Жетістіктері: fe fe Аудандық


Бағыты: қоғамдық – гуманитарлық Авторлы



бет4/6
Дата22.06.2023
өлшемі93,55 Kb.
#102978
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бағдарлама Қордайдан шыққан тұлғалар

Бағыты: қоғамдық – гуманитарлық
Авторлық бағдарлама жұмысының өзектілігі:

Тарих пәні жылдан – жылға тұлғалардың, тарихи оқиғалардың артуымен үнемі дамып отырады. Осы даму барысында барлық тұлғалардың есімдері мен еңбектері толығымен ашыла бермейді. Біздің туып өскен жеріміз Қордай жерінен шыққан елімізге танымал тұлғалардың қоғамға қосқан еңбектерін, шығармаларын, жетістіктерін оқушыларға жеткізу. Туған өлкесі жайлы құнды мәліметтермен таныс болуы, дамуы туралы білімі, адам өмірі мен қоғамдағы алатын орнын, мақсаты мен мұратын түсіне білу, ажырата алу, өзінің тарихи ескерткіштерге, өткен оқиғаларға деген сезімі мен сеніміне құндылық қатынасы және жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау. «Туған жерге туыңды тік» демекші өз жерімізден шыққан тарихи тұлғалардың халық болып қалыптасудағы ерен ерліктерін білу, яғни қазақ халық болып қалыптаспай тұрғанда Қордай батырдың шығыстан келген жаудың бетін қайтаруы, Өтеген батырдың ХҮІІІ ғасырда қалмақты қыруы, Өтеген ұрпақтарының шежіре тарихын білуі, Кебекбай, Тілеміс шешендердің шешендігі, Ноғайбай бидің төрелігі, Біржан сал, Ақан-сері сияқты белгілі қазақ ақындарының ең үздік дәстүрлерін жалғастырушы Кенен Әзірбаевтың әндері, ұлттық ән-күйлердің алтын қорына енген Байсеркенің күйлері, Ұлы Отан соғысында 316- шы атқыштар девизиясының 28 жауынгерінің бірі Николай Белашовтың ерлігі, Мұхтарбай Өтелбаевтың математикаға, Ысқақбай Маралдың әдеби оқулықтарға, Раушан Базарбаеваның сурет өнеріне қосқан үлестерін білу және әріптестер арасында осы жұмысты тарату.


Бағдарлама білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.
8-сыныптарға – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатқа құрылған.

Жаңалығы:
- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында туған жерімізден шыққан тұлғалардың ұлттық құндылықтарын өскелең ұрпаққа жеткізу, таныстыру.

- Білім алушыларға қолжетімді болу үшін QR кодтар енгізілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет