Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қырықбаев Ж.Қ., Озеранская Н.Л., Жаманқұлова Б.Г. Жерге орналастырудың теориялық негіздері. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет басылымы, 2014.
2.Варламов, А.А. Земельный кадастр. Том 5. Оценка земли и иной недвижимости. Учебник/А.А.Варламов.-М.:КолосС,2019.-349c.
3.Востокова, Л.Б. Бонитировка почв в системе земельного кадастра / Л.Б. Востокова. -М.:МАКСПресс,2019.-566c.
4.Землякова, Г. Л. Ведение государственного кадастра недвижимости как функция государственного управления в сфере использования и охраны земель / Г.Л. Землякова. - М.:Инфра-М,РИОР,2015.-376c.
Дәріс № 5. Қазақстандағы жер қатынастары: тарихи және құқықтық аспектілер, олардың даму ерекшеліктері
Жоспар
1.Жер кадастрының нормативтік-құқықтық құжаттары
2.Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды дамыту және жер қорын басқару жағдайындағы жер кадастрының рөлі
3.Жер кадастрының негізгі принциптері
ҚР Тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы, жер қатынастарын да қозғады. 1990 жылдан 2001 жылға дейінгі периодта заң шығарушы органмен және 2003ж. жер кодексі, ҚР Президентімен жер туралы заң пакеті қабылданды, онда принципиалды жаңа жер қатынастарын жариялайтын және жер қолданушылық сұрақтарын көрсететін, жер меншігі және жер нарығы. Жер заңдылығының хронология бойынша шартты түрде 4 этапқа бөлуге болады. Бастаушы этапында қабылданған: «Қазақ ССР-де халық шаруашылық туралы» заң 21 мамыр 1990 жылы;
Қазақ ССР-ң Жер Кодексі 16 қараша 1990 ж. «Қазақ ССР-де жер реформасы туралы » заң 28 маусым 1991 ж.; «Жер салығы туралы» заң 17 желтоқсан 1991 ж.; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Одағының Қаулысы «Азаматтарға және шетел заңды тұлғаларына, ұйымдарға және халықаралық бірлестіктерге біріккен кәсіпорындарға жерді қолдануға ұсыну тәртібі туралы жағдайын бекіту туралы» 3 шілде 1992 ж. Жер қатынастарының дамуының 2-ші этапы (1994-1995жж): «Жер қатынастарының реттеуінің кейбір сұрақтары туралы»Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 24 қаңтар 1994 ж. «Жер қатынастырының реттеуінің ары қарай дамыту туралыҚазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 5 сәуір 1994 ж. Реформаны жүзеге асырудағы 3-ші этапы (1995-2001жж): Заңдық күші бар «Жер туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 22 желтоқсан 1995 ж.; «Халық шаруашылық туралы» (фермерлік) заң 31 наурыз 1998 ж. 4-ші этаптың басы: «Жер туралы» заң 24 қаңтар 2001 ж. 5-ші этап Қазақстан Республикасының жер кодексі. Жер заңдылықтары Республиканың нарықтық экономикаға өту кезіндегі 90-шы жылдан бастап 1992 жылға дейінгі кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілерді өзіне кіргізеді. 16 қараша 1990жылы қабылданған Жер Кодексі, Қазақстан СССР құрамында болғанда қабылданғандықтан, СССР жер заңдылықтар негізіне – мағынасы бойынша одақтық заңға ұқсас болды. Жер кодексі тұрды: 13 бөлімнен, 35 бастама, 198 баптан. Кодекс көбінесе бұрын қызмет еткен Қазақ ССР-ң жер кодексінің қасиеттерін сақтады 1971жыл, және мемлекеттік жерге меншіктілік құқығының алынып тастау принципіне негізделді. Бұл принцип 28 қаңтар 1993жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында да бекітілген. Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, мемлекет тарапынан халыққа көрсететін қызметтерге байланысты. Атап айтқанда, бұл жер қатынастары саласындағы қызметтерге байланысты болады. Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 "Коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы "Мемлекеттік корпорациясы "азаматтарға арналған Үкімет" шешім қабылдануына орай, РМК " Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы" (РМК "Жерғөо"), РМК "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМҚК "Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" РМК, "Халыққа қызмет көрсету Орталықтары" қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
2. ҚР Парламентімен қатар ҚР Үкіметі де, министрліктер мен ведомстволар өз құзыреті шегінде орталық атқарушы орган жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігі ҚР жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды Қазақстан Республикасындағы орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республикасының, облыстардың жер кадастры (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)) құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің бірыңғай жүйесі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүргізеді, оларға қатысты орталық уәкілетті орган мемлекеттік басқару органы болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру қамтамасыз ету жүргізуге, топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен ізденістер, жерді мониторингілеу бойынша жұмыстар, сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, жасаумен, жер-кадастрлық істің нақты жер учаскесіне жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат жасау арқылы қамтылады.
3. Жер кадастрының негізгі принциптері - жүйесінің бірыңғайлылығы; - жүйесінің бірыңғайлылығы; - мәліметтердің сенімділігі; - мағлұматтардың толықтығы; - үзіксіздігі; - құжаттылығы; - мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы,қол жетерлігі; - үнемділігі; - орталық мемлекеттік басқару. Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы.Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи, шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында; екіншісі жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары /кәсіпорын, аудан, қала, облыс/ мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек. Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі.Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлділікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жәй-күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген кәзіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады. Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мағлұматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне /аудан, облыс, республика/ тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай-күйі, пайдалануы туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек. Жер кадастрының үздіксіздігі.Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар /есепке алу, тіркеу/ жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары /бағалық/ - оқтын-оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Жер кадастрының құжаттылығыдепжерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор. Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлік ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |