[Н.Оралбай.«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»]
Зат есім сөздердің бәрі заттық ұғымды білдіргенімен, олардың іштей айырмашылықтары бар. Мысалы.Ескі, бозарған үйді көрсе, оның көңіліне аяныш, мұң кіретін еді (С.С.). Осы сөйлемде үй, көңіл, аяныш, мұң деген зат есім сөздер қолданылған. Осындағы үй деген сөзді оқығанда, айтқанда оның сыртқы тұлғасы, адам тұратын жай, орын екенін бірден көзге елестетуге болады, оны басқа еш нәрсемен ешкім шатастырмайды. Ал, көңіл, аяныш, мұң деген зат есім сөздердің мағынасында ондай нақтылық жоқ. Жалпы алғанда, қазақша сөйлейтін адам олардың мәнін түсінеді, бірақ біреуге аяныш, мұң болып көрінген жай екінші адамға дәл солай көрінбеуі де мүмкін. Өйткені олар адамның көңіл-күйіне, сезімталдығына т.б. ой- санасына байланысты, олардың нақтылы түр-нұсқасы жоқ, ақыл- оймен танылады. Осымен байланысты, зат есім сөздер деректі, дерексіз болып, екі үлкен топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |