«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет8/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
«Жерді түгендеу және жақсарту» практика новый

Практикалық сабақ 12.
Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық процестерді анықтау

Сабақтың мақсаты: Топырақ көлемын анықтау, тегістеу және ұлғайту.

Топырақты механикалық жолмен өңдегенде бірнеше технологиялық операциялар (процестер) жүзеге асады. Олар: қыртысты аудару, топырақты қопсыту, араластыру, тегістеу, нығыздау, арамшөптерді қырқу, микробедер (микрорельеф) жасау, танап бетінде аңызды және өсімдік қалдықтарын сақтау.
Топырақ үшін әр технологиялық операцияның өзіндік маңызы бар. Қыртыстыаудару ерте пісетін арамшөп тұқымдары егін жиналғанша топыраққа төгіліп,танаптың беткі қабатын ластайды, сондай-ақ өсімдіктердің ауру қоздырғыштарымен зиянкес жәндіктері өздерінің жұмыртқаларын топырақтың беткі қабатына,немесе өсімдік қалдықтарына салады. Осының салдарынан топырақтың үстіңгіқабаты арамшөп тұқымдарымен және аталған зиянды организмдермен ластанып,олардың таралу орталығына айналады.
Бірақ, топырақтың беткі қабатының құрылымы, құрылысы жақсы және қарашірігі (гумусы) молырақ болады, ал төменгі қабатында бұл жағдайлар нашарлау. Сонымен қатар ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлар мен комбайндардың, топырақ өзінің салмағынан және физика- химиялық (жауын-шашын) күштердің әсерінен оның үстіңгі қабаты тығыздалады.Осы аталған қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін топырақты 180 градусқа,яғни танаптың беткі қабатын аударып төменге түсіріп, ал астыңғы қабатынүстіне шығару керек. Бұл қыртысты аудару арқылы жүзеге асады. Тік бағыттатопырақтың жоғарғы және төменгі қабаттарын өзара алмастыруды қыртыстыаудару деп атайды.
Қыртысты аударғанда оның алдына мынандай мақсаттар қойылады:
- қарықтың (борозданың) түбіне аударылып түсірілген топырақтың беткі
қабатының қасиеттерін жақсарту;
- арамшөптердің тұқымдарын және вегетативтік көбею мүшелерін олар өніпшыға алмайтын тереңдікке сіңіру;
-танапқа берілетін органикалық, минералдық және жасыл тыңайтқыштарды, өсімдік және жәндіктер қалдықтарын, топыраққа сіңіру.
Топырақтың жырту, қабатының пішіні біркелкі болу үшін оны аударып тұрукерек. Қыртысты аудару процесі арқылы топырақтың құнарлы жырту қабатықалыңдайды. Сондай-ақ, топырақтың беткі қабатында микробиологиялықпроцестер әдетте жақсы жүреді, соның нәтижесінде мұнда өсімдіктің коректікзаттарының мол жиналуына мүмкіндік туады. Қыртысты аудару әр түрліқайырмасы бар соқа арқылы жүзеге асырылады. Ол жылда, немесе 2-3 жылда біррет аударылады. Қыртысты аударудың жоғарыда келтірілген жағымды жағынақарамастан, оның қолайсыз кезеңдері де бар. Топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл, желі күшті ашық далалық аймақтарда қыртысты аудару танапты өсімдік жамылғысынан айырады, топырақты үгітеді, ондағы ылғалдың буланып ұшып жетуіне жол ашады, сондықтан олар эрозияның пайда болуына және топырақтың құрғап кетуіне әкеліп соқтырады, яғни мұндай жерлерде қыртысты аударуға болмайды. Қорыта келіп айтқанда, қыртысты аудару процесі жергілікті жердің топырақ-климаттық ерекшелігін ескере отырып жүргізілуі керек.
Топырақты қопсыту өз салмағының, қардың, механикалық (ауылшаруашылық техникалары машиналары мен құралдары), физика-химиялық (жауын-шашын) және басқа факторлардың әсерінен нығыздалады, сондықтан ондағы ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылады, яғни оның ауа режимі нашарлайды, сондықтан топырақты қопсытып тұру керек. Сонымен қатар топырақты қопсытудың негізгі мақсаты – оған судың жақсы сіңіруін қамтамасыз етіп, ылғал қорын молайту.
Топырақ көлемін ұлғайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді топырақты қопсыту дейді. Бұл технологиялық процестің арқасында топырақ нығыздалған кезде бұзылған түтіктік емес қуыстылықтар қалпына келтіріледі, осының салдарынан топырақтың түтікті және түтікті емес қуыстылықтарының арақатынасы қалыпты жағдайға келіп, оның ауа-ылғалдық және жылулық режимдері жақсарады. Қопсыту процесінің нәтижесінде топыраққа оттегінің көп келуінің арқасында ондағы аэробты микроорганизмдердің тіршілік белсенділігі артып, осының арқасында топырақта өсімдікке қажетті коректік заттар қоры мол жиналады. Қопсыған топырақта органикалық қалдықтар жақсы ыдырап, тез минерализацияланады. Қопсыту арқылы топырақ бетінде жауын-шашыннан және суарғаннан кейін пайда болған қабыршақ жойылады.
Топырақты қопсыған жағдайда ұстау үшін оны жаз бойы бірнеше рет әр түрлі тереңдікке өңдеуге тура келеді. Қопсыту жиілігі мен тереңдігі нығыздалу дәрежесіне, гранулометриялық құрамына, ауа райына, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, жүргізу мақсатына байланысты 3-4 см-ден 14-16 см-ге дейін ауытқиды. Топырақты қопсыту үшін соқалар, сыдыра жыртқыштар, тырмалар, культиваторлар қолданылады.
Топырақты араластыру оның өңделетін қабатының біркелкі болуын қамтамасыз ету және бөлшектерінің мөлшерін кішірейту үшін жүргізілетін технологиялық процесті араластыру деп атайды. Араластырудың нәтижесінде жүруіне қолайлы жағдай туғызады. Гранулометриялық құрамы жеңіл, эрозияға тез ұшырайтын жерлерде, танап топырақ бөлшектерінің өзара орналасуы өзгереді, берілген органикалық, минералдық, жасыл тыңайтқыштар мен микроорганизмдер жырту қабатының өн бойына біркелкі жайылады. Топырақты араластыру ондағы органикалық заттардың жақсы ыдырауына (минерализациялануына), микробиологиялық процестің белсенді бетінде міндетті түрде аңыз бен өсімдік қалдықтары сақталуға тиісті танаптарда топырақты араластыруға болмайды. Топырақты аралстыру шолақ түренсіз соқалармен, сыдыражыртқыштармен, культиваторлармен, фрезалармен жүзеге асырылады.
Топырақты тегістеу танаптардың беткі қабаты әр түрлі жағдайларға (жер бедері,

топырақ өңдеу сапасы және басқалар) байланысты ойлы-қырлы болуы мүмкін. Мұндай жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының себілген тұқымдары топыраққа әр түрлі тереңдікке сіңіріледі, сондықтан олар шұбалаңқы көктеп, егіннің бір мезгілде пісіп-жетілмеуіне әкеліп соқтырады. Сол себепті топырақты тегістейді. Біркелкі емес топырақ бетінің мөлшерін азайтуды тегістеу деп атайды. Топырақты тегістеу жерді жыртқаннан және терең культивациялағаннан кейін, егін себер алдында және сеуіп болғаннан соң жүргізіледі. Топырақты тегістеу суармалы егіншілікте, әсіресе күріш егісіне қажет. Егер, танап тегіс болмаса, берілген су біркелкі жайылмайды, ойпаң жерге жиналып қақ тұрады, ал қыратты жерлерден ылдыйға қарай су ағып эрозия құбылсын тудыруы мүмкін. Танап бетін тегістеу өсімдіктерді вегетация кезінде күтіп-баптауды жеңілдетеді және егін ору жұмыстарының сапасын жақсартады. Топырақты тегістеу үшін культиватрлар, тырмалар, жеңіл катоктар, малалалар, ал суармалы жерлерде арнайы грейдерлер, бульдозерлер қолданылады.


Топырақты нығыздау. Топырақты қайта-қайта (күзде топырақ жыртқанда, көктемде егін себер алдында, жазда қатараралықтарды өңдеу) өңдегенде ол үгітіліп, тым борпылдақ болуы мүмкін, сондықтан оны нығыздауға тура келеді. Топырақ түйіршіктерінің көлемін азайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді нығыздау дейді. Ол қопсытуға қарама-қарсы процес. Бұл технологиялық процес топырақты қопсыту кезінде бұзылған түтіктік қуыстылықтар қалпына қайта келтіріледі, соның нәтижесінде топырақтың жалпы және түтіктік емес қуыстылықтарының көлемі азаяды. Нығыздау топырақтың төменгі жағынан үстіңгі қабатына ылғалдың көтерілуін, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының топырақпен және оның ылғалымен жақсы жанасуын қамтамасыз етеді, соның арқасында тұқымның жақсы бөрітіп, жылдам және біркелкі көктеп шығуына мүмкіндік туғызады. Топырақты нығыздау егін себер алдында, немесе сеуіп болғаннан кейін жүргізіледі.
Егін себер алдындағы топырақты нығыздау танаптың бетін тегістеп, себілген тұқымдардың бірдей тереңдікке сіңірілуін қамтамасыз етіп борпылдақ топырақтар шөккеннен кейін өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін жүргізіледі.Топырақты нығыздауды гранулометриялық құрамы жеңіл, егін себер алдында ғана өңделген жерлерде және қуаңшыл аймақтарда жүргізген жөн. Ал, гранулометриялық құрамы ауыр және тым ылғалды топырақтарды нығыздауға болмайды, өйткені өсімдіктің өніп-өсуіне кері әсері тиеді. Топырақты нығыздау әртүрлі катоктармен, малалармен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет