Тақырыптар, теориялық және тәжірибелік сабақтарға бөлінген әрбір тақырыпқа арналған сағаттар саны Кіріспе (1 сағат)
«Мәдени мұра» туралы жалпы түсінік беріп, тарихи құндылықтарға тоқталу.
Қордай батыр (1 сағат)
Батырдың тарихымен танысып, кесенесін аудандық картадан көрсетіп, жеткіншек ұрпаққа патриотизмдік және отансүйгіштік рухта тәрбие беру .
3. Өтеген батыр (1 сағат)
Батырдың өмір жолымен танысып, батырлығын дәріптеу, ерекше қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа түсіндіру.
Өтеген батыр ұрпағы (1 сағат)
Батырдың ұрпақтар шежіресімен танысады.
5. Ноғайбай Дәулетбақұлы (1 саға)тБидің өмірбаянымен және шешендік танытқандығын дәлелдейтін, құнды мәліметтерімен қосымша жұмыс жасау.
6. Кебекбай Байторыұлы (1 сағат) Өмірбаяны , шешендік өнерімен танысу.
7. Кенесары ханның соңғы шайқасы (1 сағат) Тарихта алатын орны туралы баяндау, олардың ескерткішін аудандық картадан көрсету, талдау.
8. Кекілік –Сеңгір жерінің тарихи маңызы (1 сағат) Тарихи жердің тұңғиық тарихымен танысу, шекара аймағын ажырата білу.
9. Наурызбай батырдың ерлігі (1 сағат)Тарихта алатын орны туралы баяндау, олардың ескерткішін аудандық картадан көрсету, талдау.
10. Байсерке Қылышұлы (1 сағат) Қазақ ұлттық өнеріне қосқан құндылықтарын білу.
11. Тілеміс шешен Есболұлы (1 сағат) Шешендік өнеріне баға беру
12. Кенен Әзірбаев (1 сағат) Ақынның өмірбаяны және шығармашылығымен таныса отырып, өлеңдеріне талдау жасау.
13. Қордайлықтар майдан даласында (1 сағат) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктеріне баға беру.
14. Николай Белашов (1 сағат) Кеңес Одағының батыры, 316- шы атқыштар девизиясының 28 жауынгердің бірі болған батыр ерлігіне баға беру.
15. Ағалар ерлігі ұрпаққа өнеге (1 сағат) Ауған соғысы ардагерлерінің батырлық қасиеттерін дәріптеу.
16. Нығмет Сауранбаев (1 сағат) Ғалым түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің өмірбаянымен және еңбек жолымен танысу.
17.Балжан Бөлтірікова (1 сағат) Қазақ КСР тұңғыш әйел министрі Б.Бөлтірікованың өмірбаяны, жиырма бес жылдық әлеуметтік қамсыздандыру, сыртқы істер және оқу министрі мен минстрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Б.Бөлтірікованың еңбек жолымен танысу.
18.Екейбай Қашағанов (1 сағат) Луговой ауданы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 2-ші және 1-ші хатшы болып істеген, Жамбыл облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы қызметін атқарды, 1962-1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы,1964-1980 жылдары Семей обкомының 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы болған ел азаматының қызметтік жолымен танысады.
19.Мұқтарбай Өтелбаев (1 сағат )Есімі дүние жүзіне әйгілі болған ғалымның өмір жолы-ғылымға бастар жол және ғылыми еңбектері, жетістіктерімен танысу.
20.Дәурен Әбіров (1 сағат) Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының балетмейстері, бас балетмейстері қызметінде Великановтың «Қамбар - Назым», Е.Брусиловскиийдің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Ғ.Жұбанованың «Аққанат» балеттерін қойған. Д.Әбіров биші ретінде «Жизель», «Аққу көлі», «Бақша сарай фонтаны», «Баядерка», «Шопениана» т.б. балеттерде жетекші партияларды билеген.
Зерттеуші ретінде «Қазақтың халық билері» атты кітап жазып, «Қазақ биінің кәсіби сахнада қалыптасуы мен дамуы» деген тақырыпта кандидаттық дессертация қорғаған.
21.Матан Мұратәлиев (1 сағат) Шығармашылық жолында ол «Абай» спектаклінде – Абай, «Қаракөзде» - Сырым, «Түнгі сарында»- Сапа, «Айман-Шолпанда» - Арыстан, тағы басқа да рөлдерде ойнады. Актер «Біз Жетісуданбыз», «Балалық шаққа саяхат», «Күсен-Күсеке», «Үрейлі таң» т.б. көркем фильмдерге түсті. 1982 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі» деген атақ берілді. Қазақ өнеріне қосқан еңбегін бағалау.
22.Рза Қунақова (1 сағат)Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің өмірбаяны мен атқарған еңбектері және жазған кітаптарымен танысу.
23.Ысқақбай Марал (1 сағат) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің өмірбаяны мен атқарған еңбектері және жазған кітаптарымен танысу.
24.Несіпбек Дәутайұлы (1 сағат)«Алма ағашының бұтағы», «Әнім сен едің», «Көгілдір көйлекті келіншек», «Аты жоқ әңгіме», 2 томдық «Айғыркісі» және «Мінез», «Ойынды еті он бөлек» кітаптарының, «Құдырет пен қасірет» романының авторы. Қазақ әдебиетіне қосқан, құнды деректерімен танысу.
25.Әшірбек Көпішев (1 сағат) «Дөңгеле күн, дөңгеле», «Таудан түскен тұман», «Бетқайнардың үкілі қамысы», «Көк аспанның әміршісі», «Құмайкөк», «Құмайкөктің көк аспаны» атты кітаптары жарық көрген. Еңбек жолымен танысады, шығармашылық жұмысына баға береді.
26.Гүлмәрия Барманбекова (1 сағат)1976 жылы Қазақ радиосының тілшісі қызметін атқарды. 1980 жылы Қазақ теледидарының спорт редакциясына спорт тележүргізушісі болып ауысқаннан кейін, «Рекордқа жол» атты очерктер жинағын жарыққа шығарады. Ол қазақ және Орта Азия елдерінің қыздары арасында спорттық мылтық атудан тұңғыш чемпиондықты жеңіп алған. Спорт шеберлігіне кандидат.
27.Раушан Базарбаева (1 сағат) 1990 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына мүшесі. Оның «Көктем - 1», «Көктем -2», «Желден де жылдам» гобелендері Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорданың төрінен орын алған. Сонымен қатар оның еңбектері Қазақстанның орталық мұражайына, әлемдік мұражайлар мен жеке галереяларға қойылған. Қазақтың суретші қыздарының ішіндегі тұңғыш мемлекеттік дәрежедегі өнертану профессоры.
28.Өжет Нүсіпбаев (1 сағат) Оның стилі – көне ұлттық тері өңдеу әдісі. Символдық сюжеттер. Архитепикалық тіл. Үйлесім мен қарама – қайшылық т.б. Қолөнер шеберінің туындылары республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге қатысып, Алмания, Түркия, Қытай, Жапония, Германия, Грекия мемлекеттеріндегі жеке коллекцияларға енген.
29.Мұрат Құсайынов (1 сағат) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерінің өмірбаяны мен атқарған еңбектері және еңбек жолымен жүріп өткен іздерін көрсету.
30.Қайрат Молдажанов (1 сағат) Алматы қаласында «Сакура» атты спорт клубын ашып, оған өзі басшы, өзі бапкер болып істеді. «Сакура» клубы қысқа мерзімде спорттың «каратэ-до» түрінен әлемдік деңгейдегі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.
31.Марат Мәзімбаев (1 сағат) Кәсіпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. ІВА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының, Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері, WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпионы.
32.Закир Тохтиев (1 сағат) Қ.Молдажановтың баптауымен каратэ-до спорт түрімен айналысып, Жапонияда өткен әлемдік біріншілігінде (Кеңес Одағы бойынша тұңғыш болып) дүние жүзінің абсолютті чемпионы атағын алған.
33.Голендова (Иванчукова) Светлана (1 сағат) 2014 жылы Қытай Халық Республикасында өткен Бүкіләлемдік универсиада да 4х100 метрлік қашықтыққа жүгіруде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Голендова 2015 жылы Багамкада өткен әлем чемпионатында, 2016 жылы Рио-де Жанейрода өткен олимпиадалық ойындарда да жүлделі орындары жеңіп алды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 100 метрге жүгіруден Азия құрлығындағы жүйріктер ондығына кірді. 2018 жылғы қысқы Азия ойындарының жеңімпазы, жазғы Азия ойындарының қола медалінің иегері.
34.Саяхат сабақ (1 сағат) Қордай жеріндегі тарихи - мәдени орындарға саяхаттау.