бай-Өлке боксын Өрге сүйреген
бапкер қайнар қайсанайұлы
47
Тағы бір қиыншылық Байөлке аймағы орталықтан өте шалғай
орналасқандықтан оқужаттығу жұмысын жоғары деңгейде
ұйымдастыру ісі ешқашан жүйеленбеген. Қазақ елі сияқты спортқа
дарынды баланы оқытатын мектепинтернат Байөлкені былай қойып
Ұланбатырдың өзінде жоқ. «Жасырғанмен жағдай түзелмейді»,
дегендей, аймақ орталығындағы баржоғы 200 шаршы метр жалғыз
зал кімге жетеді?.. Оның өзін «артық шығынды жабу» деген мақсатпен
басшылық доп ойнайтын жастарға жалға беріп, күнін көреді.
Ал, енді осындай жағдайда боксты дамытып көр. Бірақ, «талапты
ерге нұр жауар» деп қазақ бекер айтпаған екен. Жылай берсе іс біте
ме, сонау бір тапшылық жылдары Якутия елінде Дмитрий Горкин
деген бапкер 15 шаршы метр жалғыз бөлмені жалға алып, сонда екі
әлем чемпионын дайындап шығарған.
Ұзын сөздің қысқасы, жоғарыдағы қиындықтырдың біріне
қарамай жұмысын бастаған Қайнар бапкер кешікпей жемісін көре
бастады. Бізден әңгіме барысында жас бапкер, «жалпы, қазіргі
кезде бәрімізге ортақ бір кемшілік, асатпай жатып құлдық дегенге
үйренгенбіз. Алдымен ақша одан кейін нәтиже деген ұғымды алға
ұстап алғанбыз. Бұл қате алдымен нәтиже болса қаржы біртіндеп
табыларына көзім жетті» дейді.
Расында солай... Бірақ нәтижеге жету үшін де көп дүние керек.
Атап айтқанда, бапкердің жеке ісжоспары спортшының өсудаму
деңгейін қадағалайтын жаттықтырушының білімбіліктілігі, әсіресе
спортшыны жасөспірімнен жастарға, одан ересектер қатарына өткізу
барысын ғылыми жүйелеген негізге қарап жүргізбесе болмайды.
Осы тұрғыдан алып қарағанда Қайнардың білімі де, істәжірибесі
де жеткілікті көрінеді. Сөзімізге дәлел болу үшін енді жас бапкердің
шәкірттерінің жетістіктері жайлы сөз қозғап көрелік.
***
Бапкерліктің міндетін мойнына жүктеген сәттен бастап Қайнар
Қайсанайұлы қарыштап кетпесе де, қадамдап тәжірибе жинады.
Алдымен ол жергілікті жердің климаттық һәм орналасу ерекшелігін
ескерді. Яғни Байөлке аймағының территориясы теңіз деңгейінен
13001500 метр биікте орналасқан. Мұндай сирек ауа жұтып, тауда
өскен адамның тыныстау организмі аса қуатты болады. Оның
сыртында шаршауды білмейтін төзімді келеді.
– Осының бәрін ескере отырып, өзімнің бапкерлік білігімді
сынап көру үшін жұмысты жасөспірім балалардан бастадым, дейді
Қайнар мырза. Нәтиже де жаман болмапты. 2009 жылы дегенде
жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында Қайнар бастап
апарған байөлкелік бағландар 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алып,
командалық есепте екінші сатыға тұрақтапты.
Осы балғындарды Қайнакең тағы бір жыл баптап, келесі 2010
жылы Ұланбатыр қаласында өткен жасөспірімдер чемпионатына
алып барады. Тастүлектей жұтынып шыққан қазақ ұландары аталмыш
біріншілікте 3 алтын, 4 қола медаль қанжығалап, командалық есепте
тарихта тұңғыш рет бірінші орыннан көріне білді.
Ал енді осымен тоқтап қалмаймыз. Жоғарыдағы жеткіншектер
2012 жылы түгелдей дерлік жастар қатарына өтті. Дәл осы жылы
Моңғолияның жастар арасындағы ел біріншілігі тағы да Селенге
қаласында өтіп, байөлкелік Д. Алтынбек (85 келі), Қ.Бекнұр (75
келі), Қ.Ерғандар (69 келі) алтын медалды жеңіп алса, Қ.Әлембек,
А.Нұрландар қола жүлдеге ие болып, біріншілікке қатысқан 29
команданың ішінен Қайнар баптаған байөлкеліктер екінші орынға
тұрақтады. Осы жарыста үздік өнер көрсеткен Ерған Қуатұлы мен
Бекнұр Қалиұлы Моңғолия қазақтарының тарихында тұңғыш рет
Ереванда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігіне қатысты.
Бұл екі азаматтың аталмыш чемпионаттағы ойын барысына
назар аударсақ, 75 келіде өнер көрсеткен Бекнұр Қалиұлы бірінші
кездесуін сәтті өткізіп, келесі кезекте жолы түйіскен грузиялық
Берика Михецаземен сайыс үстінде жарақат алуына байланысты
жекпежекті доғаруға мәжбүр болды. Ал, 69 келіде өнер көрсеткен
Ерған Қуатұлы әуелі алғашқы жекпежегін еркін өткізіп, келесіде
жолы түйіскен жапондық Минамино Акифумиды 23:9 есебімен
айқын басымдықпен ұтты. Үшінші жекпежегінде қазақстандық ұлан
Айтжан Шлеевпен кездесіп, 13:5 есебімен ұтылып қалды. Ерғанды
жеңген Айтжан қола жүлде үшін таласуға мүкіндік алғаны белгілі.
Қазір осы жігіттердің алды ересектер қатарына еніп үлгерді. Аяқ
алысы жаман емес. Дерекке назар аударсақ, Ерболат Төлекұлы атты
боксшы бауырмыз 2012 жылы төрт жылда бір өткен бүкіл халықтық
спартакиада жеңімпазы атанып, жарыстың «үздік боксшысы»
мәртебесіне қол жеткізді.
Одан қалды басқа жігіттер биыл елдің жоғары оқу орындары
арасында ұйымдастырылған универсиада ойындарынан Ерған
Қуатұлы мен Ерболат Төлекұлы алтын медаль алса, Бекнұр Қалиұлы
мен С.Қабыл жүлдеге ілікті. Сол сияқты 2013 жылгы ересектер
арасында ел біріншілігінде Ерболат Төлекұлы, Тілеуханұлы
Ыбырайлар күміс, Ерған Қуатұлы, Асқарұлы Нұрлан, Жамантайұлы
Еркіндер қола медалға ие болып, биылғы жастар арасындағы ел
біріншілігіне алғаш рет қатысушы Есенкелді Құмырбекұлы чемпион
атанып үлгерді. Екінші бір азамат Жолдасбек Тахтияналұлы күміс
медалға иелік етті. Сонымен катар жасөспірімдер арасындагы
Казақ елінде өткен бірнеше халықаралық жарыстарда, яки, 2009
жылы Қаскелең қаласында өткен турнирде Ерған Қуатұлы жеңімпаз
атанды. 2011 жылы Алматыда өткен халықаралық жарыста өнер
көрсеткен Жолдасбек Тахтияналұлы, С.Қабыл, Ерған Қуатұлы,
Асқарұлы Нұрландарды атап айтуға болады. 2012 жылы
Талдықорғанда өткен «Жетісу» кубогы турнирінде Асқарұлы
Нұрлан қола медаль қанжығалап, Атырау қаласында өткен Исатай
мен Махамбет атындағы халықаралық турнирден Ерболат Төлекұлы,
Тілеуханұлы Ыбырайлар күміс, Германияның Галле қаласында өткен
халықаралық турнирден Жамантайұлы Еркін қола медалға ие болды.
Айта берсек, жоғарыдағы тізім әлі де созылар түрі бар. Бәрін
жиыптеріп түйіндеп айтар болсақ, соңғы үш жылдың көлемінде
Қайнар баптаған боксшылар ресми жарыстардан 14 алтын, 9
күміс, 20 қола медаль жеңіп алған екен. Бір бапкер үшін бұл жаман
көрсеткіш болмаса керек. Бірақ әлде шешілмеген түйін көп көрінеді.
***
Әуелгі қиындық ғаламның қай бұрышына барсаңызда үлкен
спорттағы бұра тарту кездесіп тұрады, ондай жағдай бұл жақта
да баршылық көрінеді. Оның бәрінде спорттың маңындағы
шенеуніктермен айтысыптартысып Кайнар жүреді. Бірде сөзі өтеді,
бірде өтпейді. Бірақ біздің Қайнар суы қанбаған қанжар сияқты
майырылып қалмайды. Берсе қолынан бермесе жолынан дегендей
жұлқысып күн көріп жүр.
Екінші бір қиындық, жастар сапына өткен шәкірттері ұлттық
құрама сапына ілініп, Ұланбатырға барған жағдайда оларға жатар
орын, ішер тамақ, оқитын оқу керек. «Осы мәселені шешу үшін
қалаға барған шәкірттерімді танымал бапкерлердің қарауына беремін
де, барлық жетістігінің «қызығын» көруіне тілектестік білдіремін.
Осылай жасауға мәжбүрмін», дейді Қайнар бауырымыз.
Құдайға шүкір, кейбір спортқа жаны ашитын кәсіпкерлер де
бар көрінеді. Ұланбатырда орналасқан «Кеңалқап» компаниясы
астанаға келіп орналасқан байөлкелік боксшыларға екі жыл бойы
айлық төлеп тұрыпты.
Моңғолияда кәсіп ашып, бизнес жасап жүрген қазақстандық
азаматтардың арасында да көмек қолын созатындары баршылық...
Әйтседе, Қайнар бауырымыз да қарап жатпайды. Моңғол еліне
танымал аса үлкен әуе жолдары компаниясы – «АэроМоңғолияға»
барлық жетістіктерін баяндап хат жолдаған екен, тәңір жарылқап
олар байөлкелік боксшылардың Ұланбатырға келіпкетуіне 50
пайыз жеңілдік жасапты. Одан кейін бапкер бауырымыз атажұрттағы
азаматтармен тығыз байланыс жасап, ортақ мәмілеге қол қойып
үлгеріпті. Атап айтқанда, Алматы қаласының бокс федерациясының
президенті Амалбек Тшанов және халықаралық дәрежедегі төреші
Елеусіз Дүйсеков, “Астана арланс” командасының директоры Болат
Манкенов катарлы азаматтармен тығыз байланыс орнатқан.
Сондайақ байөлкелік бауырларына қазақтың біртуар азаматы,
Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов ағасы да 2009 жылдан
бастап көмек қолын созудан жалыққан емес. Осы азаматтардың
арқасында, Қайнар мырза шәкірттерін Қазақстанға әкеліп, оқу
жаттығу жиындарына және халықаралық турнирлерге қатыстырып,
тәжірибе жинақтау үстінде.
Бапкер бауырымыз үшін биылғы жылдың ең басты жаңалығы
еңбегі ескеріліп, аймақтық Спорт, туризм және мәдениет
басқармасының бастығына тағайындалуы. Бұл оқиға Қайнар
Қайсанайұлының өзі көп жылғы адал тері мен айнымас еңбегінің
өтеуі тәрізді.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
48
Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің әлемдік қоғамдастықтың
толыққанды, тең құқықты мүшесі екендігін паш еткен алғашқы құжат
– «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы
декларацияcында»: «Республикада тұратын халықты топтастыру
мен олардың достығын нығайту бiрiншi дәрежелi мiндет…» деп
жазылған еді. Бұл ежелден келе жатқан, ұлы ойшылғалым Шоқан
Уәлиханов атап көрсеткендей, «бейбітсүйгіш халықтың» жаңа заман
табалдырығы алдындағы шынайы шешімі, мәңгілік ұстанымы
болатын.
Ширек ғасырға жуықтаған мерзімде еліміз бұл саясаттан әсте
айныған емес, қайта оны қоғам дамуының сұраныстарына сәйкес
жетілдірумен, нығайта түсумен келеді. Ол нәтижесіз емес. Соның
арқасында кешегі екі заман аралығындағы қиындау «өліара» кезеңде
туындаған әртүрлі қайшылықты сәттерді еліміз айқайшусыз,
әлеуметтік толқуларсыз аманесен өткізді. Сол кездегі басты мәселе
– халық тыныштығы қамтамасыз етілді. Осы идеяны Н.Ә.Назарбаев
«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде дамыта түсіп, бүгінде
орындалуы қолға алынып жатқан бес институттық реформаның «100
нақты қадам» Ұлт жоспары төртінші бағытының (біртектілік пен
бірлікке арналған) өзекті бір нысаны ретінде ұсынды.
Тәуелсіздік жылдары осы бағыттағы жаңа тұрпатты
мемлекетіміздің де, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың
да тиімді саясаты қоғамның қай саласына болсын игі әсер етіп,
саяси серпілісіміз бен әлеуметтік әлеуетімізді арттыруымыздың,
экономикалық қуатымызды нығайтудың берік кепіліне айналды.
Сөйтіп, бүгінгі күні елімізде ынтымақ пен бірліктің өзгеге ұқсай
бермейтін нақты моделі қалыптасты. Оның түпкі мақсаты 100ден
астам ұлт пен ұлысты бір ұлтқа айналдыруда емес, оларды рухани
тұтастыққа ұйыстыра түсуде, азат Қазақстанның қасиетті шаңырағын
бірліктің құдіретті күшімен биіктете беруде болып отыр.
Қазақ халқы өзара түсіністіктің, парасатты қарымқатынастың
қадірін жақсы біледі. Осынша асты да, үсті де байлыққа толы алып
аймақты ұстап тұру оңай болған жоқ. Ауызбірлікті қамтамасыз ете
алмай, ұлы Абай айтқандай, «басбасына би болып», ружүзге бөлініп,
көрінгенге жем болған заманды да, о шеті мен бұ шеті бірнеше күндік
кеңбайтақ кеңістікте оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа,
кейде кері көшкен «Ақтабан шұбырындыны» да, елді тастап, қайғы
қасіретпен үдере шет асқан көшпенділікті те көрді. Бүкіл қазақ болып,
қасіретті «Елімай» әнін де айтты. Ұйыса отырып ұтқан кезеңдер де аз
болған жоқ. Бұған мыңдаған жылдарды қамтитын ежелгі тарихымыз
куә. Сондықтан да, халқымызға бірліктен қастерлі, одан қасиетті
ұғым жоқ. Болған жоқ, болмайды да.
Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты
тарихты таразылағанда, халқын бір мақсатқа жұмылдыра отырып,
мемлекетіміздің атақабыройына өлшеусіз үлес қосқан хандар туралы
жақсы айтылып жатыр. Соның ішінде ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII
ғасырдың басындағы қазақ халқының гүлденген әрі әлеуметтік
мерейі арта түскен айрықша кезең Әз Тәуке ханмен байланысты
болғаны белгілі. Басаяғы 35 жылдай ел басқарған, қабілетқарымы
жеткілікті, көреген саясаткер, дана дипломат Тәуке хан халықты
ұйыстыру үшін бар саясиәлеуметтік амалды тиімді пайдаланған.
Осы қасиеттері үшін халқы шынайы сезіммен оның атына «Әз»
деген атау қосқан. Оның билік жүргізуі хандық өктемдікпен, әскери
күшпен, не басқа айлатәсілмен емес, ақылдылықпен, тапқырлықпен,
халықтық дәстүрді жақсы білумен ұштасып жатты. Сондықтан да
оның аты кейін үш жүзге мәлім болды, ғасырлар қойнауынан бізге
кейде аңыздай болып еркін жетті.
Қазақ – табиғатында ынтымақшыл, иманды халық. Тіпті, саяси
сипаты жағынан ұлттық ұстанымдарына сәйкес келе бермейтін
кешегі кеңестік заманның өзінде ұлтымыз өзіне тән бауырмалдығын
Алланың «махаббатпен жаратқан адамзат» баласының ешқайсысынан
аяған емес. Бұған мысалдар толып жатыр. Бұл 70 жылдығын атап
өткен Ұлы Отан соғысының алдында елімізге депортацияға ұшырап
келген халықтарға көрсетілген қатынастан айқын аңғарылды. Оны
бүгін атажұртына көшіп кеткендер де, елімізді өзінің Отаны санап,
осында мәңгілік қалғандар да айтудан еш жалықпай, тұрақты ыстық
ықыласы мен риза көңілін білдіріп келеді.
Өзімнің туыпөскен Сыр бойында болған, соған қатысқан
кісілерден естіген бір оқиғаға тоқтала кетейін. 1937 жылы осы өңірге
корейлердің көшіп келгені белгілі. Кейін екі халыққа күнделікті
аралас өмір тиімді сәттерді мол етті. Бірі бірінің тілін білген жайттар
да болмай қалмады. Бұрын да суармалы жерде егілген күріш
шаруашылығының одан әрі облыстағы дамуына осы ағайындардың
өзіндік үлесі айрықша болды. Қазіргі Қызылорда қаласындағы
Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің негізін қалаған
Владивостоктан көшіп келген педагогикалық институт болатын.
Осындай жарасымды істерге байланысты 80жылдары Қызылорда
облысы Жалағаш ауданына қарасты сол кезде «Калинин» атындағы
кеңшарда, қазіргі Бұқарбай батыр ауылында корей халқының күндері
өткен. Оған көрші облыстардан, Алматыдан белгілі кісілер келген.
Қонақтарға мәдени қызметтердің ішінде театрландырылған бір
көрініс ұсынылады. Онда корейлердің бір тобының 30жылдардың
автокөлігімен елді мекеннен алыстау жерге әкеліп, түсірілген сәті
бейнеленіпті. Ауылда бұларға жолауға болмайды, олар адам етін
жейді деген ақпарат таратылған. Ертемен қойын жайғастыруға
далаға шыққан қойшы бір қапқа бәрі бастарын қойып жатқан бір
топқа назары түседі. Сосын белгілі болғанындай, орталарында
жалғыз қаптағы күріш осылардың бар тамағы екен. Қойшы тілдесе
алмағанмен түрі өздерінен тым алыс емес, ашжалаңаш адамдарға
жұртқа көрінбей айран, нан сияқты дәмдер әкеліп береді. Осыны
көргенде, қонақтардың ішіндегі егде тартқан бірі солқылдап жылап,
көз жасын біразға дейін тыя алмапты. Ол «дәл осындай жағдай менің
бала күнімде болған еді, мұны қайдан алған» деп таң қалады.
Шынында да, осындай ақпарат кезінде жергілікті басылымдарда
болған сияқты. Бұл қазақтың шынайы болмысын көрсететін
көріністер еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің «тірі қалғанымыз
қазақтың арқасында» деулеріне нақты дәлел емес пе? Сондайақ, бұл
Қазақстанды бір отбасына теңеп жүрген өзге ұлт өкілдерінің пікірлері
де төркінсіз емес екенін танытады ғой. Осындай кеше халықтар
арасындағы бірін бірі жатсынбай қабылдаған қарымқатынас, бүгін
туыстай сезініп отырған қазақ халқының адал пейіліне, жылы
жүрегіне, асыл тілегіне лайықты алғыс күнін белгілейік деген ойлар
төркінсіз емес. Мұның алда пайдалы боларына сөз жоқ.
Кешегі кеңестік кезеңдеақ Қазақстан «Достықтың
лабораториясы» деп жайданжай аталған жоқ болатын. Оған
әлеуметтік негіз бар еді. Алайда, ол кезде осы лабораторияның
бас маманы деп қазақ халқы айтыла қоймады. Мұны Мәскеу
біздің халқымызға қимады. Орталықтың Одақтағы ұлттарды
«ұлы» мен «ұсаққа» бөлуі, соның салдарынан үлкеннің өктемдігі
кішіні мойындаттырмады. Мұндай өзгені өзекке тебу оның да
асыл адами қасиеттері аз емес екенін аңғарттырмады. Патшалық
Ресейдің «бұратанасын» айтпағанымен, кеңестік бұра тарту
көзге ұрып тұрды.
Еліміздегі өзіне тиесілі мәртебеге, ежелгі жер иесі, осы аймақта
мемлекет құраушы ұлт ретіндегі биік мәртебеге қазақ халқы
тәуелсіздіктің арқасында ғана ие болды. Өз тізгіні өзінде, өз алдына
БІРТҰТАС ҰЛТ, БІРЕГЕЙ ЖҰРТ
Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ,
ҰҒА академигі, АЛМАТЫ
49
ел болудың шынайы шарапаты осында жатыр. Қазір Отанымыздағы
тұрақтылықтың негізгі кепілі, басқа ұлыстарды іштей ұйыстырушы мен
топтастырушы ретіндегі ұлтымыздың ерекше әлеуметтік рөлі айқын.
Адамзат баласының алғашқы қауымдасуы мен қоғам болып
қалыптасуы әлеуметтік қажеттіліктен туғаны мәлім. Атақты
француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм өзінің «Қоғамдық
еңбектің бөлінуі» атты алғашқы басты еңбегінде әлеуметтік келісім
мен ынтымақтастық теориясын жайданжай зерттеген жоқ еді. Ол
қоғамдағы байланыстар мен қарымқатынастардың табиғатынан
әлеуметтік мәселелер мен шиеленістердің болатынын білді. Осы
бағытта ол кезінде қоғамдық рухани келісімді нығайтуға ықпал
ететін маманданған топ құру идеясын ұсынған болатын. Еліміздегі
бірлік пен ынтымақтастыққа соңғы жиырма жылда
өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Қазақстан халқы
Ассамблеясының абзал миссиясының басты бағыты
осында болып отыр. Достық пен түсіністіктің
лабораториясына айналған бұл құрылымның
толымды жұмыс істеуіне Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев айрықша қамқорлық жасап келеді.
Міне, осының арқасында сан салалы этносаралық,
дінаралық қарымқатынастарды нығайта түсуде
жүйелі жұмыс жасалып, осы бір ізгілікті істің
ұлттық бірлік пен этносаралық толеранттылықтың
отандық моделін қалыптастыруға үлкен үлес
қосылды. Жақын, алыс елдер бұл модельді өздеріне
жайданжай үлгі етіп жүрген жоқ.
Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында елімізде ірі
этностардың 28 республикалық, 800ден астам өңірлік
этномәдени бірлестіктері қалыптасты. Олар кешегі
90жылдардан бері сан салалы қызмет атқарып келеді.
Қазақстанда тұратын этностардың 15 тілде шығатын
35 газеті мен журналы бар. Эфирде төрт телеарна, 5
тұрақты «Менің Қазақстаным», «Шаңырақ», басқа да
телебағдарлама бар. Радиода «Достық», «Тіл – татулық
тірегі» атты және т.б. 8 тұрақты бағдарлама жұмыс
істейді. 9 республикалық газет «Біз – қазақстандықтармыз», «Бір халық –
бір ел – бір тағдыр», т.б. айдарлармен ақпараттар таратуда. Республикада
өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде білім беретін 211 мектеп бар. Жексенбілік
мектептер жұмыс істейді. Осындай берекелі ісі, айрықша танымы бар ел
алда «Біртұтас ұлт, бірегей жұрт» болып қалыптаса ала ма? Оның саяси
әлеуметтік алғышарттары бар ма? Әрине, баршылық. Әңгіме соларды
тиімді пайдалана білуде болып отыр. Ең бірінші – мемлекетіміздің алдағы
болашағын айқындаған, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік сипатын орнықтыратын Ата Заңымыз бар. Мақсат ортақ, ол
– Тәуелсіз елімізді тұғырлы ету. Шындап келгенде, осыдан ардақты алда
асу жоқ. Бірлік пен ынтымақ – ортақ.
Осыдан қасиетті елімізде ұғым жоқ. Бүгінгі күні еліміздегі жүзден
астам ұлт пен ұлыстың 70 пайызы, бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенті
Мұстафа Шоқай айтқандай, «ұлттық намыс пен бүкіл «қаны бiр, тiлi
бiр, дiнi бiр» түркі жұрты. Қазақстанды Отаным, елім деген өзге ұлт
өкілдерінің достығы да осы ежелгі қазақ жерінде жарасымдылық
табуда. Бүтін қазақстандықтардың мүдделері мен мұраттарын
үйлестіріп, оларды өзінің берік ұстанымы еткен, бірлік пен достықтың
туын биікке көтерген Елбасын бүгін Қазақстаннан бөліп қарау мүмкін
емес. Бұл сөздер шынайы синонимдерге айналған. Шетелдерде
болғанымызда ылғи байқайтын бір жайды айта кетсек артық болмас.
Онда Отанымыз «Қазақстан» десек, олар дереу «Назарбаев» деп егіз
сөздей атап жатады. Бұл жайданжай емес.
Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің озық үлгілері ортақ рухани
дүниеге айналды. Ұлы ойшылымыз Абай Құнанбаев, арқалы
ақынымыз Сәкен Сейфуллин, жыр алыбы Жамбыл Жабаев, т.б.
әдебиетіміздің талантты өкілдерінің шығармалары бүгінгі күні
тек қазақтардың ғана емес, ол елімізде тұратын басқа этностардың
рухани мұраларына айналды. Сондайақ, ұйғыр жазушысы Ахметжан
Аширидің, корей Лаврентий Сонның, неміс Герольд Бельгердің
және басқалардың шығармалары қазақ тіліне аударылып, бүкіл
халқымыздың ортақ игілігіне айналып отыр.
Тәуелсіздік жылдары халқымыз дәстүрлі діндеріне қайта
оралды. Елімізде 3,5 мыңнан астам діни ұйым жұмыс істейді. Бұл
кешегі атеистік кезбен тіпті салыстыруға келмейді. Діннің ізгілікті
қағидалары жұртшылықты ортақ рухани үндестікке шақырып,
тәуелсіздігіміздің мұраттарына қызмет етуде. Елімізде дәстүрге
айналған әлемдік дін өкілдерінің съезі де осы мақсатқа бағытталған.
Алда бүгінгі тәуелсіз қоғамымыздың сипатына сәйкес
қалыптасып келе жатқан салтдәстүрлер, әдетғұрыптар, көзқарастар,
моральдық ұстындардың жиынтығы, яғни әлеуметтік нормалар мен
ережелерді жетілдіре түсу, оның қазіргі алысжақынды сезе бермейтін
жаһанданудың теріс әсерінен қорғау, оны тәуелсіздіктің жоғары
талаптарына сай ету, айналып келгенде негізгінегізгі қағидатты
мәселелер төңірегінде ұжымдық сананы қалыптастыру сияқты алда
аса маңызды асу тұр. Осы ұжымдық сананы қоғам мүшелерінің
көпшілігі мойындайды. Ал оның барлық қазақстандықтарға ортақ
болуы, оны әрбір азаматымыздың өздерінің күнделікті өмірлерінде,
ісәрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа тұрақты алып отыруы
– «біртұтас ұлт, бірегей жұрт» болудың бірденбір асыл амалы.
Бұл, шын мәнінде, қоғам мүшелерінің тұтастықты нығайта түсетін,
беріктікті бекем ететін әлеуметтік қажеттілік.
Ұжымдық сана – саяси сергектіктің, әлеуметтік әлеуеттіліктің,
парасатты пайымдылықтың қайнар көзі. Мұны қалыптастыруда ортақ
тілдік кеңістіктің рөлі зор. Тәуелсіздік жердің, елдің иесінің туған тіліне
қатысты күрделі өзгерістер алып келгені белгілі. Кешегі егемендіктің елең
алаңында, аса бір күрделі де қайшылықты кезеңде қазақ тілі мемлекеттік
мәртебеге ие болған қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейе түсті.
Біз саяси сипаты, әлеуметтік болмысы жағынан кешегі кеңестік
кезеңмен салыстыруға келмейтін жаңа тұрпатты азаматтық қоғам,
жаңа сипаттағы демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Аумағына
бес Франция сыятын елімізді жақын арада санмен толтыру оңай емес
шығар. Алайда, сапамен толтырудың жолдарын қарастыру аса қажет.
Ең бірінші орында бәсекеге қабілетті білімғылым тұрғаны даусыз.
Білім – бірліктің төте жолы. Осы арада осыдан 7080 жыл бұрын ғұлама
ғалым Ахмет Байтұрсынұлының: «Біз кейін қалған халық, алға басып,
жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай
һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп
керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс
істеу керек», деген сөз халқымыздың тұтас ұраны болуы тиіс.
Адамзат қоғамының өзі қажеттіліктен пайда болды, қажеттілікпен
қалыптасқаны белгілі. Татутәтті, берекебірлігі ортақ біртұтас ұлт,
бірегей жұрт та осы қажеттілік пен ынтымақтастықтың арқасында ғана
бола алады. Бүгінгі азаматтық қазақстандық ұлт құрғақ қиял емес, ол –
ертеңгі өмір сүрер «Мәңгілік Еліміздің» тұрғыны. Бұл халқымыздың
асыл рухани құндылықтарын тәуелсіздік мұраттарына бағындырып,
Қазақстан атты қасиетті шаңырақтың астында ұйыстыру мен іштей
топтастыруды қажет етеді. Бүгінгі алысжақынды біле бермейтін
жаһандану заманында, әсіресе, ішкі бірліктің аса маңызды екенін
толық сезіну керек. Мұнсыз сыртқы орнықтылық пен саясиәлеуметтік
тұрақтылық қамтамасыз етілмейді. Сол себепті, «Біріңді, қазақ, бірің
дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ұлы гуманист Абайдың тұжырымын
«Біріңді, бауыр, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деп айтсақ, хакім
аруағы кешірсін. Бүгінгі заман осыған сұранып тұрғандай.
|