Жетістіктері: fe fe Аудандық



бет2/6
Дата22.06.2023
өлшемі93,55 Kb.
#102978
1   2   3   4   5   6
Республикалық
2018 ж «Менің инновациялық сабағым» атты І Халықаралық оқытушылар сайысында «Ізденген жетер мұратқа» номинациясы бойынша ІІ орынға ие
болды. № П-01852.
2018 ж «ZIAT» Ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастырылған «Ең үздік ашық сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында І орынды
иеленді.№э00437.
2018ж мұғалімдерге арналған «NIO»Республикалық ұлттық
олимпиадасының ІІІ орын иегері. №000086932
2018ж оқушыларға арналған Қазақстан тарихы пәнінен А.Нүри №0000533, №А.Дәуіт 0000446 «NIO»Республикалық ұлттық олимпиадасының І орын иегері. Т.Әлік ІІІ орын иегері №000087940
2019ж «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының Алғыс хаты.
2019ж 5-сынып оқушысы Н.Нұржан «Ұлы дала жастарының жеті сыйы» атты І Республикалық онлайн байқауының ІІ орын иегері.
2020ж «Педстарт» Республикалық онлайн байқауының ІІ орын иегері.
2020ж «Жаңа ғасыр таланттары» Республикалық энциклопедия. Алғыс хат

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбдікәрімова Қызғалдақ Сағынбайқызының


«Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» атты авторлық
бағдарламасына берілген

ПІКІР

Тарих білімнің негізгі бөлімі болып саналады, себебі келешек ұрпақ міндетті түрде тарихымызды біліп, одан сабақ алса деген ойдамыз.
Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр демекші, әрбір азамат өз тарихын тереңдетіп оқуы тиіс. Осы тұста Қ.С.Әбдікәрімованың ұсынып отырған авторлық бағдарламасы 8-сыныпқа арналған. «Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» атты бағдарлама өте өзекті мәселеге арналған, яғни өз туған жерлерінен шыққан тарихи тұлғалардың, батырлардың, би -шешендердің жеткен жетістіктері, қоғамға қосқан үлестері, ерліктері, мәдениеттің әр саласына қосқан құндылықтарының тарихта олардың алатын орны ерекше екенін түсіндіреді.
Курстың мақсаты мен міндеті бағдарламаның мазмұнына сай алынған.
Мақсаты:білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне, ата -бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау дағдыларын дамыту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеті мен мәселесі көрсетілген оқушылар меңгеретін, оқушылармен жұмыстың формалары және орта мектеп тарихынан оқушы білімін кеңейтетін курс болып табылады.
Бағдарлама ғылымилығымен ерекшеленеді. Оқу материалдық құрылымы, автор ұсынып отырған бағдарлама өзекті және дәлелдемелер келтірілген. Оқу уақыты, бағдарламаны меңгеруге 34 сағат берілген, тиімді және нақты құрылған. «Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» авторлық бағдарлама туған жердің тұнған тарихын, тарихи - мәдени кешендерін құрметтеумен, ерекшеленеді. Бұл бағдарлама оқушыларды өзіндік және шығармашылық, зерттеу жобаларын жасауды ұсынады.
Мұғалімнің құрған бағдарламасы бекітілуі тиіс, себебі оқушылардың тарихқа, туған жерге деген қызығушылықтарын оятады және білімін кеңейтеді, мектеп бағдарламасындағы негізгі пәннің бірі болып саналады.

Директордың оқу ісі


жөніндегі орынбасары : Ж.Ғ.Баймаханбетова

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбдікәрімова Қызғалдақ Сағынбайқызының


«Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» атты авторлық
бағдарламасына берілген

ПІКІР

Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатта Қ.С.Әбдікәрімованың «Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» атты авторлық бағдарламасы оқушы деңгейіне бағытталып жазылған. Бағдарламаның өзектілігінде білім алушылардың туған өлкесі жайлы құнды мәліметтермен таныс болуы, туған жерден шыққан танымал тұлғалардың қоғамдағы алатын орнын, мақсаты мен мұратын түсіне білу, олардың ерен ерліктерін ажырата алуы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған жер құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпаққа туған жердің тарихын білу мен қатар Қордай жерінен шыққан тұлғалардың қазақ еліне қосқан ерліктерін нақты көрсеткен. Рухани дүниелер арқылы қоғамға үлкен маңыз берген бастама – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған.
Бұл курста мұғалім білім алушылармен жұмыс жасау барысында тиімді әдіс - тәсілдерді ұтымды пайдаланған. Білім алушы үшін жасалған жұмыс дәптері оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырумен қатар, пәнді оқыту барысында танымдық белсенділіктерін дамытады және тұлғаны жан-жақты дамытуда ойлау дағдыларын қалыптастырады және білім алушыларға кейбір ақпараттар қолжетімді болуы үшін, мектеп бағдарламасына арналған оқулықтардың QR кодтартары енгізілген.
Бағдарламаны элективті курс ретінде енгізуге болады.
Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері: К.О.Абдыкалыкова

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбдікәрімова Қызғалдақ Сағынбайқызының


«Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» атты авторлық
бағдарламасына берілген

ПІКІР
Білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет екендігі бізге мәлім. Ал, даму негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады. Осыған орай жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Ал, білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.


Әбдікәрімова Қызғалдақ Сағынбайқызының «Қордай жерінен шыққан тарихи тұлғалар» атты тарих пәні бағдарламасында тарих сабақтарында жаңартылған бағдарлама бойынша жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі, пәнді оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгісі, білім алушы үшін жұмыс дәптері берілген. Бұл бағдарламаның маңыздылығын айқындайды.
Бағдарлама ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттейді. Оқушылардың бойына өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту мақсатында мұғалімдерге тынымсыз еңбектену керек болады. Авторлық бағдарламада мұғалімге және оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі, соның ішінде бүгінгі күн талабына сай тақырыптық интернеттен іздеу – web сайттар, қолжетімді болу үшін QR кодтар нақты көрсетілген.
Бұл бағдарлама тарих пәні мұғалімдерінің оқу үрдісінде маңызы бар әдістемелік болып табылады деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет