Ђжым жѕне ђжым арќылы тѕрбиелеу процестері


Диплом жұмысының өзектілігі



бет2/10
Дата26.04.2023
өлшемі249,5 Kb.
#87213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-44514

Диплом жұмысының өзектілігі. Бала педагогикасында ұжымның және ұжым тәрбиесінің ролі ерекше.
Ұжым және ұжым арқылы тәрбие процесіне арналған педагогикалық еңбектер баршылық. Солардың ішінде, А.С.Макаренконың, Н.Крупскаяның, я.А.Коменскийдің, Ушинскийдің еңбектері педагогика саласына қосылған үлкен үлес болып табылады. Дегенмен әр тарихи кезеңнің өз педагогикалық ілімі болғандықтан, әр кезеңнің тәрбие әдістемелері, педагогикалық теориялары мен тәжәрибелері, оқыту принциптері жеке-жеке еңбектерге арқау болған.
Бірақ, соның ішінде біз зерттеп отырған ұжым тәрбиесіне кеңінен тоқталған А.С.Макаренко. Педагогтың ұжым тақырыбына жазған еңбектері әлі күнге дейін өз өзектілігін жоя қойған жоқ.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті.
Педагогика саласындағы ұжым арқылы тәрбиенің ролі зор екенін жоғарыдай айтып өттік. Осы ғылыми жұмысқа ұжым және ұжым арқылы тәрбиелеу процестерін негіздегелі отырмыз. Оның үстіне, әр тарихи кезеңдердегі педагогикалық оқыту әдіс-тәсілдердің бүгінгі күндегі қолданысына тоқталып, олардың қыр-сырларына тоқталамыз.
Сондықтан да бұл жұмысымызда аса көрнекті педагогтардың тәлім-әдістемелерін, олардың қызметі мен түрлі белгілерін, олардың бүгінгі күндегі өзектілігін, бала тәрбиесіндегі оқыту принциптерінің кеңінен ашылуын саралау - осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Зерттеудің әдістері.
Дипломдық жұмысқа талдау, сипаттама, салыстырма, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны. Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырып өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті сөз болады.
«Оқыту принциптері тарихының негіздері» деп аталатын І тарауда оқыту теориясы мәселелерінің жалпы педагогикалық негізі, ұжым және ұжымдық оқыту теориялары, оқыту теориясы мен әдістемелерінің қазіргі заманғы жағдайы қарастырылса, ІІ тарауда «Ұжым және ұжымда оқыту принциптерінің» тәжірибедегі қолданысы талданады.
Жалпы оқыту принциптері нақтыланып, ұжым арқылы оқыту принциптерін іске асыру барысы, ұжымда жүргізілген эксперимент пен оның нәтижелері қарастырылады.
Қорытынды бөлімде диплом жұмысының жалпы ерекшеліктері, ғылымилығы, қол жеткізген тұжырымдары сөз болады.
Соңында әдебиеттер тізімі көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет