Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

50
салыбек 
сағымбекұлы туралы 
толғау
Сонау  бір  алыс  жылдары... 
атам  қазақ  айранын  ұрттап, 
қойын  құрттып,  қазанатын 
ерттеп 
мінген, 
аманатын 
серттеп  жүрген,  жүрегінен 
отты рухтың жалыны өшпеген, 
дұшпаны 
алдынан 
кесе­
көлденең  өтпеген,  ағайынның 
қамы  үшін,  қара  қазан  сары 
баланың  наны  үшін,  ерлер 
түн  ұйқысын  бөлген,  ұлдар  оқ 
жонып,  әке  көрген,  қыздардан 
ұят  кетпеген,  шаңырақтан 
шырақ  өшпеген,  намыстың 
туы  жығылмаған,  қазақтар  орысты  көрсе  інге  тығылмаған...  
Иә,  осындай  бір  елдің  бірлігі  бұзылмаған,  бұғалық  басына 
түспеген  заманда  Қазығұрттың  күңгейі  Арыстың  аңғарындағы 
Қаражантақ  өңірінде  есімін  ел  білетін  Сағымбек  атты  дәулетті 
адам өмір сүріпті.
Содан жаңа низамының мыңда тоғыз жүз он төртінші (1914) 
жылы Сағымбек байдың бәйбішесі Салыбек атты ұл тапқан. Ол 
заманда қазақтың баласы, түйенің қомында туып, аттың жалында 
ер жететін. Алты жасында атқа шабатын. Он жасында арқандап 
асау  мінетін,  тайпалтып  тойда  жүретін,  бір  мүшелге  толғанда 
пышақ азуы қышыған жас бөрідей жалаңдап көкпардың маңына 
баратын. Лып етіп шетке шыққан серкенің санына жармасатын... 
Сөйтіп,  қарымын  шыңдайтын,  жүрегін  тақайтатын,  білегін 
бекітетін, тақымын қатайтатын. 
Әр қазақтың ұлы осындай мектептен өтетін. Оған төзбеген 
боркемік  жанды,  кеміс  туған  кемік  көретін.  Ондай  бейбақ 
қаратабан қойшыға айналатын. Бір сөзбен айтқанда, ұлы дүбірге 
төтеп  бере  алмай,  беті  қайтып,  жүрегі  тайқып,  сыннан  өтпей 
қалған  ұлды  аталастары  «әкеден  кері  кетіп  туған  ынжық»  деп 
бағалаған.  Яғни,  бағзы  заманда  көкпар  дегеніміз  –  ер  мен  езді 
бір­бірінен айыратын теңдессіз құрал болған. 
салыбектің сарқасқасы 
Сонымен,  әуелгі  әңгімеге  қайта  оралсақ:  жоғарыдағы 
Сағымбек байдың тұңғышы Салыбек он төрт жасқа толғанда ел 
бүлінді.  Кәмпеске  дейтін  заң  шығып,  бардың  малын  сыпырып 
алды.  Маңдай  терімен  тапқан  ақ­адал  дәулетінен  айырылған 
ел  Өзбекстанға  босып  кетті.  Ол  жақта  ширек  ғасыр  өмір 
сүрген  Сағымбектің  балалары:  Салыбек,  Балбек,  Қырғызбай, 
Райымжандар айналып қазығын тапты. 
Салекең  сол  жақта  жүргенде  өзбек  балуандарымен 
(көкпаршыларды  осылай  атайды)  додаға  түсіп,  тақымын 
шынықтырды.  Жарықтықтың  көкпарға  берілгені  соншалық 
өзінің  өмір сүрген 77 жыл ғұмырында үкіметке бір күн еңбек 
етпеген  екен.  Тіпті  еңбек  кітапшасыда  болмаған,  зейнетақы  да 
алмаған, тек көкпардың қызығына батып, аламан доданың дуын 
қыздырып, өмірден озған.
Көкпар болған соң әрине, ат керек. Ат болғанда жаба тоқып 
міне  салатын  қойторы  емес,  күштілігі  өгіздей,  ұшқырлығы 
сұңқардай,  ептілігі  еліктей,  иесі  тақымын  қысып,  тізгінін 
қаққанын жазбай танып, мүлтіксіз орындайтын жылқы болмаса, 
көкпаршының  бағы  жанбайды.  Сондықтанда  болар  оңтүстік 
өңірде көкпардың атындай қымбат дүние жоқ және оны баптау 
өз алдында бір ғылым.
Сонау бір 50­60жылдары Салекең көкпарға атақты сарқасқа 
атымен шығып, кейбір кездерде жан баласына салым ұстатпаған 
кездері де болған. Ел арасында «Салыбектің сарқасқасы» деген 
ат  аңызға  айналған.  Бұл  ат  Шәуелдір  жақта  өмір  сүрген  керей 
Кәдір  деген  кісінің  тума  құлыны  екен.  Осы  Кәдірдің  әйелі 
Қызбала  Салекеңе  қарындас  болып  келеді.  Бірде  Темір  өңіріне 
көкпарға барып келе жатып Салыбек жаңа туып тұрған құлынды 
көзі  шалған.  Басында  сылым  ет  жоқ,  тізесі  еменнің  шорындай 
шодыр,  сауыры  шоқтығынан  қарыс  сүйем  көтеріліп  тұрған 
құлынды  көргенде  көкпаршының  көзі  жайнап  кеткен.  «Құдай 
бұйырса аламан додада алдыңа ат салмайтын, тартыста таудыда 
құлатын жылқы боларсың» деп түйген.
Арада  жыл  өткенде  Кәдірдің  анасы  дүниеден  озып,  келесі 
жылы  алыс­жуықтағы  ағайын­тумаларын  шақырып  анасына  ас 
береді.  Көппен  бірге  ас­тойға  Салекеңде  келеді.  Жай  келмейді 
қосақтап  төрт  жылқы  жетектеп  келеді.  Бұл  келістің  тегін 
емесін  сезген  Кәдір  ұстада  аңғарады.  Кәдекең  жай  қатардағы 
көп  ұстаның  бірі  емес,  қолынан  өнер  тамған  жан  екен.  Соғыс 
жылдары  Қажымұқан  балуан  осы  Шәуелдір  жерінде  ел  аралап 
өнер көрсетіп, ұшаққа ақша жинағанда балуанның керек­жарағын 
осы Кәдір ұста дайындап беріп отырған. Тіпті Қажыекеңе арнап 
арнайы арба да жасаған. 
Сонымен жоғарыдағы астың соңғы тойға ұласып, ел көкпар 
шабады.  Салыбек  шабандоз  өзінің  сыралғы  торысымен  үш 
дүркін  мәре  көреді  (жеңіс  алады).  Ас  тарқар  тұста  Салыбек 
күйеу баласы Кәдірге келіп: «Кәдіржан менің ана бір қосақтап 
алып  келген  төрт  жылқыны  байқаған  соларсың,  солар  сенікі» 
дейді. «Не үшін». «Кәдіржан сен ана бір сарқасқа тайыңды маған 
бер».  Кәдір  қатты  ойланып  қалады.  Сарқасқаның  тегін  жылқы 
емесін өзі де білетін. Жылқылар түскі ыстықта іргедегі дарияға 
құлағанда  осы  сары  тай  өзеннің  тереңіне  жүзіп  барып,  судың 
ішінде балық сияқты аунап­қунап ойнайтын.  
Ақыры  Кәдір  өзі  бір  шешімге  келе  алмай  ауылдың 
ақсақалдарын  жинайды.  Олар  айтады:  «Кәдір  қарағым,  мына 
Салыбек  көкең  аты  шығындаған  әйгілі  көкпаршы,  сен  сары 
тайыңды бер!». Осылай сарқасқаны қолға түсірген Салекең риза 
болғаны соншалық астындағы көкпар торысын да «сарқасқаның 
қазығы бос тұрамасын» деп байлап кетеді. 
Салекең  сары  тайды  жетелеп  ауылға  келеді.  Жол  бойы 
асықпай  120  шақырым  жерге  10  күн  жүреді.  Аты  әкелген  соң 
жақсылап  баптайды.  Жарықтық  жақсы  атты  ханның  тағынан 
артық көрген жан екен. Басқасы басқа былайғы ел­жұрт ас­суға 
ұн  таппай  отрыса,  Салыекең  атын  таза  бидай  беріп  асырайды. 
Тұнық сумен суарылған жасыл жонышқаның көгін ғана береді. 
Қысы­жазы  жабулап  ұстайды.  Сиыр  су  ішкен  ыдыспен  ат 
суармайды.  Сарқасқа  атты  тұрған  жерінде  зәр  сындыртпайды, 
тезек тастатпайды. Тайынан үйреткені соншалық жануар жылқы 
зәр  қсықанда  арқырап  кісінейді.  Үйдегілердің  бәрі  үйренген 
жүгіріп  шығып,  алысқа  жетектеп  барып  зәрін  төктіріп,  тезегін 
тастатып қайта әкеліп байлайды.
  Көкпар  таяғанда  тіпті  басқаша.  Салекең  атымен  бірге 
қорада түнейді. Оның әрбір қимылын бағып, кірпік қақпай қарап 
жатады.  Етін  қатырады,  қазысын  ортайтады,  күніне  бірнеше 
дүркін мініп­түсіп бұлшық еттерін ширатады. 
Содан кейін Салекеңнің көкпарға аттануы өз алдына бір той. 
Барлық бала­шағасын жинайды. Салыекеңнің үлкен қызы Рахия 
апайдың  айтуына  қарағанда,  әкесінің  көкпарға  аттануы  үлкен 
мереке. Барлық баласы жиналып аттандырады. Құтты бір алапат 
шайқас  жоңғар  соғысына  бара  жатқандай  Салекең  бұршақтай 
түйіліп, сұңқардай шүйіліп, қаһарын сыртына шашып атқа қонады.  
Ал, сарқасқа ат тіпті өзгеріп сала береді. Қорада байлауы тұрған 
жуас атты танымай қаласыз. Қос жанарында от ойнап, ауыздығын 
қарш­қарш шайнап, омырау еті бұлт­бұлт ойнап, жердің үстінде 
желмен жеңіл  ұшып бара жатқан қаңбақтай сырғиды.
Салыбекпен қатар көкпар шапқан адамдардың қатары әлі де бар. 
Атақты көкпаршы Құланхан Жақыпов айтады: «Салыбек көкемді 
біз әбден қуаты қайтқан кезде көрдік. Соның өзіне жас жігіттерге 
салым бермейтін. Ортадағы қырғын додаға көп түспейді, тегі атын 
аялайтын  болуы  керек.  Додадан  көкпар  алып  шыққан  адамды 
аңдып тұрып жұлып әкетеді. Жолай тоқтатам деу бос әуре. Салекең 
ғасырда бір туатын тұлға еді ғой...».
Осылай Салыбек пен сарқасқа аттың атағы Түркістан, Шәуелдір, 
Шаян, Төрткүл одан былай Қазықұрт, Шардараға дейін жайылады. 
Сондай күндердің бірінде ауыл арасында шағын жиын өтіп, үлкен 
ақсақалдар қолбала көлік есектерін мініп топ­топ болып әңгімелесіп 
келе жатады. Сонау бір шетте сарқасқа атын сылаңдатып Салыбек 
келе жатады. Осы оқиғаны көрген бір ақсақал айтыпты: «Мына есек 
мініп  келе  жатқан  шалдардың  бар  байлықтары  үйлерінде  қалды. 
Әрбірінің жүз­жүзден қойы бар. Өздері есек мініп келе жатыр. Ал, 
ӘЙГІЛІ КӨКПАРШЫ

51
ана бір сарқасқа ат мініп келе жатқан адамның бар байлығы астынд. 
Жалғыз атынан басқа түгі жоқ...».
Күндер  сырғып  өтіп  жатты.  Шамасы  1960  жылдырдың 
басында  Айдар  Ахметов  деген  адам  анасының  жылдығын 
өткізіп, аспен бірге көкпар береді. Оған сарқасқасын сылаңдатып 
Салыбек шабандоз да келеді. Бірден бес салымды қатар алады. 
Сарқасқа  ор  қояндай  ырғып,  сыныптай  сусиды.  Салыбек  пен 
сарқасқаның  үйлесімін  көрген  жан  баласы  таңдайын  қағады. 
Бірақ осы сәтте күтпеген оқиға орын алады. 
Салекең терін сүртіп ортаға беттеп келе жатқан. Астындағы 
аты  арқырып  кісінейді.  Қараса  аттың  құлағына  дейін  қарайып 
кеткен. Түсе қалып, ерін сыпырады. Арқасы да қаражолақтаныпты. 
Жануар  иесінің  иығына  басын  сүйеп,  көзінен  жас  парлайды. 
Салыбекте  бір  пәленің  боларын  сезіп,  ауыр  күрсінеді.  Амал 
қанша сол жерде көз тиіп сарқасқа пышаққа ілінеді.
Осы оқиға жайлы Салекеңнің үлкен қызы Рахия апай айтады: 
«Сарқасқа ат өлерден бірнеше жыл бұрын мен күйеуге шығып, 
жеке отау құрып кеткен едім. Мен барған елде үлкен көкпар өтті. 
Оған  әкемнің  де  келгенін  естідім.  Кешке  үйге  келсем  әкей  ер­
тоқымын  арқалып  үйде  отыр  екен.  Аты  көз  тиіп  өліпті.  Қатты 
қамықтым...».
бурыл аттың кӨз жасы
Салыбек көкеміз көкпар қуып жүргенде мына жақта ұлдары: 
Жора,  Дүйсен,  Алмас,  Болаттар  ер  жетіп,  тіпті  үлкені  Жора  ел 
қатарлы  қызметке  ілініп  те  үлгерген  екен.  Әкесінің  аты  өліп, 
қанаты  қырқылғанын  аңдаған  ұлдары  ауыл­аймақтан  сұрау 
салып,  жақсы  ат  іздейді.  Содан  Тоқсансай  ауылында  Өмірбек 
дейтін адамда дөнен шығар бурыл ат бар дегенді естиді. Жора 
ағамыз арнайы барып көрсе, әкесінің тақымына татитын сияқты. 
Шауып әкесіне келеді, «Тоқсансайдан дөнен шығар бурыл ат 
көрдім». Салекең: «Енді қайт дейсің?». «Барып көрмейсіз бе?». 
Ақсақал  үнсіз  ер­тоқымын  қолтықтап  көлікке  келіп  отырады. 
Жора екеуі бурылды көреді. Бірден ұнайды. Ай­шай жоқ бурыл 
дөненге тоқым салып, ертейді де мініп жүре береді. Жора: «Көке 
қайда барасыз, әлі саудаласқан да жоқпыз ғой...». Салекең аттың 
басын іркіп, артына бұрылып бір қарап: «Саудалас та, ақшасын 
өзің төле!». Әке үкімі балаға заң. Болды, бітті.
Осы бурылмен көкеміз қайтадан көкпардың айдына шығып, 
шортандай жүзеді. Жора ағамыз әңгіме үстінде мына бір оқиғаны 
айтып  берді:  Бірде  жұмыс  бабымен  ел  аралап  келе  жатып, 
еңгезердей  қаияға  жолықтым.  Жасында  дес  бермес  шабандоз 
болған  екен.  Барып  сәлем  бердім,  ақсақал,  «кім  баласының?» 
деді,  «Салыбек  Сағымбековтың  баласы  баламын».  Ақсақал 
еңсесін тіктеп түзеліп отырды. «балуан Салыбек пе?». «Иә».
Ақсақал  айтыпты:  «Жасымда  атақты  шабандоз  болдым, 
нағыз  болып­толып  тұрған  шағымда  мына  Темір  жақта  біреу 
көкпар  бергелі  жатыр  дегенді  естім  аттандым.  А  дегенде 
салымды іліп алып мәреге қарай шауып келе жатыр едім, бір жап­
жас  жігіт  қапталдай  келіп  жармасты.  Ішімнен  «мына  бейбаққа 
не  жорық,  дәмесінің  зорын  қарашы»  деп  ойлап  қоям.  Сарт 
етіп серкеге жабысты. Қолы шала ілініп шығып кетті. Қарасам 
қайдадан  індетіп  келе  жатыр.  Ашуым  келіп,  бетін  қайтарып 
тастамақшы  болып,  өзім  де  жанасалай  бердім.  Қолы  серкенің 
аяғына ілінгендей болып еді, іркіп тартып қалғаны. Алғашында 
қара  саным  үзіліп  кеткен  шығар  деп  ойладым.  Есімді  жисам 
серке ана жігіттің тақымында кетіп бара жатыр. Осы оқиғадан 
кейін көкпарды тастап кеттім. Аяғым жарамай қалды. Артынан 
сұрастырсам, сол жігіт сенің әкең екен...».
Салыбек шабандоздың бурыл атпен дода көргенін жергілікті 
жердің  азаматты,  ақын  Құрманәлі  Жылқыбай  былай  деп 
суреттепті:
...Шабандоздың болғанымен саны көп,
Мәре алыс, жете алмайды бәрі кеп,
«Құйындатып топты жарып шығатын»,
Деседі жұрт «қарт шабандоз» Салыбек.
Кеткенімен өмір­өзен ағызып,
Ұмытқан жоқ көзін көрген әлі жұрт,
Ол жайында ертегідей айтады,
Қариялар сөздің майын тамызып.
Жағалауға жақындатып жас шықты,
Жүйрік уақыт өте шағыр – қас қақты.
Жетпіс жаста жігер оты сөнбеген,
Салыбек қарт бурыл тұлпар баптапты.
Қырағыға біткен аттың бағы бар,
Пырағы да түсінгенде шағынар,
Қырдан шықса тұяқтардың дүбірі,
Қазығында тыпыршиды жануар.
Ерттеп мініп, сосын Сәкең тұлпарын,
Тартып тұрар беткейіне қырқаның,
Айқасып бір асыр­тасыр додада,
Құмарынан  шығаратын  сұңқарын,  -  деп  ұзақ  ұзақ  толғау 
жазыпты. 
Осылай  күндер  өтіп  жатты.  1991  жылы  Темірланда 
Қажымұқанның 120 жылдық тойы өтті. Осы тойдың бас балуаны 
(оңтүстікке  көкпаршыны  «балуан»  дейді)  ретінде  77 
жастағы Салыбек қария көкпарға шығып, соңғы салымын 
салады. Кешікпей сырқат меңдеп жатып қалады. Бурыл ат 
дүркін­дүркін иесін іздеп, кісінейді. 
Жылқы баласының тілін білетін Салекең дерт меңдеп,  
төсек  тартып    жатса  да,  бала­шағасына  «мені  далаға 
шығарыңдар»  дейді.  Үйдегілер  ақсақалды  аулаға  төсек 
салып,  далаға  алып  шығады.  Бурыл  иесінің  иісін  сезіп, 
құлын дауысы шырқырап қоя береді. Салекең, «атты алып 
келіңдер!»  дейді.  Екінші  ұлы  Дүйсен  байлаулы  тұрған 
тұлпарды  жетектеп  алып  келеді.  Ақпақ  қудай  сүйегі 
арса­арса  төсек  тартып  жатқан  иесін  көрген  бурыл  ат 
ышқынып келіп, шалды искейді. Қос жанарынан парлаған 
жас  ақсақалдың  жастығын  жуады.  Онымен  қоймай 
есті  жануар  иесіне,  «орныңнан  тұр»  дегендей,  көрпесін 
жұлқып, жастығын тістеп лақтырады. 
Мына  оқиғаны  көріп  тұрған  адамның  бәрі  бурыл 
атпен  бірге  көз  жастарын  төгеді.  Сол  күннің  кешінде 
атақты шабандоз, өмірін көкпарға арнаған Салыбек қария 
дүниеден өтеді. Иесінің бақиға көшкенін сезген бурыл ат 
иесін аза тұтып, көзінен жас парлап ұзақ жылайды. Жем­
шөп жемей қанжардай қатады. Ақыры атта өліп тынады.
Түйін:  көкпар  қазақтың  рухын  оятып,  қуатын 
шыңдайтын спорт. Бірақ көкпар тарту үшін алдымен 
ат керек. Қазақты аттан айырса, оның ұлы рухы сынып 
қаларын  отарлаушылар  жақсы  білді.  1960  жылдары 
солтүстік өңірде жылқы обасы шыққы деген желеумен 
жарты миллион жылқыны атып-қырып жерге көмді. 
Қазақ қанатсыз қалды. Бұл сойқанға оңтүстік ілікпей 
аман қалды. Сондықтан а болар ол жақта көкпар бар және 
Салыбек  Сағынбекұлы  сияқты  шабандоздардың  мектебі  әлі 
үзілген жоқ. 
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

52
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бір 
топ  ғылыми  қызметкерлері  «Шетел  қазақтарының  фольклоры, 
әдебиеті  және  өнері»  атты  ғылыми  зерттеу  жобасы  аясында 
Моңғолия  және  Ресей  Федерациясы  Алтай  Республикасының 
Қос  ағаш  елді  мекеніндегі  қазақтардың  мәдени  мұрасын 
зерттеу  мақсатында  іссапарда  болып  қайтты.  Жоба  «Еліміздің 
интелектуалдық  әлеуеті»  басым  бағыттары  экономикалық, 
әлеуметтік  және  гуманитарлық  ғылым  салалары  бойынша 
жүргізілетін  іргелі  және  қолданбалы  зерттеулер  негізінде  ҚР 
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қолға 
алынды. Жобаның мақсаты қиыр және таяу шет ел қазақтарының 
фольклоры,  әдебиеті,  бейнелеу,  музыка  және  театр  өнеріндегі 
құнды  әрі  көп  қырлы  кешендерін    тарихи­мәдени  және 
әлеуметтану тұрғысынан кеңінен зерттеу болатын.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана диаспорология ғылымы 
қалыптаса бастады. Әлемнің 45 мемлекетінде өмір сүретін қазақ 
диаспорасы  ірі  этностық  топ  болып  есептеледі.  Жалпы  саны  5 
млн.  жуық  қазақ  диаспорасының  басым  бөлігі  Қазақстанмен 
көрші  қонған  мемлекеттерде  өмір  сүреді.  Шетелдегі  қазақ 
халқының  рухани  құндылықтары  фольклоры,  жазба  әдебиеті, 
өнері қазақ халқының бай мәдени мұрасының  ауқымды бөлігі 
екені  даусыз.  Халқымыздың  дәстүрлі  мәдениеті  мен    рухани 
қазыналары  сол  ортада  жақсы  сақталып  қалғандығын,  оны 
жинау, зерттеу ісі маңызды екендігін  Дүниежүзі қазақтарының 
ІҮ  құрылтайында    Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Біз  көрші  елдерде 
қазақтың  қаймағы  бұзылмаған  ұлтымыздың  аса  құнды  рухани 
мұралары  сақталғанын  жақсы  білеміз.  Білім  және  ғылым 
министрлігі  мен  Мәдениет  министрлігіне  экспедициялар 
ұйымдастырып,  осындай  құнды  мұраларды  жинақтауды 
тапсырамын» – деп, қадап айтқан болатын. 
Шетел  қазақтарының  мәдениетінің  дамуына  әсерін 
тигізген  этномәдени  факторлар  мен  ұлттық  діл  мәселелерін 
бақылау,  жергілікті  мәдениет  пен  көркем  дәстүр  синтезінің 
ерекшелігі  мен  өзара  әсерін  ашу,  шетелдегі  қазақ  шеберлері 
шығармашылығындағы  дәстүрлер  мен  өзге  ықпалдардың 
байланысын айқындау.
Шетелдегі  қазақ  шеберлерінің  шығармашылығындағы 
кескіндеме,  графика,  театр  және  музыка  өнерін  зерттеп, 
жинақталған  материалдарды  жүйеге  келтіріп,  хронологиясын 
жасау,  алыс  және  жақын  шетел  қазақтарының  рухани  мәдени 
үлестерін  анықтау.  Қазақ  диаспорасының 
рухани  мәдениетін,  фольклорын    жинау, 
зерттеу,  жариялауды  мақсат  ететін  бұл 
жоба  әлемдік  мәдениет  кеңістігіндегі  қазақ 
рухани мұрасын жинап пайымдау,  шетелде 
сақталған қазақ мәдениетінің жауһарларына 
іздеу 
жүргізудің 
өте 
қажеттілігінен 
туындады.  Өйткені  шетелдегі  қазақтардың 
мәдени,  рухани  мұралары  бүгінге  дейін 
жүйелі, мақсатты, кешенді ғылыми нысанға 
айналмағандығы белгілі. 
Алдымен  бізді,  ол  жақтарда  не  болуы 
мүмкін, қай саланың мамандары бару керек, 
және  оларды  қызықтыратын  материалдар 
ол  жерлерден  табыла  ма  деген  сұрақтар 
мазалаған.  Осы  мәселе  жайын  сұрастыра 
келе  біз  институттың  фольклортанушы, 
әдебиеттанушы,  музыкатанушы,  театр­
танушы, 
өнертанушылардан 
құралған 
бірнеше  саланың  мамандары  бірігіп 
экспедицияға  шықтық.  Бірге  барған 
кәсіби  фото­видео  оператор  біз  болған 
жерлерде  кезіктірген  құнды  материалдарды 
таспаға,  фотоға  түсіріп  алып,  іссапардың 
қорытындысы  бойынша  жасалынатын  деректі  фильмге  мол 
материал жинақтады.
Өскемен мен Баян Өлгий аймағын жалғаған әуе қатынасының 
белгілі  себептермен  тоқтап  қалуы  біздің  экспедицияның 
сапарын ішкі өңірден Моңғолияның, бас қаласы Ұлан­Батырдан 
бастатты.  Іссапарға  біз  Түрік  ағайындардың  ашқан  Ыстамбол 
–  Бішкек  –  Ұлан­Батыр  маршруты  бойынша  ұштық.  Жаздың 
ортасы болғандықтан шығар Ыстамболдан келе жатқан ұшақ іші 
толы  екен.  Еліне  оқудан  демалысқа  шыққан,  немесе  Еуропада 
саяхаттан  келе  жатқан  салондағы  моңғол  жастарын  көріп 
бүгінгі  Моңғол  елінің  алыс  шетелге  барыс­келістерінің  мол, 
ашық  екендігін  көрдік.  Олардың  ішінде  шетелдік  туристер  де 
жеткілікті. 
Қазіргі  халқының  жалпы  саны  2  700  000  болған 
Моңғолияның  астанасында  1  200  000  тұрғын  өмір  сүреді 
екен.  Бұл  дегеніңіз  кең  байтақ  жерді  алып  жатқан  моңғол 
ұлысы халқының 40 пайызы, биліктің 90 пайызы осы астанада 
шоғырланған.  Мұншама  адамның  өмір  сүруіне  есептелмеген 
бас  қала  кезінде  Қазақстанның  астанасы  болған  Алматының 
кейпін  киген  секілді.  Мәшинелердің  көптігінен    тар  салынған 
көшелердегі  кептелістер,  екі  өкпеден  қысатын  ластанған  ауа, 
сүреңсіз  салынған  үй­лашықтар,  т.б.  Қала  әкімшілігінің  басын 
ауыртқан  осы  мәселелерді  шешуде  жоғары  оқу  орындарының 
біразын, ресми әкімшілік мекемелерді, теміржол қоймалары т.б. 
қаланың сыртына шығару күн тәртібінде тұр екен. Сондықтанда 
елдің келбетін, жетістігін, мәдениетін көрсететін бас қаласының 
тазалығы,  тұрмыстық  сервистік  қызмет  көрсетер  орындардың 
сапалық  көрсеткіштері  бізге  әлі  де  болса  деңгейін  көтер  түсу 
керек  екен  деген  ой  тастады.  Ерекше  айта  кеетер  жәйт,  Қазан 
төңкерісінен кейінгі кездеқазақтың белгілі қоғам қайратверіТұрар 
Рысқұловтың жас Моңғол Халық Республикасының астанасының 
атын жаңаша қоюда белсенділік танытып, Ұлан­Батыр – Қызыл 
Батыр  атауын  ұсынғаны,  қазақ  ізінің  елдің  Бас  қаласының 
атауына тікелей қатысты болғандығын көрсетеді. 
Моңғол ұлысының ұлық мерекесі – Надымды тойлаудың біздің 
сапарымызбен  тұспа­тұс  келуі  ерекше  әсер  қалдырған  көрініс 
болды.  Халық  төңкерісінің  91жылдығын  тойлауға  арналған 
Надымда  халықтың,  Елбасыдан  бастап  барлық  азаматтарының 
тайлы  тұяғы  қалмай  ұлттық  мерекелік  шеңберіне  тартылуы. 
ӨНЕРтАНУшЫЛАРДЫҢ 
МОҢҒОЛияҒА сАпАРЫ

53
Көшедегі  мәшинелердің  төбесі  мен  терезелеріне  Мемлекеттік 
символ  болған  туды  байлап,  үш  күн  бойы  зор  мақтанышпен 
желбіретіп  жүруі.  Ұлттық  спорттық  ойын  түріне  айналған 
моңғолша күресті, садақ атуды, аламан бәйгені барша халықтың 
қызығушылығын тудырар жаппай халықтық ойын­сауық түріне 
айналдырып  насихаттай  алуы.  Бұдан  бірнеше  жылдар  бұрын 
Қазақстан ғалымдары мен зиялы қауымының бәрі жабыла іздеген, 
пікір  таластырған  елді,  халықты  бір  тудың  астына  біріктірер 
ұлттық  идея  мәселесін  мен  моңғол  ағайындардың  тамаша 
мерекесінен, ондағы сақталған халықтық дәстүр жалғастығының 
жақсы сақталуынан көргендей болдық. Бабалардан қалған көне 
мұраны  қадірлеп  жас  ұрпақ  қажетіне  жарата  алса  одан  асқан 
ұлт  пен  халықты  біріктірер  алып  күш,  ұлттық  идея  жоқтай. 
Бұл жерде алдымен көрініс берген біріктіруші күш, әлемді қол 
астына біріктіріп империя еткен ұлы қаһан Шыңғысханның алып 
тұлғасы және одан қалған ұлы империяны еске салар мұралары. 
Қазір  қолданысқа  сыналап  енгізіліп  жатқан  ресми  құжжаттар 
мен моңғол ұлттық банкі шығаратын банкноттардағы кирилица 
мен көне моңғол графикасы. Біздіңше өте орынды әрекет. 
Осы сапарда моңғол елінің біраз жерін аралай жүріп, ондағы 
тұнып тұрған көне түрік мемлекетінің айшықты ізін көргеннен 
кейін  біз  де  ойландық,  қиялға  берілдік.  Күні  кешеге  дейін 
басқаша  оқылып  келген    біздің  де  тарихымыз  «шуақ  шашқан 
Қазан төңкерісінен» басталмайды екен. Әріден келе жатқан көне 
тарихы  бар  халық  екенімізді,  іргелі  мемлекет  болғанымызды, 
өзіндік  жазу  сызуымыз  тасқа  қашалып  сақталғандығын 
мақтан  тұту  тәуелсіздікті,  мемлекеттікті  бекіте  түсер  күшті 
идеологиялық  құралдардың  бірі.  Қаншама  әлемдік  деңгейдегі 
ғалымдар  осы  көне  құндылықтың  бүгінгі  қазаққа  ең  жақын 
рухани мұра екендігін дәлелдеп болды емес пе? Олай болса біз 
де  көшпелі  күй  кешкен  тарихымыз  аңыз  бен  ауыз  әдебиетінен 
ғана  тұрмағандығын,  мемлекеттікті  көрсетер,  елдікті  айқын 
дәлелдейтін  руналық  аталған  орхон­енисей  жазуымыздың 
болғанын  мемлекеттік  деңгейде  қолға  алып  қазіргі  жазу 
сызуымызбен  қатар  көрсете  алсақ  қандай  керемет  болар  еді. 
Бізбен  қатар  демократиялық  жолға  түскен,  жас  мемлекеттер 
алдымен  осындай  өткен  тарихын  түгендеп  жатқанда  біздегі 
жасалынып жатқан шаруалардың мардымсыздығын көріп қарның 
ашады. Жас ұрпақ айтып мақтана аларлықтай тарихымызды әлі 
толық  түгендей  алмай  жатқан  секілдіміз.  Әзірге,  туылғанына 
үш  ғасыр  толған  Абылайды  айтып  мақтанғанымыз  орынды, 
бірақ, әріден басталар тарихи тамырымыздың  бастауын қайда 
жібереміз. Солармен, жастар санасын суарып, солармен барлық 
деңгейде мақтана алсақ артықтық етпес еді.   
Моңғол  ұлысының  Елбасысы,  Үкімет  мүшелерінен  бастап 
тойшыл  қауымның  барлығы  ұлттық  киімдерін  киіп  жүруі, 
ондағы  орындалған  өзіндік  ерекшеліктер  сырттан  келген 
адамдар  үшін  ерекше  әсер  қалдырады.  Мереке  басталатын 
күні  ертемен  Үкімет  үйі  алдындағы  алаңға  Шыңғысханның 
қалың түмендерін бастаған тоғыз қолбасыларының тулары көп 
санды әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салт атты гвардиялық 
кавалериялы  топтың  салтанатты  шерумен  алып  шығуы, 
көшелерді бойлап мереке өтетін стадионға алып барып құрметті 
тұғырына орналастыруы әсерлі. Таң ертемен тамашалауға келген 
қарапайым адамдардың арқасын қоздырып, рухын оятатын бұл 
шара  жиналған  шетелдіктерге  де  ерекше  әсер  етті.  Күресуге 
шығатын барлық палуандар туға тағзым ету, оны сүю, маңдайына 
тигізуден кейін өздерінің күресін бастап, жеңімпаздары қайтадан 
тудың төңірегінде қуанышын білдіреді. Отанын сүйген ұланның 
елге, халқына деген сүйіспеншілігі осындай етіп қалыптастырған 
дәстүрлерді орындаудан қалыптасса керек.     
Іс  сапар    барысында  (04.07  –  13.07.2012)  Моңғолияның  аста-
насы  Ұлан­Батыр  қаласы  мен  ұлыстың  ішкі  аймақтарында  (Дар-
хан,  Бұлған,  Шарынгол,  Баянгол,  Налайх)  орналасқан  қазақ 
диаспораларының  өнері,  мәдениетімен  танысудан  бастадық. 
Осындағы  қазақ  диаспорасына  келер  болсақ  олардың  саны  мен 
сапалық  көрсеткіштері  де  әр  түрлі  деректермен  берілген.  Ұлан­
Батырдағы  Халықаралық  Түркі­Моңғол  зерттеу  Орталығының 
директоры белгілі жазушысы, түрколог ғалым Ислам Қабышұлының 
2009  жылғы  жариялаған  пікірінше:  «Тұлпар  аунаған  жерле 
түк  қалады»  ­демекші  мұндағы  қазақтарға  қамқорлық  жасаған 
Нұрсұлтан  Назарбаевқа  Монғолиядағы  қазақтар  қарыздар.  Неге 
дегенде  Монғолияға  үш  мәрте  келгенде  мұндағы  қазақтардың 
көкейкесті  мәселелерін  шешіп  туған  отанынан  тарихи  отанына 
оралуға қол үшін берді. Ең соңғы мәліметпен Монғолия қазақтары 
270000  болса  соның  110  мыңдайы  Қазақстанға  қоныс  аударса  80 
мыңнан  астамы  Бай­Өлкеде  70  мыңнан  астамы  Ховда,  Эрдэнэт, 
Дархан,  Шарынгол,  Хэнтий,  Дорноговь,  Налайх,  Ұлан­Батырда 
өмір сүруде»­дейді.
 
  Елшілік  берген  соңғы  мәліметтерге  сүйенсек  Моңғолиядағы 
қазақтардың жалпы саны қазір 100 мың адамды құрайды екен. Соның 
ішінде қазақтар бас қала Улаан Баатарда (8 мың) және қала маңындағы 
сұмындарда (елді мекендерде) (6 мың) оналасқан. Халықтың басым 
бөлігі  өндіріс,  кен  орындарында,  дәстүрлі  мал  шаруашылығымен, 
оның ет­сүт, тері өнімдерін өндіру, өңдеу ісімен шұғылданады. Жаз 
жайлауын  малға  жайлы,  шөбі  шүйгін  ішкі  Моңғолияның  тамаша 
табиғаты аясында өткізген қандастар алдында өрген отарлары мен ірі 
қараларының санына, малшылардың көңілінің жайлылығына қарап 
біз  марқайдық.  Тіпті  экспедиция  операторы  Нұрғали  құрдасымыз 
мұндағы  малшылық  өмірге  қызыққандығы  соншалық,  алдына  мал 
салып  осында  қалғысы  келетіндігін  жасырған  жоқ.  Қазақстанда 
дәстүрлі мал шаруашылықты өркендету ісі әр алуан колхоздастыру, 
индустриаландыру, тың игеру, өтпелі кезеңнің толқындарынан көші 
қисайып қалған болатын. Сол шаруашылықты қаймағын бұзбай ХХІ 
ғасырға дейін алып келген  Моңғолия қазақтарынан анық көрдік. 
Біз  ішкі  Моңғолия  аймақтарында    күре  жолдың  екі  жағын 
қайысқан  төрт  түлік  мал  өргізген  моңғол  ағайынды  көрдік. 
Олардың жеке шаруашылығы мал бағу, оны ит­құсқа жем қылмай 
ет  жүнге  өткізу,  оның  өнімдерін  елге,  мемлекетке  сатып  өзіне 
жұмыс  істеп  пайда  табуға  мол  мүмкіндіктер  жаратылған.  Бұл 
әсіресе еңбегі ауыр, бейнеті мол, қыстың аязы, жаздың аптабы 
мал  соңында  жүрген  малшылардың  еңбегін  жеңілдетулер  бар. 
Олардан  үкімет  салық  жинамайды,  пайдаланыстағы  шұрайлы 
жайылым  жерлерді  пайдаланғаны  үшін  үкімет  жеңілдіктер 
жасаған, олардың тұрмысын жеңілдету үшін жеңілдікпен қажетті 
техника  мен  күн  сәулесінен  электр  энергиясын  жинайтын 
батареяларды  алуға  көмек  қолын  созған.  Осыдан  кейін  әніңді 
айтып  ысқыра  жүріп  малыңды  жай,  еңбек  ет,  пайдаға  кенел! 
Осыны жақсы ұққан қандастарымыздың дөңгелетіп алып кеткен 
шаруашылығын  көріп  риза  көңілімізді  жасыра  алмадық.  Бұл 
демократиялық  бағыт  ұстанған  көрші  мемлекеттің  нарыққа 
көшуге ұстанған оң қадамдарының бірі деп бағаладық. Нәтижесі 
көп күттірмеген. Қазір Моңғолия ұлысы алты шет мемлекетке ет 
өнімдерін экспорттайды екен. Төрт түлік жер қайысқан малдың 
өсім  беруі  де  осындай  сауатты  жасалған  саясаттың  нәтижесі 
болар  деген  ой  түйдік.  Соған  қарамастан  елде  ет  өнімдеріне 
деген баға соңғы бір жылда шарықтай өсіп, бір килограмм еттің 
бағасы 10 АҚШ долларынан асып кеткен.        
Кеңестік  Одақ  ықпалымен  бірнеше  онжылдықтар  бойы  дамыған 
Моңғол ұлысы 1990 жылғы демократиялық төңкерістен кейін өзіндік 
жол тауып тәуелсіздік алуы, өз бетінше еркін саясат ұстанып өмір сүруі 
де  кеңестік  Қазақстанның  жолымен  ұқсастығын  көреміз.  Кеңестер 
өкіметінің  ұстанған  саясатынан  асып  кете  алмаған  бұл  мемлекеттік 
жүйе үшін оның ішкі саясаты, өнері мен мәдениеті де сол саясаттың, 
идеологиялық көзқарастың ықпалымен дамыды. Жүйе ыдырауымен бұл 
елдің ішкі, сыртқы ұстанымдары да елеулі өзгерістерге түсіп тәуелсіздігін 
баянды  ету  жолында,  демократиялық  қоғам  орнатуда  көптеген  істер 
тындырылды.  Алдымен  халықаралық  қарым­қатынасқа  жаңа  тыныс 
беріп, мемлекет аралық байланыстар жаңа сатыға көтеріледі. 
Ішкі  саясатты  жүргізуде  моңғол  халқының  қазақ  халқының 
табиғатымен  жақындығын  көреміз.  Ғасырлар  бойы  малдың 
соңына  ерген  көшпелі  екі  халықтың  өмірге,  өзге  көрші  қонған 
ұлттар мен ұлыстарға көзқарастары кеңдігі, қолы ашық келетін 
қонақжайлылығы,  бауырмалдығы  айқын  көрінеді.  Моңғол 
ұлтымен бірге халха, дөрбіт, урианхай, захчин, буряттармен бірге 
қазақ халқы да  ұлыс халқының 4,5 пайызын құрап тең құқылы 
өмір сүріп жатқан жайы бар екен. Барыс­келіс көбейгендігі сол, 
кеңестік жүйе кезінде болмаған тарихи ата мекенге ұлы көштің 
басталуына жол ашты. 
Қандастарымыздың қалың қоныстанған Баян­Өлгий аймағы 
Моңғолия  ұлысының  астанасынан  1700  шақырым  алыста 
орналасқан елді мекен. Таулы алқапта, климаты қатал бұл өлкенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет