Жетістіктері: fe fe Аудандық



бет5/6
Дата22.06.2023
өлшемі93,55 Kb.
#102978
1   2   3   4   5   6



Мақсаты: білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне, ата бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- Туған жерден шыққан тұлғалардың құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
- Білім алушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу;
- Тарихи тұлғалар жайлы нақты, шынайы мәліметтер беру;
- Білім алушылардың қызығушылықтарын дамыту арқылы білмдерін тереңдету және біліктіліктерін арттыру;
- Тарихи деректермен, карталармен және көрнекі құралдармен жұмыс істеу арқылы білім алушылардың зерттеу және ойлау қабілеттерін дамыту;
- Өскелең ұрпаққа патриоттық, адамгершілік тәрбие беру;
Ерекшелігі: Туған жердің тұнған тарихын, тарихи - мәдени кешендерімен танысу, зерттеу.
Күтілетін нәтижелері:



  1. Білім алушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.

  2. Қордай жерінен шыққан тұлғалардың қоғамға қосқан үлестерін, еңбектерін зерттеп жетілдіреді.

  3. Туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген құндылықтары қалыптасады.

  4. Білім алушылардың зерттеу және ойлау қабілеттері дамиды.

Тексеру әдістері: Аралық бақылау, тест тапсырмаларын, салыстыру кестелерін, анықтау, сипаттау, талдау жұмыстарын орындау.
Жұмыс істеу әдіс-тәсілдері:

  • Топпен жұмыс,практикалық тапсырмалар, лекция, ресурстармен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, тестік тапсырмалар

  • Негізгі тапсырмалар: Сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, АКТ, тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік міндеттерді шешу негізі ретінде, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау.

  • Оқушылар аудитория алдында сөйлеуге, өз көзқарастарын қорғауға, топпен жұмыс істеуге, ғылыми жұмыспен айналысуға, рефераттарды жазуға, электронды презентация жасауға үйренеді.



Авторлық бағдарламаның мазмұны
«Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» курсының
оқу тақырыптық жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет