«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы



бет4/33
Дата03.12.2023
өлшемі396,44 Kb.
#133834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Бақылау сұрақтары
1 Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны
2 Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы


Ұсынылған әдебиеттер:
1.Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. – Алматы: Жети жаргы, 2000.-С.7-77.
2.Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. – Алматы,Борки, 2002.
3. «Жер құқығы» Қазақстан Республикасы Мүхитдинова Н.Т. 2000 ж.
4.Жер кадастры. (Оқұлық). Алматы, «Агроунивериздат», 2001ж.


Дәріс №2. Жердің негізгі қасиеті және жер кадастры кезінде оларды есепке алу
Жоспар
1.Жер кадастрының халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлерімен және жерді үйлестірумен байланысы
2.Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы

Халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлері шаруашылық қызметіне жатады және ақпаратты бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға бағытталған /оларды бақылау және дамуына әсер ету мақсатымен процестерді сапалық көрсету, сипаттау/. Халық шаруашылық есепке алудың тиісті өлшемдері /натуралдық, еңбектік, құндық/, абсалюттік және салыстырмалы шамалары қолданылады.


Натуралдық өлшемдер/сан, ұзындық, салмақ/шарушылық құралдарының нақты түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық өлшемде көрсетуге болады /га/. Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік процестерді, әртекті объектілер мен процестердің /аудан, масса/ көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын салыстыру мүмкін емес.
Еңбектік өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек мөлшері, уақыт бірлігі /сағат, жұмыс күн/ ретінде қолданылады. Натуралдық көрсеткіштермен бірге олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін пайдаланылады.
Құндық өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді. Жер кадастрында оның көмегімен жерге жалпы баға береді.
Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі түрлері кіреді:
1/ статистикалық;
2/ бухгалерлік;
3/ қолма-қолдық /оперативный/.
Жер кадастырының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше. Онда статистикалық және жедел есепке алу сәттері жанастырылады.
Статистикадеп әдетте қоғамдық өмір немесе құбылыстардың жан-жағын сипаттайтын сан көрсеткіштері жиынтығын айтады. Статистикалық есепке алуда мәліметтерді алу, өңдеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолданылады. Ол толық, орта шамалық және т.б. әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында қолданады.
Бухгалтерлік есепке алуөндіріс жүрісін, кіріс, шығысты, қаржылық нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның объектісі шараушылық процестер, материалдық құндылықтар болып табылады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі, оған есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.
Жедел есепке алу объектісі болып жеке шаруашылық операциялар, сондай-ақ өндірістің жеке звенолары саналады. Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалық, еңбектік өлшемдерді қолданады.
Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында кең қолданады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттауда дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары, жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын мағлұматтарды жер кадастрында кеңінен қолданады. Әсіресе ақпараттар алудың, өңдеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы, жерді есепке алуда, бағалауда статистикалық топтау, бақылау және баланс әдістері, сондай-ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер, корреляциялық талдаулар қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры мағлұматтарын жер пайдалануды талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда пайдаланады.
Жер кадастры жерді үйлеструмен өте тығыз байланыста. Олар жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды үйлестіру керектігін объективті түрде себептейді. Былай айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы территориялық жағдайлар жасалынады.
Шаруашылықаралық жерді үйлестіру процесінде пайдаланатын жерлердің жаңа құрылымдары құрылып, кәзіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлестіруде өндірістік бөлімшелерді, шарушылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауспалы егістерді ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді үйлестіруде аз көлемді жер учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.
Жерді үйлестіру мәселелерін шешу-республика-мыздағы барлық жерлер мен әр жер учаскесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай-күйлері туралы нақты мағлұматтар алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелиорация, рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлұматарды алу және бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.
2. Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдында жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ, олардың арасында әрқашан бір белгілі байланыс болды. Сондықтан, олардың дамуы, жетілу тарихын, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде, Кеңестік жер кадастрының қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін дұрыс түсіну және оны әрі қарай дамуын алдын ала білу үшін оның пайда болуы мен және дамуының тарихын жақсы білген жөн. Бұл мәселелер осы бөлімде келтіріледі. Кеңес мемлекеті құрылуымен елімізде пайдаланылатын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы мемлекеттік әдіс ретінде жүргізіле бастаған.
Ал жерлерді бағалау тек жеке жер мәселелері мен шаруашылық міндеттерді шешуде ғана жүргізілді.Бірінші жылдары жер кадастрлық әдістердің және олардың міндеттерінің қажеттілігі "Жер туралы" декретінде кеңестік жер өзгертулерін жүргізу қажеттігімен негізделген. Декреттің 3-бабына сәйкес, помещик жерлерін тартып алу тәртібін қатаң сақтау, тәркіленген мүліктің дәл тізімін жасау, халыққа өтетін жерлерді қатаң қорғау ояздық шаруа депутаттарына жүктелді.
Болыстық жер комитеттері жергілікті жер қатнастарын реттеу, жалпы жерді қайта рәсімдеуді дайындау үшін қажетті мәліметтерді жинауға тиісті болды: әр болыстықтың жер мөлшері, сапасы, алқаптардың көлемі, табиғи мал азық жайылымдардың және өңдеуге, жыртылуға жататын жерлердің сапасын, жерлердің ауданын анықтау үшін барлық қол астындағы жоспарлы-картографиялық материалдар, басқа да құжаттар пайдаланылды. Тәркіленген жерлерге акт жасалынды. Оларға алқап түрлерінің, жерлердің барлық көлемдері көрсетіліп, тиісті жерлер тізімдері тіркелген. Жерді есепке алу, бағалау, бірінші кезекте жерді үйлестіру қажеттілігінен туды.
1919 ж. 14 ақпанда жарияланған БОАК бекіткен "Социалистік жер үйлестіру және социалистік егіншілікке көшу шаралары туралы" ережеде жер үйлестірудің міндеттері, мазмұны жүргізу принциптері анықталған. Осы ережемен жерді есепке алу міндеттері де белгіленген. Оны жүргізу тәртібі 1919 ж. 23 қырқүйекте РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен "Социалистік жерді үйлестіру мүддесі үшін жерлерді есепке алу бойынша нұсқаулармен" белгіленген. Кеңес кезіндегі жерлерді есепке алу бойынша бұл бірінші арнайы нұсқау болған. Ол жерлерді есепке алуды жүргізу тәртібін және жер есептік құжаттың мазмұнын белгілеген. Болыстық бойынша жер үйлестіру ісін дайындауда халықты және жерлерді есепке алу жүрді.
Жерді есепке алу бастапқы /негізгі/ және күнделікті деп бөлінген. Ол әр болыстық бойынша жеке жүргізілген. Үлестіруге жатқызылған, жатқызылмаған барлық жерлер есепке алынған. Болыстық территориялары "Есептік дачалар" деп аталатын бірнеше бөліктерге бөлінген. Есептік дачаның ауданы межелеу мәліметтері бойынша есептеліп, әр учаске орналасуына байланысты тиісті есептік дачаға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы /жайылым, шабындық, орман, бұта, жыртылған, бау, бақшалар, аула жерлері/ және ыңғайсыз /жыралар, құмдар, батпақтар, су/ деп бөлінген. Жерді есепке алуды жүргізу нәтижесінде барлық болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болған.
1918 ж. 25 шілдеде В.И.Ленин қол қойған Орталық статистикалық басқарма туралы Ережеде бірінше рет, басқа міндеттер ішінде, жерді тіркеу осы басқармаға жүктетілген. 1919 ж. заңды түрде ол бірінші рет жер жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау, жаңғырту бойынша белгілі әрекет түрі ретінде бекітілген. Оның жүзеге асуы іс жүзінде "Социалистік жерді үйлестіру және егіншілікке көшу шаралары туралы" Ереже қолданғаннан кейін басталды. Осы заңдық актде "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу үлестірілген жер қорын, жер пайдаланушыларды және болып жатқан бар өзгерістерді есепке алу мақсатымен жүргізіледі" деп көрсетілген. Бұл жазба құрылған жер пайлануларды болыстық карталарға түсіруден және жер тізімдерін жасаудан тұрған.
Жер пайдалануға құқықтығын дәлелдейтін құжат болып, осы жерді бөліп беру туралы жазба саналған. Бұл жазуды губерниялық жер бөлімі бекіткен. Жер пайдаланушыларға берілген жоспарларда және жерді бөліп беру туралы жазбада тіркеуден өткендігі көрсетілген. Негізгі тіркелуші бірлік ретінде жеке жер учаскесі алынған. Ол учаскені бір немесе бірнеше алқаптардан тұратын, басқа жер пайдаланушылар жерінен бір тұйық сызықпен шектелген жер ауданы құрған.
Мемлекеттік тіркеуге жататын мағлұматтар арнайы құжатта көрсетілген /болыстық карта, мекен картасы, мекен тізбегі, жер пайдаланушылардың тізімі/. Әр жеке жер учаскесіне жерді пайдалану бойынша іс құрастырылған, бұл істе барлық материалдар жинақталған.
1919 жылы 23 қыркүйекте РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік жазу тәртібі /жерді тіркеуі/ және рәсімдері туралы нұсқауда" Мемлекеттік жазуды жүзеге асыру тәртібі келтірілген. Пайдаланылатын жерлерді тіркеу бойынша бұл бірінші нұсқау болды.
1934 жылдан бастап жерді есепке алу бойынша арнайы есеп беру енгізілді. 1934 ж. 29 мамырындағы КСРО ХКК қаулысымен «Алқаптар және жер пайдаланулар бойынша "жерлерді үлестіру туралы есеп беру жөнінде" қолындағы бар құжаттар және материалдар негізінде аудандық жер бөлімдері есеп құрып, жоғарыға есеп беру міндеттері жүктелген.
1935-1938 жылдары ауыл шаруашылық артелдерге мемлекеттік актлер тапсырылды, керек жағдайда шаруашылықаралық жерді үйлестіру жүргізілді. Бұл кәдімгі дәрежеде есептік жер құжаттардың саласын және сенімділігін арттырды. Қоғамдық колхоз жерлерін талан-тараждан сақтау және жер істерінде тәртіп орнату мақсатымен 1939 ж. арнайы есептік жер құжаты енгізілді:
1. Колхозда – баулықтап тігілетін жер кітабы.
2. Аудандық атқару комитетінде – жерлерді мемлекеттік тіркеу кітабы.
Бұл кітаптардың жер есептік және жер тіркеулік мағынасы болған. Жерлерді есепке алу және онымен қоса тіркеу колхоз жерлерін талан-таражға салудан сақтауға мүмкіншілік берген. Бірыңғай жер қорының құрамы есепке алу барысында 5 санатқа бөлінген:
1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер;
2. Өнеркәсіп, көлік, арнайы арнаулы жерлері;
3. Қалалар және қала типтес поселкелер жерлері;
4. Мемлекеттік орман қоры;
5. Мемлекеттік босалқы жерлері.
1938 ж. бастап үлкен көлемде шаруашылық ішіндегі жерді үйлестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Жерді есепке алу үшін жерді үйлестіру алқаптары құрамын, жай-күйін сипаттаушы айрықша құнды мағлұматтар береді. Есепке алу жұмысы жақсы қойылған жерлерде жерді үйлестіру үшін қажетті мәліметтерді беріп отырды.
КСРО МК 1949 ж. 20 тамыздағы қаулысымен совхоз жерлерін мемлекеттік есепке алу кітабы енгізілген. Ол кітап екі бөліктен тұрған. Бірінші бөлігінде әр совхоз туралы жалпы мәліметтер келтірілген, ал екінші бөлігінде совхоз жерлерінің экспликациясы берілген. 1952 ж. бастап барлық колхоз, совхоздарында суарылатын жерлерді есепке алу мақсатымен жоспарлы-картографиялық материалдар дайындала бастады. 1953 ж. бастап суармалы жерлердің сапасын, жағдайын күнделікті есепке алу жұмыстары жүргізілетін болды.
Социалистік жер қатынастарының әрі қарай дамуы және жер пайдаланушылардың күшеюі барлық пайдаланылатын жерлерді бір жүйеде тіркеудің, бүкіл елдегі бірыңғай жүйесін құру қажеттілігін алға қойды. Елде пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу, есепке алудың бірыңғай жүйесі 1954 ж. 31 желтоқсанда қабылданған КСРО МК "КСРО жер қорын бірыңғай мемлекеттік есепке алу туралы" қаулысынан басталды.
1964 ж. КСРО АШМ нұсқауы бойынша В.В.Докучаев атындағы топырақ институты жерлерді мемлекеттік есепке алу мүддесі үшін топырақ топтарының жүйелі тізімін жасады. Топырақтардың агроөндірістік қасиеттерін, олардың тыңайтқыштарда, мелиоративтік шараларға мұқтаждығын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдары үшін олардың жарамдылығын ескере отыра, барлығы 117 негізгі топтар бөлінген. Топырақтардың топтары бойынша сипаттаумен қатар, алқаптар эрозиялану, тұздану, сортаңдану, топырақтардың фосфор, калийдің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі /100 г топыраққа миллиграмм есебімен/ дәрежесі бойынша бөлінеді.
1971 В.В.Докучаев атындағы топырақ институты топырақтарды бонитеттеу әдістемесін ашқан болатын. Оның негізінде барлық облыстарда топырақтарды бонитеттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Бұл нұсқауларға сәйкес бағалауға топырақ түрлері, сондай-ақ олардың кешендері жатады. Топырақтарды бонитеттеу негізіне олардың табиғи қасиеттері және шығымдылық дәрежесі алынды.
Ауыл шаруашылық экономикасының Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты ауыл шаруашылық өндірісінің басты құралы ретінде жерді жалпы бағалау әдістемесін тапты. Бұл әдіспен Мәскеу, Смоленск, Брянск обылыстарында жұмыстар жүргізілген. Жерлерді бағалау көрсеткіштері ретінде аудан бірлігіне қатынастанған өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім мен таза пайда алынған. Жерлерді бағалауды әр табиғи экономикалық ауданда таңдалған типті шаруашылық мәліметтері бойынша жүргізу ұсынылған. Бағалау шкаласы 100 баллдық жүйе бойынша құрылады.
Қазақ ауыл шаруашылық экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты жерлерді экономикалық бағалау көрсеткіші ретінде өзіндік құнды және салыстыруға келетін шығымдылықты алуды ұсынды. Экономикалық бағалау алдында топырақтарды бонитеттеу керек. Соңғының нәтижесінде физикалық, химиялық, гидрогеологиялық, биологиялық және т.б. табиғи қасиеттері, сондай-ақ, олардың кәзіргі мәдениелену жай-күйі бойынша топырақтар агроөндірістік тұрғыда топтастырылады. Бірқатар ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының жерді үйлестіру факультеттері мамандары жоғарыда айтылған жұмыстарға үлкен үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет