«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы



бет5/33
Дата03.12.2023
өлшемі396,44 Kb.
#133834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Бөлімге сұрақтар:
1. Жерді үйлестіру және есепке алуды жүргізу тәртібін реттейтін және анықтайтын бірінші Кеңес құжаттары.
2. Есепке алу дегеніміз не?
3. Жерді тіркеудің міндеттері қашан және қай құжатта бірінші рет көрсетілген?
4. Жерді бөліп беру жазбасы деген не?
5. Жер кадастрының негізгі бірлігі.
6. Жерді есепке алу жөнінде есеп беру қашан енгізілген?
7. Жер кадастрында қанша және қандай жер санаттары болған?


Ұсынылған әдебиеттер :
1.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2012.
2.Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
3.Қырықбаев Ж.Қ., Карбозов Т.Е.,Ахметов Е.С.Шаруашылықаралық жерге орналастыру. Оқу құралы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы. Астана,2017

4.Қазақстан Республикасының Жер кодексіЖаңартылған 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.(Өзгерістер енгізілген, басылымға 2022 ж.шыққан)


Дәріс № 3. Жерді тіркеу және есепке алу
Жоспар

  1. Жерді тіркеудің мазмұны және құжаттардың құрамы

  2. Заңды және жеке тұлғалар үшін жер учаскелерін бөліп беру, пайдалану құқығын тіркеу

  3. Жердің сандық және сапалық есебі, жер есебін жүргізу әдістемесі

  4. Жерді саны мен сапасы бойынша есепке алу және түгендеу

  5. Жерді түгендеу: ерекшеліктері, тәртібі және сипаттамасы

Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.


Ол - жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау,жүйелі сақтау және жаңалау кіреді. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Жер қорын тиімді және ұтымды пайдаланудың маңызды шарты болып, жер пайдалану мен жер иеленудің олардың нысаналы мақсаттарына сәйкес қатаң қорғау және тұрақтылығын құқықтық қамтамасыз ету жатады. Жер иелену мен жер пайдаланудың тұрақтылығын мемлекет қамтамасыз етеді. Бұл берілетін жер учаскелерінің көпшілігінің тұрақты (мерзімсіз) пайдалану мен жеке меншік болуына мүмкінділік жасайды. Бұл жерлер тек қана мемлекеттік қажеттіліктер үшін, заңды рәсімдерді сақтай отырып, барлық шығындарды, соның ішінде пайдаланылмаған шығындар мен пайданың және учаске құнын қоса төлеу арқылы алынуы мүмкін.
2.Жер учаскелері, заңға сәйкес, жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің, республика жер заңдарын бұзған жағдайда алып қойылуы мүмкін. Жер пайдалану мен жер иеленуді қорғауды жүзеге асыру үшін кімнің жер пайдаланушы немесе жер иеленуші екендігін және олардың пайдалану немесе иелену құқығы қандай нақты аумаққа тарағандығы туралы мәліметтер бар болуы керек. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу, нақты жер учаскелеріне меншіктік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу және олар туралы тиісті құжаттарға (жер-кадастірлік кітабына және жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ЖКААЖ) магнитті сақтауына) мәліметтерді жазумен байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Ол бәрінен бұрын жер учаскелерінің құқықтық жағдайы туралы мағлұматтарды қамтамасыз етеді.
Жер пайдаланушыларды немесе жер иеленушілерді мемлекеттік тіркелу рәсімделгеннен кейін, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беретін құжат (белгіленген формадағы мемлекеттік акт) пен бірге сол учаскенің жоспары беріледі.Жер учаскесін беру шешімінде оны қандай мақсат үшін бөліп берілетіні және жерді пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі.Пайдалануға жер бөліп беру барысында ауыл шаруашылық жер пайдаланушылардың басымдылығы қарастырылады.
Жер пайдалану немесе меншік құқығын беретін құжатта учаскенің нысаналы міндет атқаруы, бөлінетіні немесе бөлінбейтіні, сервитуттер мен басқа да ауыртпашылықтар мен шектеулер көрсетіледі.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануы мен иеленуі болуы мүмкін, жер учаскелері бір немесе бірнеше бөлек орналасқан , бірақ бірыңғай жер пайдаланушылықты береді, бір субъект соншалықты құқыққа ие, барлық бұл жерлерге иелік ету, пайдалану бойынша міндеттерімен белгілі бір құқыққа ие.
Жер пайдалану немесе иелену нақты жер учаскесі түріндегі Мемлекеттік тіркеуде болады, яғни кез келген жылжымайтын мүлік объектісі сияқты тек қана жер-кадастрлық кітабына еңгізіліп қоймай,тиісті органдардың мемелекеттік тіркеуінен өтеді.
3.Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады.
Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігі жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік объектісі ерекшелігіне байланысты.
Халық шаруашылығы салаларында жерлер әр түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және соған лайықты оның есебі жүргізіледі. Жер тұрғын үй, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, транспорт кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері мен ұйымдары және т.б. құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.
Өндірістің кейбір салаларында (ауыл және орман шаруашылығында) операциялық базис ретінде жер есебінен басқа, оларды өндіріс күштері, негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы мен пайдалануы туралы арнайы мәліметтерді алуға қажеттілікті туғызады. Бәрінен бұрын бұған ауыл шаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы мәліметтер жатады.
Жер учаскесінде жерді сапалы сипаттау және сандық бейнелеу үшін заттық (натуралды) өлшеуіштер қолданылады. Есепке алу, Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Соның үшін , оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.
Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады. Мемлекеттік есепке алудың объектісіне Қазақстан Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы жатады. Бөлек салаларда мүдделері мен міндеттерін есепке алу мен ведомостволық есепке алуды жүргізуге қажеттілік туады, оның объектісіне нақты ведомоствоның қарауына жататын барлық жерлер жатады.
Жердің ведомостволық есебі мемлекеттік есептің мазмұны мен талаптары бойынша құрылады. Жер есебі мемлекеттік шара ретінде мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі болады. Мемлекеттік жер есебі белгілі жүйе болып, оған жердің сандық және сапалық есебі кіреді. Оның даму заңдылығына жер категорияларының, жер учаскелерінің және алаптардың аудандарын анықтау дәлдігін жоғарылату, жер сапасы сипаттамасын кеңейту жатады.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер категориялары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі, жер бедері, жер оты құрамы қалыңдығы, мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі біріңғай әдіс бойынша, яғни жер категориялары мен бөлек зоналар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.
4.Есепке алу мәліметтері жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау көрсеткіштеріне қарағанда көбірек дифференцияланған және кеңейтілген болуы керек. Бұл есепке алу тек қана жер жағдайын ол жағы немесе бұл жағын анықтап қоймай, жаңа жер қорларын игеру және олардың өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды ашады. Есепке алу мәліметтері жердің жағдайы және нақты өлшемімен, оны жүргізген уақытпен сайма-сай болуы керек, сонда ғана олар пратикалық құнды көрінетін болады. Жерді есепке алу барысында, есептеу классификациясында қарастырылған жергілікті белгілер мен заттарды мүмкіндігінше дәлдікпен, нақтылықпен анықтау қажет.
Мемлекеттік жер қоры мемлекеттік жерді есепке алу объектісі болғандықтан, барлық жерлер,оның құрамына кіретініне, олар кімнің пайдалануы мен және иеленуіне жататынына, оларды қазіргі кезде пайдаланатынына және пайдаланбайтынына қарамастан есепке алынады.
Басқа сөзбен айтқанда, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлық жерін есепке алуды қамту принципін сақтау керек. Бұл оның жер категориялары, жер пайдаланушылар және алаптар бойынша қайта бөлісуі мен құрамын, жалпы ауданын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жерді есепке алуды дұрыс жүргізудің негізгі шарты – оны өз уақтында және тоқтаусыз жүргізу. Бұның өзі жер есебі мәліметтерін қазіргі кезгі деңгейінде ұстап тұрады. Бұл принцип жердің жер жағдайы мен пайдалануында өтетін сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі есепке алу қажеттілігін тудырады. Жер бетінде (натурада) пайда болған өзгерістерді өз уақытында анықтап бегілеп отыру және тиісті есепке алу мәліметтерін алу мен жазудың уақыты бойынша келісім орнату керек.
Жер есебі мәліметтері нақты және жеткілікті толық болғаны дұрыс. Есепке алу материалдары мен құжаттарында жазулар ебедейсіз және қиын оқылатын болмауы керек. Жер есебі мәліметтері тек қана текстік құжаттар болып көрініп қоймастан, жоспарлы картографиялық негізде міндетті түрде кескінделеді, ақпараттарды (цифрлы кестелер, текст, графиктер, диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) беретін және сақтауға мүмкіндік беретін компьютер технологияларын пайдалану мен магниттік тасымалдау-шыларда есепті жүргізу айтарлықтай жеңілдетілдірілген. Есепке алу барысында мәліметтерді алу және өңдеуде аз қаражатты қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды қолдану қажет. Есептеуіш компьютерлік техникаларды және тексеру мен түсірістің ең жетілдірілген әдістерін қолдану, республиканың жер қорын өз уақтында және дұрыс есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ал сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрын ойдағыдай жүргізеді.
Жерді түгендеу (инвентаризациялау) жер есебінің құрам бөлігі, бір жолғы есепке алу шарасы болып есептеледі. Оны жергілікті жерде, кадастрлық құжаттарда бар, тиісті мәліметтерді табу мақсат пен қажеттілік туғанда жүргізіледі. Бұл барыста табылған анықтаулар кадастрлық мәліметтерге және бірінші кезекте есеп алуға енгізіледі. Түгендеуді жүргізу барысында өндірісте бар болған жоспарлы-картографиялық және басқа да материалдар қолданылады. Жергілікті жердегі тиісті мәліметтерді табу жерді тексеру барысында жүргізіледі. Жергілікті жерде арнайы түсірістер қағида бойынша жүргізілмейді.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.
2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.
3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есепік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
5. Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Алғашқы есепке алуды жүргізуге байланысты кең көлемдегі жұмыстар туралы пікір айту үшін, мысал ретінде бірнеше мәліметтерді келтіреміз. Қазақстан Республикасы жер қорының жалпы ауданы (272.45 млн.га) есептелінді және 14 облыс, 161 әкімшілік аудан, 302 қалалар мен поселкелер және 7164 ауыл елді мекендер бар (01.01.1998 жылғы).
Азаматтардың иелігінде жеке қосалқы шаруашылық жерлері 230,5 мың гектар, 100,2 және 85,0 мың гектар жер бау шаруашылығы мен бақша өсіруге бөлінген.
Бастапқы жер пайдалану саны: шаруа қожалықтары – 63977, ауыл шаруашылық кооперативтер – 3310, шаруашылық серіктестіктер – 133, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар – 1594, мемлекеттік ауыл шаруашылықтар –1669 құрайды.
Ауыл шаруашылық алқаптары олардың түрлері мен түр тармақтары бойынша анықталады; топтар, класстар; топ тармақтары құрамы; механикалық құрамы бойынша топтық сипаттама беріледі, барлық ауыл шаруашылық алқаптарын бағалау жүгізіледі.
Алғашқы есепке алу түсірістер мен тексерулерді жүргізуге, жоспарларды құруға, аудандарды есептеуге байланысты. Анықталатын территория жерінің саны мен сапасы туралы толық және жан-жақты мәліметтерін алу үшін оны жоғары мамандандырылған мамандар жүргізеді. Ол келесі кезең жұмыстарына дайындық, далалық есепке алу бойынша нәтиже жұмыстарын рәсімдеуден тұрады.
Дайындық жұмыстары барысында анықталатын территория жерлерін саны мен сапасы туралы мәліметтерден тұратын барлық материалдар мен құжаттарды жинайды. Жерді пайдалануды тіркеу құжаттарын, топографиялық-картографиялық материалдарды, шаруашылықаралық және ішкі шаруашалықтық жерге орналастыру мәліметтерін, әр түрлі бағыттарды тексеру материалдарын жинайды және зерттейді. Егер материалдар ескерілмеген және натураға көшірілмеген жағдайда, жоспарды түзету бойынша жұмыстары көрсетіледі немесе жаңадан түсірістер, тексерулер жүргізіледі, яғни далалық жұмыс кезінің бағдарламасын анықтайды.
Далалық жұмыстарының жергілікті жердегі жер-есептік мәліметтеріне қажеттілік туғанда арнайы қызметтер жоспарланады. Бұл жұмыстарға түсірулер, тексерулер бұған дейінгі бар жоспарлы материалдарға түзетулер жатады. Далалық жұмыстардан кейін тиісті шаралар - топырақ талдау, жер есептік және мәліметтерді рәсімдеу, аудандарды есептеу мен үйлестіру, арнайы жоспарлық есептік құжаттарды құру орындалады.
Осындай жолмен алынған мәліметтерді белгілі бір тәжірибеде қарап шығады, бұдан кейін сапасы жақсы деректі мәліметтерді қабылдайды және есепке алу құжаттарына еңгізіледі.
Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелген және анықталған мәліметтер уақыт өтуге байланысты талапқа сай болмай жарамсыз қалады. Шаруашылық пайдалану процесінде жерді бөлу мен құрамында белгілі бір өзгерістер болады. Сонымен, соңғы жылдары жер учаскелерін нақтылауға, шаруа қожалықтарына, кооперативтер мен серіктестіктерге, ауылдық аудандардағы жерді бөліп беру өзгерді. Бұдан басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, шамамен 20%-тен, алқаптарды трансформациялау жүргізіледі, яғны жыл сайын алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Мелиоративтік шаралардың қысқаруына байланысты, табиғи мал азықтық алқаптар мен егістіктің сапасы өзгерді. Елді мекендер жері құрамында да үлкен өзгерістер болды және басқа жер санаттары жерлерінде құрамы мен құрлысында жыл сайын өзгереді.
Сондықтан алғашқы есепке алу құжаттарына еңгізілген мәліметтер ескіреді, оларды жаңарту күнделікті есепке алуды жүргізуге алып келеді. Күнделікті есепке алу міндетіне жердің саны мен сапасында, бөлінуінде болған өзгерістер туралы мәліметтерді анықтау және жазу, алғашқы есепке алу барысында жіберілген қателерді табу мен тиісті анықтауларды еңгізу кіреді. Құжатта тек заңды өзгерістер белгіленеді, сондықтан күнделікті есепке алу барысында тек қана нақты өзгерістерден басқа мен олардың заңдылығы да анықталады. Күнделікті есепке алуды жүргізуде негізгі есепке алу материалдары қолданылады және тек жердің пайдалану мен жағдайында өзгеріс болған территория бөлігі ғана өзгереді.
5.Жерді түгендеу – бұл жерге орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстар кешені:
- жерге орналастыру объектілерінің орналасқан жерін, олардың шекараларын, мөлшерлерін белгілеу;
- құқықтық мәртебесін белгілеу;
- пайдаланылмайтын, тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;
- тозған ауыл шаруашылығы алқаптары мен ластанған жерлерді анықтау және консервациялау;
- мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жерлердің сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу және олардың негізінде атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиісті шешімдер қабылдауы.
Жерді түгендеу елді мекендерде орындалатын жерге орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстардың (жерге мемлекеттік және коммуналдық меншік нысандарының аражігін ажыратуды жүргізу, жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын жасау, үй маңындағы аумақтарды белгілеу) базисі болып табылады. Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Ол әлеуметтікэкономикалық, техникалық және құқықтық іс-қимылдар кешенін қамтиды.
Жерге орналастыру әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық бағыты жерді шаруашылық жүргізудің табиғи объектісі ретінде ұтымды пайдалануды ұйымдастырудан тұрады; техникалық-іздестіру, түсіру, зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізуде; жерді пайдалану тәртібін, шарттарын және нысандарын анықтаудағы құқықтық. Жерге орналастырудың міндеттері халық шаруашылығының барлық салаларында жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру болып табылады. Оның көмегімен жерді пайдаланудың оңтайлы жағдайлары жасалады, оны пайдаланудың өңірлік, салалық, жеке (ішкі шаруашылық) ерекшеліктері ескеріледі және осылайша жерді пайдалануды ұйымдастырудың неғұрлым нақты міндеттері шешіледі.
1) жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және өңірлік схемаларын (жобаларын), Жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу;
2) қолданыстағы жер пайдалануды реттеу және құру бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу және бөлу, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындау;
3) жергілікті жерде елді мекендердің шекараларын (шегін) айқындау және белгілеу, оларды жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасау;
4) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
5) жерге орналастыру жобаларын әзірлеу, Бүлінген жерлерді қалпына келтіру және жаңа жерлерді игеру, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар;
6) жерлерге түгендеу жүргізу, пайдаланылмайтын, ұтымсыз пайдаланылатын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;
7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізу;
8) жер кадастрын және жер мониторингін жүргізу;
9) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасау;
10) Жер-бағалау жұмыстарын жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет