«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет9/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Практикалық сабақ №13.
Топырақтың технологиялық қасиеттерін талдау


Сабақтың мақсаты:Топырақ реакциясының құнарлылыққа әсерін, микробиологиялық, химиялық қасиеттерін зерделеу.

Топырақтың технологиялық қасиеттері деп – оны механикалық өңдеуде білінетін және технологиялық процестердің өту сипаттамасы мен заңдылығына әсер ететін қасиеттерін айтады. Топырақтың технологилық қасиеттеріне оның әртүрлі деформацияларға кедергісі (беріктігі), жұмыс органдарының бетіне үйкелісі және ішкі үйкелісі, жабысқақтығы, байланыстылығы, созылымдылығы, серпімділігі және абразивтілігі жатады.


Топырақты механикалық өңдеу жолдарын таңдауда өңдеуге кеткен қуат шығынын азайту үшін оның әртүрлі кернеудегі беріктік шегін білу керек.
Саздауыт топырақтың келесі беріктік сипаттамалары анықталған:
созғандағы беріктік шегі 5…6 кПа;
ығысқандағы беріктік шегі 10…12 кПа;
қысқандағы беріктік шегі 65…108 кПа.
Демек, топырақтың кіші беріктік шегі созу және ығысу деформацияларында білінеді. Топырақ өңдейтін құралдар жобалағанда осы технологиялық қасиетті ескеру қажет.
Жаншу кедергісі (топырақтың қаттылығы). Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдардың жұмыс органдары және басқа энергетикалық, тасымалдағыш және жұмыс машиналарының тірек беттері топыраққа әсер еткенде оны жаншиды. Сондықтан топырақты жаншу кедергісі топырақ өңдейтін және басқа да ауылшаруашылық машиналардың жұмыс жағдайларын бағалайтын сипаттамалардың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Топырақтың жаншу кедергісінің көрсеткішін анықтау үшін әртүрлі өлшеу құралдары қолданылады (1а сурет).
ОСТ 70.2.15-73 бойынша топырақты жаншу кедергісінің көрсеткіші ретінде, қаттылықты өлшегіш арқылы анықтайтын, «топырақтың орташа қаттылығы» пайдаланылады.
Қаттылық өлшегіш штангадан I, серіппеден 2, тұтқадан 3 және ұштықтан 4 (плунжерден) тұрады.
Тұтқаны басқанда қысым серіппе, штанга және ұштық арқылы топыраққа жетеді. Мұнда қысым күші топыраққа ұштықтың ену кедергісіне тең және ол серіппенің қысылуымен У , ал топырақтың сызықтық деформациясы λ ұштықтың топыраққа ену тереңдігімен өлшенеді. Жазғыш құралмен жабдықталған қаттылық өлшегіш У=f(λ) диаграммасын жазады. Серіппенің калибрін (қаттылығын) біле отырып, оның деформациясынан У күшті F=KУ (1ә сурет) анықтауға болады. Көлденең кесіндісінің ауданы бірдей, бірақ әртүрлі пішінді ұштықтардың топыраққа ену кедергісінің әртүрлі болуы тек олардың топыраққа енуінің бастапқы кезеңінде байқалады. Ұштық 5…6 см тереңдіктен әрмен енгенде F күші өседі.
Қаттылық өлшегіштің жыртылған қабаттағы диаграммасын топырақтың деформациясының екі фазасын сипаттайтын ОА және АВ түзулерімен аппроксималауға болады (2 сурет).
Бірінші фазада (ОА бөлігі) ең алдымен топырақтың серпімділігі әсерінен содан кейін ұштық астындағы топырақтың пластикалық тығыздалуына сәйкес F күші сызықтық деформацияға λ пропорционалды өседі.
Бірінші фазаның соңы мен екінші фазаның басы кіші өтпелі периодпен сипатталады. Бұл периодта ұштықтың алдында конус тәрізді өте қатты тығыздалған топырақтан тұратын ядро пайда болады. Екінші фазада (АБ бөлігі) топырақ конус тәрізді ядромен деформацияланады, ол топырақты жарып жан жаққа ысырады. Екінші фазада топырақтың деформациясының λ өсу кедергісінің F өсуіне әсер етпейді, топырақ «ағады», демек ол тұрақты қысымның әсерінен деформацияланады. Сонда топырақ деформациясы тек жүктелу функциясын ғана атқармай, оның әсер ету уақытының мөлшеріне тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет