынша шаралар
|
Жақсартылатын учаскенің ауданы
|
га
|
а.-ш. алқаптың ауданына %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
хыртылған жер
|
1) топырақ қорғайтын ауыспалы егісті жүргізу
2) көпжылдық шөптермен шалғындау
|
|
|
табиғи жайылым
|
1) түбегейлі жақсарту
2) өрістерін жақсарту
|
|
|
Кесте 9 - Жердің жобалық экспликациясы
Өлшем бірлігі
|
Жердің
барлығы
|
соның ішіңде алаптар түрлері бойынша
|
Ауыл-
шаруашы
лық
алқап-тарының
барлығы
|
соның ішінде
|
Басқа
алқап
тар
|
жыр
тылған
жер
|
тыңай ма
|
шабындықтар
|
жайылым
|
|
|
барлы ғы
|
соның ішінде жақсарты лғаны
|
барлы ғы
|
соның ішінде жақсар-
тылғаны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
га
|
6200
|
6160
|
4800
|
-
|
260
|
100
|
1100
|
340
|
40
|
%%
|
100
|
99.9
|
77,9
|
|
4,2
|
38,5
|
17,9
|
30,9
|
0.1
|
Бақылау сұрақтары:
Жердің жобалық экспликациясы
Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту
Табиғат қорғау шаралары
Практикалық сабақ №10.
Танаптардың тең аудандылығын анықтау.
Сабақтың мақсаты:Танаптардың нақты және жобалық құрылымын сипаттайтын коэффициенттер есептеу.
Танаптарды ұйымдастыру жобасының тиімділігін анықтау кезінде техника-экономикалық (таза) және экономикалық (құнды) көрсеткіштер есептеледі. Техника-экономикалық көрсеткіштергеалқаптарқұрылымынсипаттайтын коэффициенттер (жер пайдалану, ауылшаруашылық. алқаптарын пайдалану интенсивтілігінің, жыртылғанды-ғының,экологиялық тұрақтылығының) және ауылшаруашылық.алқаптарының сапалық құрамын сипаттайтын бонитет балы жатады.Экономикалық көрсеткіштерге алқаптарды трансформациялау және жақсарту тиімділігі (шығындардың қайтарылу мерзімі, алқап-тарды трансформациялау және жақсарту кезіндегі таза кіріс).
Танаптардың нақты және жобалық құрылымын сипаттайтын коэффициенттер есептеледі.
Жер пайдалану коэффициенті ауылшаруашылық алқаптарының ауданының жер пайдаланушылықтың жалпы ауданына қатынасын көрсетеді:
Кжп=
мұнда Кжп - жер пайдалану коэффициенті;
Раш - ауылшаруашылық танаптарының ауданы, га;
Ржалпы - жер пайдаланушылықтың жалпы ауданы, га.
Ауылшаруашылық. танаптарды пайдалану интенсивтілігінің коэффициенті, интенсивті пайдаланылатын ауылшаруашылық танаптарының ауданының ауылшаруа-шылық танаптар ауданына қатынасын сипаттайды:
Кинт = ,
мұнда Кинт - ауылшаруашылық. танаптарын интенсивті пайдалану коэффициенті;
Ржыр жер - жыртылған жер ауданы, га;
Ркөпжыл көшет – көпжылдық көшеттер ауданы, га;
Рмал азық алқап - түбегейлі жақсартылған мал азықтық (шабындық және жайылым)
танаптардың ауданы, га;
Р а/ш алқап-ауылшаруашылық алқаптарының ауданы, га.
Жердің жыртылу коэффициенті ауылшаруашылық.алқаптар құрамындағы жыр-тылған жердің (Ржыр жер) үлес салмағын сипаттайды:
Кж = ,
мұнда Кж - жердің жыртылу коэффициенті;
Ржыр жер - жыртылған жер ауданы, га;
Ра/ш алқап - ауылшаруашылық алқаптарының ауданы, га.
Коэффициенттер есебі 10 кестеде көрсетіледі
Кесте 10 - Танаптардың құрылымын сипаттаушы коэффициенттерді есептеу
Нұсқалар
|
Ауданы, га
|
Коэффициентгер
|
жалпы
Ржалпы
|
а.-ш. ақлап-тар
Ра/ш
|
интенсивті
пайдала-
нылатын
алқаптардың
Ринт
|
жер
пайдалану
Кжп
|
а.-ш.
алқаптарының
интенсивті
пайдаланылу
Кинт
|
жердің
жыртылу
Кж
|
Жобаны
құру
кезіндегі
|
|
|
|
|
|
|
Жоба бойынша
|
|
|
|
|
|
|
Территорияның экологиялық тұрақтылығының коэффициенті алқаптардың құрамының және ара қатынасының агроландшафтың территориясыныңэкологиялық
тұрақтылығына әсерін бағалайды:
Кэк=
мұнда Кэк- территорияның экологиялық тұрақтылығының коэффициенті;
Р1- ауылшаруашылық. алқаптарының ауданы, га;
Кэк1-ауылшаруашылық. алқаптарының экологиялық тұрақтылығының коэффици-
енті (Қосымша В);
Ржалпы — жер пайдаланушылықтың ауданы, га.
Экологиялық тұрақтылық коэффициентін есептеу 11 кестеде жүргізіледі. Жер пайдаланушылықтың экологиялық тұрақтылығын бағалау кезінде, егер территорияның
экологиялық тұрақтылығының коэффициенті (Кэк) 0,67 асып кетсе экологиялық тұрақ-ты, егер ол 0,50 ден 0,60 аралығында ауытқыса - территория орташа тұрақты, 0,34 тен 0,49 дейін -шартты тұрақты, егер коэффициент 0,33 аз болса, онда территория экологиялық тұрақсыз болып саналады.
Кесте 11 - Территорияның экологиялық тұрақтылығын коэффициентін есептеу
Нұсқалар
|
Рет тік
№
|
Алқаптардың түрлері
|
Алапқтар-дың ауданы, га
Р1
|
Территорияның экологиялық тұрақтылығының коэффициенті
Кэк1
|
Р1*Кэк1
|
жобаны
құру
кезіндегі
|
1
2
3
...
|
жыртылған жер
тыңайма шабындық
|
4500
500
160
...
|
0.14
0.41
0.62
...
|
630.0
20.5 99.2
...
|
Барлығы:
|
Ржал.=
|
|
∑Р*Кэк=
|
жоба
бойынша
|
1
2
3
...
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
Ржал.=
|
|
∑Р*Кэк=
|
Бақылау сұрақтары:
Территорияның экологиялық тұрақтылығын коэффициентін есептеу
Танаптардың құрылымын сипаттаушы коэффициенттерді есептеу
Экологиялық тұрақтылық коэффициентін есептеу
Практикалық сабақ №11.
Топырақ құнарлығын үнемі көтеріп отыруға жағдай жасау.
Сабақтың мақсаты:Бағалау балы әр түрлі мелиоративтік және мәдени техникалық шараларды жүргізу
Жоба бойынша ауылшаруашылық. алқапарының орташа өлшенген бонитет балы анықталады.
Жыртылған жердің құрамынан бонитет балы төмен жыртуға жарамсыз учаскелерді шығару және бонитет балы жоғары учаскелерді жыртылған жер құрамына кіргізу кезінде жыртылған жердің орташаөлшенген бонитет балы көтерілетіндіктен, оны есептеу кезінде мына өрнекті қолданылады:
Бж.ж. орт. =
мұнда Бж.ж. орт - жоба бойынша жыртылған жердің орташа өлшенген бонитет балы;
Борт. нак - жыртылған жердің нақты бонитет балы (трансформацияға дейін);
Рн - жыртылған жердің нақты ауданы (трансформацияға дейін);
Ржоба б - жоба бойынша жыртылған жердің ауданы (трансформациядан кейін), га;
Бш,Рш - жыртылған жер құрамынан шығарылған жердің ауданы және балы;
Бк,Рк - жыртылған жерге қосылған жердің ауданы және балы. Шабындықтардың, жайылымдардың (жақсартылған және табиғи үшін
жеке-жеке) орташаөлшенген бонитет балы жоба бойынша осы тәріздес есептеледі (12 кесте).
Бағалау балы әр түрлі мелиоративтік және мәдени техникалық шараларды жүргізу нәтижесінде, көтерілуі мүмкін. Мысалы, жыртылған жерді және мал азықтық алқаптарды суару балды 2-3 есе; жыртылған жердегі сортандарды мелиорациялау - 20%-ға және жайылымдарда 30%-ға көтереді; эрозияға қарсы шаралар бонитет балын топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді жүргізген кезде 10%-ға, ал көпжылдық шөптер-мен шалғындағанда 20%-ға көтереді. Мұндай жағдайларда бонитет балын жақсарту және көтеру шаралары жүргізілген жерлердіңауданына байланысты, ауылшаруашы-лық. алқаптарының орташа өлшенген бонитет балына түзетплер енгізіледі.
Алқаптарды трансформациялау және жақсарту тиімділігінің экономикалық көрсеткіштері есептеледі.
Экономикалық тиімділік трансформациялау және жақсартуға жұмсалған шығы-ның қайтарылу мерзімімен анықталады. Экономикалық тиімділікті анықтау үшін, жерді пайдалану сипатын, өндірілетін өнімнің түрін, оның 1га-дан алынатын шығымын, сатып алу бағасын білу керек. Мұнда осы мәселе бойынша экономикалық есептеулер тәжірибесінде бірқатар шарттылықтарды пайдалану қабылданған. Мысалы, жыртылған жер негізінен дәнді дақылдар егістігі үшін пайдаланылатын болғандықтан, ондағы таза кірістің мөлшері 1 га-дан түсетін астық шығымы және оны сатып алу бағасы бойынша анықталады. Мал азықтық алқаптарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау кезіндегі таза кіріс өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығының (ет, сүт) өнімдерінің құны бойынша анықталады. Мал шаруашылығы өнімінің құнын анықтау кезінде мал азықтық алқаптар өнімділігін, азықтық бірліктерге ауыстырып (қосымша Г), мал азығы бірлігіндегі 1 центнер дайын өнімді өндіруге кететін шығынға бөліп, сүттің немесе еттің сатып алу бағасына көбейту қажет (қосымша Б).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздің аграрлық саласын өркендету. Осы жөніндегі Жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген.
Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға топырақ құнарлылығын арттыру, өндірістің озық технологиясын енгізу, жерді химияландыру, яғни тыңайтқыштарды пайдалану, егістік жерлердің құрылымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздің аграрлық саласын өркендету. Осы жөніндегі Жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген.
Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға топырақ құнарлылығын арттыру, өндірістің озық технологиясын енгізу, жерді химияландыру, яғни тыңайтқыштарды пайдалану, егістік жерлердің құрылымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.
Агроэкожүйенің негізгі базисі – топырақ және екпе дақылдар болып саналады. Өйткені, оларда күн сәулесі энергиясы трансформацияланады. Өсімдіктер фотосинтез арқылы күн сәулесі энергиясын пайдаланып, синтезделген органикалық заттардан топырақ көп мөлшерде энергия алып, жинақтайды. Сөйтіп, биологиялық айналым үдерісі тірі организмдерге қажетті көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, калий, кальций, т.б. биофильді элементтерді шоғырландырады.
Сондықтан топырақты үнемі күтіп-баптап, оның құнарлылығын жылдан-жылға арттыру қажет. Бұл келешек ұрпақтар үшін де маңызды. Топырақтың экологиялық қасиеттері: қоректік заттарды жинау қабілеті, яғни құнарлылығы, су сыйымдылығы,
кеуектілігі, ылғал өткізгіштігі, ауа және жылу режімдері оның механикалық құрамымен, физикалық-химиялық қасиеттерімен тығыз байланысты болып келеді. Топырақ құнарлығын арттыруда органикалық тыңайтқыштардың рөлі өте зор.
Егіншілікте заттар айналымына ең күшті әсер ететін шара – органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу. Тыңайтқыштар топырақ құрамына кешенді әсер етеді, өсімдіктерді қажетті қоректік элементтермен толықтырады, топырақтың химиялық, агрохимиялық және физикалық қасиеттерін жақсартады, биологиялық белсенділігін арттырады, топырақтың құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы, сіңімді түріне айналып, мобилизациялануын туындатады.
Топырақ құрамында болатын түрлі минералды қосындылар мен күрделі органикалық заттар өсімдікпен сіңіріліп, кейін жануарларға өтеді. Өсімдік пен жануарлардың күрделі органикалық заттары кейін ыдырап, органикалық емес заттарға айналады және бұл үрдіс топырақта өтеді. Жыл сайын егістік бойындағы 2,5 млн. тонна қоректік заттар өнімнің өсуі үшін шығындалады. Оны қалпына келтіру үшін жыл сайын топыраққа 1,8 млн. тонна фосфорлы, 1,1 млн. тонна азотты және 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштарын енгізу қажет.
Кейінгі кезде Қазақстан егіншілігіндегі күрделі экологиялық жағдайларды ескермеу салдарынан суарылатын ауыспалы егістердегі топырақ құнарлылығы, оның ішінде қарашірінді 25-35 пайызға кемігендігі белгілі. Себебі, топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық жағдайы нашарлап, топырақ нығыздалып, эрозияға ұшырап, еліміздің көпшілік аймақтарының топырақ экологиясы бұзылған. Құнарлылығы төмендеген, ластанған жерлер көлемі республикамызда 85-90 млн. гектарға жетіп отыр. Олардың құнарлылығын қалпына келтіру үшін әртүрлі құнарландыру шараларын қолдану қажет.
Соңғы 10-15 жыл ішінде инженерлік суару жүйелерін пайдалану барысында топырақтың физика-химиялық қасиеттері нашарлауда, тұздану, сортаңдану үдерісі күшейе түсуде. Ал бұл өз кезегінде қарашірінді және қоректік заттардың мөлшерін азайтып, топырақ құнарлылығын төмендетуге әкеліп соғуда.
Сонымен қатар, соңғы жылдары суармалы жерлердің ауданы мен оларда егілген ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Суармалы жерлерден түсетін табыс мөлшері азайып, шаруалар кей жылдары шығарған шығындарын өтей алмай қалуда. Сол себепті, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қазақстанның суармалы жерлерінде орын алған ж ағдайларды зерттеп, өнімділіктің төмендеп кету себептерін анықтап, оларды қалпына келтіру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстанның қара, күлгін қоңыр, сұр топырақты аймақтарында жүргізуде. Зерттеу барысында суармалы жерлердің өнімділігінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі суару кезеңіндегі су тапшылығы екендігі анықталды. Мысалы, суармалы жерлердің 90 пайызы Қазақстанның оңтүстік өңірінде орналасқан. Осындағы егілген егіннің өнімділігі 1,5-2 есеге дейін төмендеп, суармалы жерлердің ауданы 1 млн. гектарға кеміп кеткен. Соған сәйкес суармалы жерлерде су тапшылығының себептері анықталып, оларды жою мүмкіндіктері қарастырылды.
Суармалы жерлерде орын алған жоғарыдағы келтірілген кері әсерлерді жою әдістерінің бірі – фосфогипсті сортаң топырақтарға мелиорант ретінде енгізу. Фосфогипсті суармалы жерлерде химиялық мелиорант ретінде пайдаланудың тиімділігі, оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Себебі, оның құрамында кальцийдің мөлшері 25,67-27,53 пайыз аралығында өзгереді. Сонымен қатар, фосфогипстің құрамында фосфор, кальций, өсімдікке қажетті микроэлементтер бар және оның ортасы қышқылды орта болып саналады. Сондықтан, фосфогипстің құрамындағы фосфор топыраққа жылдам ауысып, оның құнарлығын арттырады. Өзінің тиімділігі жағынан фосфогипс гипстен асып түседі. Себебі, гипсті сілтілі
топырақтарға пайдаланғанда кальцитті қабықша пайда болып, оның ерігіштігі төмендейді.
Қазақстанның суармалы жерлерінде соңғы 15-20 жыл аралығында құрамында кальций катионы бар минералды тыңайтқыштарды жеткіліксіз мөлшерде пайдаланғандықтан топырақ құрамындағы кальцийдің мөлшері сумен шайылумен қатар, өсімдіктермен шығындалу нәтижесінде азайып кетті. Сондықтан, көптеген суландыру жүйелерінде топырақтың сортаңдануы мен сілтіленуі кең көлемде орын алуда. Топырақ құрамындағы кальций мөлшерінің азаюынан, оның құрылымы нашарлап, топыраққа су тиген кезде ақпа батпаққа, ал кепкен кезде тілім-тілім болып жарылатын қатты кесекке айналады.
Қазақстан жағдайында топырақтың сортаңдануының екі түрі орын алады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында суармалы топырақтың сіңірімділік кешенінде магний катионының шектен тыс (30 пайызға) артуы орын алып, магнийлі сортаңдану үдерісі жеделдеуде. Қазақстанның қалған аймағында топырақтың сіңірімділік кешенінде негізінен натрий катионы шектен тыс көп жиналып, натрийлі сортаңдану орын алуда.
Бақылау сұрақтары:
Агроэкожүйенің негізгі базисі
Алқаптарды трансформациялау және жақсарту
Топырақ құрамында болатын түрлі минералды қосындылар
Достарыңызбен бөлісу: |