Жылдық есебі 2015



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата15.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#9430
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
31 желтоқсан 2015 ж.
31 желтоқсан 2014 ж.
31 желтоқсан 2013 ж.
теңге/1 АҚШ доллары
340.01
182.35
154.06
теңге/1 еуро
371.46
221.59
212.02
теңге/1 қырғыз сомы
4.43
3.10
3.13
теңге/1 Ресей рублі
4.61
3.13
4.68
теңге/1 тәжік сомониі
50.81
35.35
32.27
Кепілмен қамтамасыз ету
Топ қажет деп санаған жағдайда, клиенттердің 
міндеттемелеріне қатысты кепілмен қамтама-
сыз ету алады. Кепілмен қамтамасыз ету Топқа 
клиенттердің қолданыстағы және келешектегі 
міндеттемелеріне қатысты осындай активтер 
бойынша талап ету құқығын беретін клиент ак-
тивтерінің кепілі түрінде келеді. 
Капитал қорлары 
Топтың қаржы жағдайы туралы есептегі капи-
тал құрамында көрсетілген қорларға мыналар 
кіреді: 
• 
Жылжымайтын мүлік пен ғимараттарды қай-
та бағалау қоры», ол жерді және ғимаратты 
қайта бағалау резервінен тұрады; 
• 
«Сатуға арналған қолда бар инвестициялар-
ды қайта бағалау резерві/(тапшылық», оған 
сатуға арналған қолда бар инвестициялар-
дық әділ құнын өзгерту кіреді; 
• 
Шетел қызметіндегі таза инвестициялар-
ды қайта есептеу кезінде туындайтын бағам 
айырмашылығын көрсету үшін қолданыла-
тын «Бағам айырмашылығының қоры»; 
• 
• 
Ақша ағындарының хеджирлеу құралы бо-
йынша кіріс немесе шығыстың тиімді бөлігін 
көрсету үшін қолданылатын «Хеджирлеу ре-
зерві». Хеджирлеу 2009 ж. соңынан бастап 
хеджирлеуді есепке алу өлшемдерін қана-
ғаттандырмайды. Өзге жиынтық кіріс құра-
мында танылған хеджирлеу құралдары бо-
йынша жиналған пайда немесе залал сомасы 
хиджирлеу тиімді болған кезеңнен бастап 
болжанған операция пайда болғанға дейін 
капитал құрамында жеке жолда танылған 
болып қалады;  
• 
ХҚЕС-ке сәйкес есептелген құнсыздану ре-
зервтері мен нормативтік талаптарға сәйкес 
реттеушіге ұсынылған құнсыздану резерв-
тері арасындағы айырмашылықты көрсе-
тетін «Міндетті резерв». Айырмашылық 
негізді методологиялық ауытқулармен, сон-
дай-ақ келешектегі дисконты ақша ағында-
ры мен кейбір кепіл түрлерінің резервтер 
деңгейіне ықпалымен түсіндіріледі. 2013 
ж. 1 қаңтарға дейін бұл резерв Қазақстан 
Республикасының нормативтік талаптары-
на сәйкес бөлінбеген пайдадан қаржы бөлу 
есебінен құрылды. Бұл резерв 2013 ж. 1 қаң-
тардан бастап ҚРҰБ тарабынан жойылды. 
Қаржы активтері мен 
міндеттемелерін өзара есепке алу
Қаржы активтері мен міндеттемелері есепке 
алынады және Топтың қаржылық жағдай жөнін-
дегі шоғырландырылған есептілігінде танылған-
дарды есепке алу құқығының заңдық бекітілген 
күші болғанда және сальдоланған сома бойын-
ша есепке алғысы немесе активтерді таратып, 
міндеттемелерді қатар орындағысы келгенде, 
қаржылық жағдай жөніндегі шоғырландырыл-
ған есептілікте сальдоланған сома көрсетіледі. 
Тануды тоқтату ретінде жіктелмейтін қаржы ак-
тивін берген жағдайда, Топ бұл операцияны та-
бысталған активті және оған қатысты міндетте-
мелерді өзара есепке алу деп танымайды. 
Фидуциарлық қызмет 
Топ өз клиенттеріне депо шоттары бойынша ба-
ғалы қағаздармен операциялар жүргізуді қам-
тамасыз ете отырып, өз клиенттеріне депо-
зитарий қызметтерін ұсынады. Фидуциарлық 
қызмет шеңберінде алынған активтер мен қа-
былданған міндеттемелер Топтың шоғырлан-
дырылған қаржы есептілігіне енгізілмейді. Топ 
өзіне фидуциарлық қызметпен байланысты 
операциялық тәуекелдерді қабылдайды, алай-
да аталған операциялар бойынша кредит және 
нарық тәуекелдерін Топ клиенттері өз мойында-
рына алады.
Сегменттер бойынша ақпарат 
Сегменттер ХҚЕС (IFRS) 8 «Операциялық сег-
менттер» сәйкес ресурстарды бөлу және қаржы 
нәтижелерін бағалау мақсатында операциялық 
қызметтер бойынша шешімдер қабылдайтын 
Топтың басшылығымен (Басқарма) пайдаланы-
латын негіз бойынша анықталады. Басшылық 
әр сегмент бойынша қаржы ақпаратын, опера-
циялық нәтижелердің көрсеткіштерін, активтер 
мен міндеттемелерді қоса алғанда жеке-жеке 
қарастырады. Сегменттер көбінесе, олардың нә-
тижесі негізінде басқарылады, бұл шығарылған 
борыштық бағалы қағаздар мен басқа банктер-
ге және өзге де қаржы институттарына беріл-
ген қаражат бойынша кейбір бөлінбеген шы-
ғындарды және жалақыдан басқа операциялық 
шығындарды және қызметкерлерге төленетін 
өзге де төлемдерді алып тастайды. Кірісі көбі-
несе сыртқы клиенттерге сатудан алынған жә-
не кірісі, нәтижелері немесе активтері барлық 
сегменттердің он немесе одан да көп пайызын 
құрайтын сегменттер есептілікте жеке көрсеті-
леді. Топтың географиялық сегменттері компа-
нияның Топта тіркелу орны бойынша есептілік-
те көрсетіледі.    
Елеулі болжамдар мен баға берудегі 
белгісіздік көздері
Топтың есеп саясатыын қолдану барысында бас-
шылық басқа көздерден айқын көрінбейтін ак-
тивтер мен міндеттемелердің баланстық құны-
на қатысты ұсыныстар жасауы, баға беруі және 
болжамдар жасауы тиіс. Бағалау мәні мен оның 
негізінде жатқан болжамдар алдыңғы тәжірибе 
мен нақты жағдайларда орынды деп саналатын 
өзге факторлардан құрылады. Нақты нәтижелер 
баға беру деректерінен өзгеше болуы мүмкін.
Бағалау және онымен байланысты болжамдар 
тұрақты түрде қайта қаралып отырады. Бағалау-
дағы өзгерістер, егер өзгерістер тек осы кезеңге 
әсер етсе, немесе бағалау қайта қаралған кезең-
де және өзгерістер ағымдағы және келешектегі 
кезеңдерге әсер етсе, бағалау қайта қаралған 
кезеңде көрсетіледі
БТА несиесін бағалау
Есеп саясаты
Қазіргі сәтте, несиенің қолданыста болуына бай-
ланысты, БТА берген, бақылаудағы несиенің 
құнсыздануына арналған резервтер Топтың 
есеп саясатына сәйкес, құнсызданбаған несие 
үшін бағаланған болатын; өйткені пайыз бен 

184
185
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
негізгі борыш шарттық өтеу кестелеріне сәйкес 
төленеді.
Бұдан басқа, несиені бағалаған кезде, Банк БТА 
берген бизнес-жоспарды қарап шықты, аталған 
бизнес-жоспарға БТА қазіргі қызметінен келіп 
түсетін келешектегі ақша ағыны кіреді. Бизнес-
жоспар басшылық білдірген, БТА-ның ықтимал 
тәуекелдің болатынына түзетуі бар қазіргі жә-
не шартты активтерінің мерзіміне және оларды 
сатудан келешекте келіп түсетін түсімдерге қа-
тысты пайымдарынан тұрады. Топ басшылығы 
қолданылатын есеп айырысуды толық және шы-
найы болып табылады деп есептейді.
 2015 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, 
бизнес-жоспардың базалық көрінісіне сәйкес, 
келешектегі ақша ағыны (несиені өтеуге ба-
ғытталған ағынды қоспағанда) БТА несиесінің 
баланстық құны Топтың қаржы есептілігінде 
шамамен 991,177 млн. теңгеге асты. Бизнес-жос-
пардың ақша ағынына қатысты өзіне тән тұрақ-
сыздығын ескере отырып, Басшылық негізгі 
болжамды талдап шығып, пессимистік көріністі 
қалыптастырды, соған сәйкес, ағымдағы сот тал-
қылауына қатысты шартты активтерді алу ық-
тималдығы 50%-дан 25%-ға дейін қысқарды жә-
не жылжымайтын мүлік саласындағы кейбір ірі 
жобаларды ойдағыдай аяқтау ықтималы жобаға 
байланысты азаю жағына қарай түзетілген бо-
латын. Пессимистік көрініске сәйкес, 
2015 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша биз-
нес-жоспар БТА қарызының баланстық құнынан 
асатын келешектегі ақша ағынын (несие өтеуді 
қоспағанда) көрсетеді.
Стресс-тестілеу
Жоғарыда есеп саясатының тақырыбында көр-
сетілгендей, БТА берген несие бойынша құнсыз-
дануға арналған резервтердің деңгейін қарау 
барысында, Банк Басшылығы бизнес-жоспар-
дың келешектегі ақша ағынын бағалау кезін-
де пайдаланылатын пайымды өзгерте отырып, 
стресс-тестілеу жүргізді. Базалық және песси-
мистік көріністерде БТА-ның қазіргі қызметінен 
келешекте келіп түсетін ақша ағыны БТА берген 
несиені келісімшарттық өтеу мерзімдеріне сәй-
кес, қызмет көрсетуге және өтеуге жеткілікті бо-
лады деп күтіледі.
Өз міндеттемелерінің аясында, БТА Басшылы-
ғы жылжымайтын мүлік бағаларының өзгеруге 
деген сезімталдықты талдайды, сондай-ақ биз-
нес-жоспарға есеп күні кіргізілген шартты актив-
терді алу ықтималына деген сезімталдықты тал-
дап, Топқа ұсынады.
Осы пайымдағы 10 пайыздық тармақтан (жо-
ғары немесе төмен) ауытқулар Топ басшылы-
ғымен көз жетерлік болашақта ағымдағы эко-
номикалық болжамға сілтеме жасай отырып, 
шынайы қаралады.
Егер жылжымайтын мүліктің құны 10 пайыз-
дық тармаққа өскен (төмендеген) болса, барлық 
басқа ауыспалы тармақтар сақталған кезде, он-
да ақша ағынының деңгейі 122,704 млн.теңгеге 
өзгерді.
Егер шартты активтерді алу ықтималы 10 пайыз-
дық тармаққа өскен (төмендеген) болса, барлық 
басқа ауыспалы тармақтар сақталған кезде, он-
да ақша ағынының деңгейі 150,998 млн. теңге-
ге өзгерді
Есеп саясатын қолдануда 
пайдаланылған елеулі болжамдар 
Төменде Топ басшылығы Топтың есеп саяса-
тыын қолдану кезінде пайдаланған бағалауында 
(төменде қараңыз) елеулі белгісіздіктер болған 
және шоғырландырылған қаржы есептілігін-
де көрсетілген сомаға елеулі түрде ықпал ететін 
болжамдардан басқа маңызды болжамдар 
келтірілген. 
Несиелер мен дебиторлық 
берешектерді құнсыздандыруға 
арналған резерв
Топ тұрақты негізде несиелер мен дебиторлық 
берешектің құнсыздану мәніне бағалау өткізеді. 
Құнсыздануға арналған резервтер несие қоржы-
ны мен дебиторлық берешекті құнсызданды-
руға залалалдарды тану үшін белгіленген. Топ 
несие мен дебиторлық берешекті құнсызданды-
руға арналған резерв есеп айырысу бағасы ай-
қынсыздығының негізгі көзі болып табылады 
деп топшылайды, (i) құнсыздандырылған несие 
мен дебиторлық берешекке қатысты әлеуетті 
шығындарды бағалау туралы және дефолттың 
болашақ деңгейі туралы болжамдар таяудағы 
тәжірибеге негізделгендіктен, несиелер мен де-
биторлық берешектің құнсыздануына арналған 
резерв кезеңнен кезеңге өткен сайын өзгеріске 
ұшырағыш; сондай-ақ (ii) топшыланған және нақ-
ты шығындар арасындағы кез келген бірқатар 
алшақтық Топтың болашақта қаржы есептілігі-
не едәуір әсер етуі мүмкін қосымша шығындар 
есептеуін талап етеді. 
 Топ қарыз алушы қаржылық қиындықтарды 
бастан өткерсе және осындай қарыз алушы-
ға қатысты тарихи деректер аз болған жағдай-
да, құнсыздану сомасын бағалау үшін басшылық 
пайымдауын пайдаланады. Сондай-ақ алдыңғы 
қарызға қызмет көрсетуді, қарыз алушының бұ-
рынғы іс-әрекеттерін, қарыз алушының төлем-
ге қабілеттілігіндегі қолайсыз өзгерістер туралы 
қол жетерлік деректерге, сондай-ақ соған сәй-
кес топ активтерінің дефолт деңгейімен өзара 
байланыстыратын ұлттық және жергілікті эко-
номикалық жағдайларға негізделе отырып, Топ 
болашақ ақша ағынының өзгерістерін бағалай-
ды. Несие тәуекелі сипаттамасы және құнсызда-
нуға объективті куәлігі бар активтер үшін бас-
шылық есеп айырысу бағаларын соған сәйкес 
топтағы осындай активтердің дефолт деңгейі ту-
ралы тарихи тәжірибеге негіздейді. Топ, тарихи 
деректерде көрсетілмейтін несие мен дебитор-
лық берешектің сәйкес топтары үшін ағымда-
ғы жағдайлар мен ерекшеліктерді көрсетіп, қол 
жетерлік деректерді түзету үшін басшылықтың 
есеп айырысу бағаларын пайдаланады. 
Жылжымайтын мүлік және құрылыспен опера-
цияларға бағытталған несиелердің құнсызда-
нуын бағалауда қолданылатын пайымдаулар 
маңыздырақ болып табылады. Ағымдағы эко-
номикалық және нарықтық жағдайларда несие 
қоржынының шығын деңгейін анықтауда алдың-
ғы жылдардың статистикасын пайдалану маңы-
зы азырақ құрал болып табылады. Оның орнына 
басшылық қоржынның құнсыздануы бойынша 
соңғы эмпириялық деректерді қолдануы тиіс не-
месе қамтамасыз ету ретінде кепілге қойылған 
активтердің немесе қарыз алушылардың қыз-
метімен қалыптасатын күтілетін ақша ағыны-
ның келешектегі экономикалық құнын бағалау 
үшін талдау құралдарын тартуы тиіс. Бұл пайым-
дау саласы экономикалық өсу, Үкіметті тарту, 
жергілікті билік органдарын қолдау, тұрғын үй 
және коммерциялық жылжымайтын мүлік нары-
ғындағы тренд, сондай-ақ заңнамадағы өзгерту-
лер сияқты түрлі тәуекел факторларына қатысты 
елеулі сезімталдық деңгейіне ие. Мұндай па-
йымдаулардың негізінде жатқан болжамдардың 
субъективтілігі жоғары.
Есептік күнгі осындай несие санаты бойынша не-
сие берешегінің құнсыздануына берілетін ре-
зервтер деңгейіне келесі факторлар әсер етеді:
• 
Жылжымайтын мүлікті қаржыландыруға ба-
ғытталған несие бойынша қамтамасыз ету 
ретінде кепілге қойылған активтердің эко-
номикалық құнын бағалау. Кейбір жағдай-
ларда басшылық жер сияқты кепілдік қам-
тамасыз етудің құндылығын анықтау үшін 
ең жақсы пайдаланылатын стратегия, ағым-
дағы жалдау мөлшерлемесі және тұрғын үй 
мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті 
сату бағасы негізінде белгілі бір болжамдар-
ды пайдаланады. Бұған қоса бағалау, муни-
ципалдық биліктердің жылжымайтын мүлік-
ке белгілі бір жобалардың және маңындағы 
аудандардың инфрақұрылымын дамытуды 
қаржыландыруды жалғастыра беретіндігінің 
болжалына да байланысты болады. Белгі-
ленген жағдайларда қосымша қаржылан-

186
187
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
дыру қажеттілігі, сондай-ақ қосымша инвес-
тициялар экономикалық құнды бағалауға 
енгізіледі. 
• 
Банк, қазіргі кезде негізінен Алматы және 
Астана қалаларында жүзеге асыру үстіндегі 
құрылысқа бағытталған несие үшін шешім 
стратегиясын анықтады. Көп жағдайда, Банк-
пен таңдалған тәсіл жергілікті муниципал-
дық билікпен, құрылыс бойынша қосалқы 
мердігерлермен және құрылыс материал-
дарын жабдықтаушылармен тығыз ынты-
мақтастықты білдіреді, сондай-ақ осындай 
құрылыс материалдарының, арнайы жаб-
дықтардың және жұмыс күшінің болуына та-
лаптарды күшейтеді.
• 
Құрылысқа берілген несие бойынша 
мерзімін өткізулер құрылысы аяқталмаған 
объектілер бойынша туындауы мүмкін. Де-
мек, Банк құрылысы аяқталмаған объекті-
лерге қосымша салымдар жасауға ықпал 
етеді, бұл өз кезегінде Банктің құрылыс сек-
торына лизинг жабдықтары, құрылыс мате-
риалдары, құрылыс нысандарын басқару, 
жұмыс күшінің қызметтерін ұсыну, тасымал-
дау, күзетті қамтамасыз ету және басқа да 
қызметтер сияқты ілеспе қызметтер көрсе-
тетін әрекеттегі қарыз алушылар үшін қо-
сымша ақша ағындарын тудыру мүмкіндігін 
арттырады.
Жоғарыда аталған факторлар мен болжамдар-
дағы әділ құнының өзгерістері құнсыздануға 
берілетін резервтер деңгейін, сондай-ақ клиент-
терге ұсынылған несиелердің баланстық құнын 
бағалауға елеулі түзетулер алып келуі мүмкін. 
Басшылық жеке қарыз алушыларға қатысты 
болжамдар мен тәсілдерді тұрақты негізде жа-
ңартып отырады. 
 Қаржы активтерінің құнсыздануына арналған 
резерв шоғырландырылған қаржы есептілігін-
де қазіргі экономикалық және саяси жағдайды 
ескере отырып анықталды. Топ Қазақстандағы 
болашақ өзгерістерді және осы өзгерістер бо-
лашақ кезеңдерде қаржы активтерінің құнсыз-
дануына арналған резервтердің жеткіліктілігіне 
әсер етулерді болжай алмайды. 
Кредиттің құнсыздануын анықтау кредит мо-
ниторингі процесі аясында жүргізіледі, оған 
клиент төлемдерінің мониторингі және клиент 
бойынша және оның несиелері бойынша, 
клиенттің кредитке қабілеттілігіне байланыс-
ты 6 немесе 12 ай кезеңділікпен тұрақты мони-
торинг есептерін дайындау жатады. Сонымен 
қатар кредит менеджерлері несие сапасына, 
клиенттің қаржылық жағдайына және бизнесі-
не, сондай-ақ кредит талаптарын сақтауға үнемі 
мониторинг жүргізіп отырады. Құнсыздануға ре-
зерв қалыптастыру мақсатында корпоративтік 
несиелердің ықтималды құнсыздануын бағалау 
жеке жүргізіледі. 
Топ корпоративтік несиелерді, негізгі борыш не-
месе есептелген сыйақы төлемі 90 және одан 
астам күнге кешіктірілген жағдайда, сондай-ақ 
қарыз алушының төлем қабілетіне теріс ықпал 
ететін оқиға басталған жағдайда, жұмыс істе-
мейтін және артынша, құнсызданған несиелер 
ретінде топтастырады.
Топ тұтынушылық (бөлшек) несиелерді және 
шағын бизнеске берілетін несиелерді негізгі бо-
рыш немесе есептелген пайыздар төлемінің 
мерзімі 90 және одан астам күнге кешіктіріл-
ген жағдайда, жұмыс істемейтін деп немесе құн-
сызданған деп жіктейді. Құнсыздануға арналған 
резервтер қалыптастыру мақсатында осындай 
несиелерді бағалау топтық негізде қоржын дең-
гейінде жүргізіледі. 
Кредит қоржынын басқару бойынша Топ саяса-
тына сәйкес, егер клиентке берілген ең болма-
ғанда бір несие жоғарыда сипатталған белгілер 
негізінде құнсызданған болып танылса, мұндай 
қарыз алушының барлық берешегі құнсыздан-
ған болып саналады, яғни мұндай қарыз алушы-
ның қолданыстағы басқа несиесі де құнсыздан-
ған болып саналады.
Жұмыс істмейтін немесе құнсызданған несие-
лердің құрамына кірмеген барлық несиелер 
ұжымды түрде бағаланады. Біртекті және/не-
месе ұжымдық активтер құнсыздану мақсатта-
рында жекелік негізде бағаланбайды, өйткені 
осындай активтерге қатысты құнсыздану мақ-
саттарында қарастыру үшін жеткілікті көлемдегі 
объективті ақпарат жоқ.
Топ кредит шығындарын өтеу үшін, активтері 
анықталмаған шығындарды қоса алғанда, актив-
тердің құнсыздануына резерв қалыптастырады. 
Пайыз есептелетін активтердің құнсыздануы-
на резерв кемінде ай сайын Басқарма Төрағасы-
мен, №1 Тәуекел-менеджмент департаментінің 
директорымен, Қаржы мәселелері бойынша бас-
қарушы директормен және Бас бухгалтермен қа-
ралады. Құнсыздану резерві мен кредиттер сапа-
сы кемінде тоқсан сайын Директорлар кеңесімен 
қаралады. Резервтер көлемі кредит қоржынына 
және ағымдағы экономикалық жағдайларға қа-
тысты бағаланады. Резерв көлемін анықтау үшін 
жеке және қоржындық тәсіл қолданылады. Бас-
шылықтың пікірі бойынша, жасалған резервтер 
көлемі 2015, 2014 және 2013 жж. 31 желтоқсан-
дағы жағдайы бойынша Топтың несие қоржыны-
ның шығындарын өтеуге жеткілікті болды.
Іскерлік беделдің құнсыздануы 
Іскерлік беделдің құнсыздануын тексеру туын-
датқыш бірліктің болашақта күтілетін ақша 
ағындарын басқарудың ең үздік есептік бағасын 
және осы ақша ағындарын дисконттау үшін қол-
данылатын мөлшерлемелерді көрсетеді, келесі 
факторлардың салдарынан оларға белгісіздік 
қасиеті тән: 
• 
туындатқыш бірліктердің болашақтағы ақша 
ағындары егжей-тегжейлі болжамдар қол-
жетімді болатын кезеңдерде жоспарланатын 
ақша ағындарына және ұзақ мерзімді ақша 
ағындарының құрылымына қатысты жора-
малдарға сезімтал. Қызметтің болжамды 
мәндері нақты нәтижелермен салыстырыла-
ды және басшылықтың бағалау күніне сәй-
кес қызметке қатысты күтетін нәтижелерін 
көрсетеді; және 
• 
күтілетін ақша ағындарын дисконттау үшін 
пайдаланылатын мөлшерлемелер әрбір 
туындатқыш бірлікке арналған капитал құ-
нына негізделеді және бұл мөлшерлеме-
лер олардың бағалауына елеулі түрде ықпал 
ете алады. Капитал құны сыртқы нарықтық 
мөлшерлемелерге және Топтың бақылауы-
нан тыс болатын экономикалық жағдайларға 
байланысты бірқатар ауыспалы, зақымдан-
ған ауытқулардан тұратын, ұзақ мерзімді ак-
тивтерді бағалау үлгісі негізінде есептелген.     
Құнсыздану мәнін анықтау бойынша сынақ-
тан өткізу субъективті талқылауды талап 
ететін бірқатар мәселелерден тұрады: басқару 
есептілігінің қарапайым талаптарынан тыс ке-
зеңдегі ақша қаражаты қозғалысын бақылау-
ды дайындау; осы қызмет бағытына сай келетін 
дисконттау коэффициентін бағалау; бірлескен 
бірліктердің әділ құнын бағалау; және іскерлік 
атағы тексерілетін әрбір қызмет бағытының 
бөлінетін активтерін бағалау.
Қаржы құралдарын бағалау
35-Ескертуде сипатталғандай, қаржы құралда-
рының белгілі бір түрлерін әділ құны бойынша 
бағалау үшін Топ шығыс деректерін ескеретін, 
бақыланатын нарықтық деректерге негіздел-
меген бағалау әдістерін пайдаланады. 35-Ескер-
туде қаржы құралдарының әділ құнын анықтау 
кезінде қолданылатын негізгі болжамдар тура-
лы толық ақпарат, сондай-ақ осы болжамдарға 
қатысты бағаның сезімталдығының егжей-тег-
жейлі талдауы келтірілген. Басшылықтың пікірі 
бойынша таңдалған бағалау әдістері мен қолда-
нылған болжамдар қаржы құралдарының әділ 
құнын анықтау үшін жарамды. 

188
189
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
Пайдаға салынатын кейінге 
қалдырылған салық бойынша 
активтердің өтелуі 
Пайдаға салынатын кейінге қалдырылған са-
лық бойынша активтер барлық пайдаланыл-
маған салық шығындары бойынша, оған қарсы 
салық шығындары есетелуі мүмкін салық салы-
натын пайданы алу ықтималды болатын шама-
да мойындалады. Пайдаға салынатын кейінге 
қалдырылған салық бойынша мойындалмаған 
активтер әрбір есептік күнге қайта қаралады жә-
не келешектегі салық салынатын пайда пайдаға 
салынатын кейінге қалдырылған салық бойын-
ша активті өтеуге мүмкіндік беретін деңгейінде 
мойындалады. 
Жалпы бақылаудағы ұйымдар 
арасындағы мәмілелер
Жалпы бақылаудағы ұйымдар арасындағы 
мәмілелер алдағы мәндердің әдісі, баланстық 
мәндер пайдаланыла отырып жүзеге 
асырылады. Топ аталған қағиданы кейін 
осыған ұқсас барлық мәмілелерге қолданады. 
Жалпы бақылаудағы ұйымдарды сатып алған 
кезде, Топ, ұйымдардың қаржы есептілігін 
мәміле жасалған күннен бастап біріктіреді, 
салыстырмалы ақпарат қайта қаралмайды. 
Активтерді және міндеттемелерді өтеу 
мен сатып алу арасындағы айырмашылық 
бөлінбеген пайдада танылады
4. Жаңа және қайта қаралған хқес қолдану
Жаңа және қайта қаралған 
Халықаралық қаржы есептілігінің 
стандарттарын (ХҚЕС) қолдану 
Төменде келтірілген жаңа және қайта қаралған 
стандарттар мен түсіндірулер осы кезеңде ал-
ғаш рет қолданылып отыр және осы шоғырлан-
дырылған қаржы есептілігінде берілген қаржы 
көрсеткіштеріне әсер етті.
• 
ХҚЕС жыл сайын жетілдіру, 2010-2012 жж. 
кезең;
• 
ХҚЕС жыл сайын жетілдіру, 2011-2013 жж. 
кезең;
ХҚЕС жыл сайын жетілдіруге, 2010-2012 жж. ке-
зең, ХҚЕС (IFRS) 3, ХҚЕС (IFRS) 8, ХҚЕС (IAS) 16, 
ХҚЕС (IAS) 38 және ХҚЕС (IAS) 24 түзетулер, сон-
дай-ақ ХҚЕС (IFRS) 13 қорытындысына арналған 
негізге енгізілген түзетулер кіреді.
ХҚЕС жыл сайын жетілдіруге, 2011-2013 жж. ке-
зең, ХҚЕС (IFRS) 3, ХҚЕС (IFRS) 13, ХҚЕС (IAS) 40 
түзетулер кіреді.
Аталған түзетулер Топтың шоғырландырылған 
қаржы есептілігіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Топ шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген бас-
қа стандарттарды, түзетулер мен түсіндірулерді 
мерзімінен бұрын қолданған жоқ.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген 
жаңа және қайта қаралған ХҚЕС
Топ шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген 
мынадай жаңа және қайта қаралған ХҚЕС 
қолданған жоқ:
• 
ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» ²;
• 
ХҚЕС (IFRS) 14 «Кейінге қалдырылған та-
рифтік айырмалар шоттары»²;
• 
ХҚЕС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарт-
тар бойынша түсімдер»²;
• 
ХҚЕС (IFRS) 16 «Жалгерлік»³;
• 
ХҚЕС (IFRS) 11 түзетулер «Бірлескен опера-
циялардағы қатысу үлесін сатып алу есебі»¹;
• 
ХҚЕС (IAS) 1 түзетулер – «Ақпарат ашу сала-
сындағы бастама»¹.
• 
ХҚЕС (IAS) 27 «Жеке қаржы есептілігінде 
үлестік қатысу әдісін қолдану» түзетулер²;
• 
ХҚЕС (IFRS) 10 және ХҚЕС (IAS) 28 «Инвестор-
дың бірлескен немесе тәуелді кәсіпорынға 
активтерді сатуы немесе салуы» түзетулер²;
• 
ХҚЕС (IFRS)   10, ХҚЕС (IFRS) 12 и ХҚЕС (IAS) 28 
түзетулер «Инвестициялық ұйымдар: шоғыр-
ландыру туралы талаптардағы ерекшелік-
терді қолдану»¹;
• 
ХҚЕС жыл сайын жетілдіруге, 2012-2014 жж. 
кезең. ¹
1
 Мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен, 2016 ж. 1 шілдеден баста-
латын жылдық есептік кезеңдерге қатысты әрекет етеді.
2
 Мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен, 2008ж. 1 қаңтардан баста-
латын жылдық есептік кезеңдерге қатысты әрекет етеді.
3
 2019 ж. 1 қаңтардан басталатын жылдық есеп кезеңдеріне қатысты 
мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен әрекет етеді.
ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» 
2009 ж. қарашада шығарылған ХҚЕС (IFRS) 9 қар-
жы активтерін жіктеу мен бағалауға қатысты 
жаңа талаптар енгізді. ХҚЕС-ке (IFRS) 9 2010 ж. 
қазанда толықтырулар енгізіліп, қаржы міндет-
темелерін жіктеу және бағалау бойынша және 
оларды тануды тоқтату бойынша жаңа талап-
тар енгізілді, ал 2013 ж. қарашада хеджирлеуді 
есепке алуға жаңа талаптар шығарылды. 2014 ж. 
шілдеде ХҚЕС жөніндегі Кеңес ХҚЕС (IFRS) 9 соң-
ғы нұсқасын шығарды, онда Қаржы активтерінің 
құнсыздануын есепке алу бойынша талаптар, 
сондай-ақ қаржы активтерін жіктеу мен баға-
лауға қатысты кейбір өзгерістер енгізілді, жай 
борыштық құралдардың  белгілі бір түрі үшін 
қаржы құралдарының «басқа да жиынтық кіріс 
арқылы әділ құны бойынша бағаланады» (БЖ-
КАӘҚБ) деген жаңа санатты қосу арқылы. ХҚЕС 
(IFRS) 9 ағымдағы ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржы құралда-
ры: тану және бағалау» стандартын ауыстырады.
ХҚЕС (IFRS) 9 негізгі  
талаптарына сәйкес:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет