2.3. Экспериментжәне оның нәтижелері Экспериментальды педагогика - психология мен педагогикадағы бірегей бағыт - оның мақсаты баланы жан-жақты зерттеу және педагогикалық теорияны экспериментальдқ жолмен негіздеу болып табылады. Бұл тәжірибе - 19 ғасырдың соңында, балаларды оқытуда экспериментті қолдану мүмкіндігі дәлелденген кейін пайда болды. «Эксперимент» терминін ХХ ғасырдың бас кезінде Э. Мейман ұсынды [18].
Педагогикалық теорияны негіздеу мақсатында балаларды түрлі мамандар зерттеді, өскелең ұрпақтың психикалық және дене дамуларының заңдылықтарын, оқушының ой-санасының жұмысын, оның бойындағы танымдық қасиетін саралар, осы зерттеулердің басын біріктіру мақсатында баланың жас ерекшеліктеріне қарай дамуының ғылыми негіздемелері жасалды. Зерттеулердің барлығында психологиялық мәліметтерге басымдық берілді, ал, психологиялық ілімнің дамуы үшін эксперимент енгізудің маңызы зор болды. Эксперименттік зертханалар мен институттар ХІХ ғасырдың 80-жылдарында кеңінен тарала бастады. Бұл, өз кезегінде, экспериментті баланың дамуын зерттеуде пайдалану мүмкіндігі туралы ой туындатты.
Мектеп жағдайында балаларды алғашқы эксперименттік зерттеу 1879 жылы ғалым И.А.Сикорский жүргізді, бірақ бұл тәжірибе үлкен резонанс туғыза қойған жоқ. 90-ыншы жылдары арнайы психологиялық зертханалар - Э.Мейманның, А.Биненің, С.Холлдың зертханалары жұмыс істей бастаған соң ғана, эксперименттік тәжірибелер көпшіліктің назарын аудара бастады [16].
Экспериментті және басқа да әдістемелерді, оның ішінде статитикалық әдістемені қолдану бала дамуын зерттеу саласындағы мәліметтерді тез жиналуына, қарастырылатын бала жастарының шегін кеңейті, зерттеу проблематикасын түрлендіру мүмкін болды.
Бұл зерттеулердің барлығының нысаны - дамып келе жатқан бала болды. Сондықтан да, бір-біріне жақын тақырыптардың атауы да автор тақырыбына қатысты түрленіп келді. Мысалы, балалар, психологиясы, жасөспірімтану, педология, педагогикалық психология, педагогикалық эксперимент, т.б.
Осындай зерттеулердің бірінің атауы – эксперимент аталды және оның мақсаты ғылыми фактілер негізінде тәжірибе нәтижелерін алуға бағытталды.
ХХ ғасырдың бас кезінде эксперимент сөзі бала тәрбиесімен жиірек селбесіп, кеңінен тарала бастады. Атап айтқанда, Ресейдегі бала зерттеу жөніндегі алғашқы зертхананы А.Нечаев Петербургте 1901 жылы ашты. Ал, 1910 жылы Эксперименталды педагогика қоғамы құрылды. Алғашқы кезде орыс педагогикасында «педагогикалық психология» деген р термин кеңінен қолданылды. Кейіннен зерттеу әдістері проблемасы мен оның талдамаларына деген қызығушылықтың артуына байланысты «Эксперимент» термині кеңінен танымал бола бастады.
Атап айтқанда, 1906 және 1909 жsлы Петербургте педагогикалық психология съездері өткзілді. Одан кейінгі 1910, 1913 және 1916 жылдары өткізілген съездердің атаулары өзгеріп, эксперименттер бойныша съездер деп аталды.
Ал, 20-ыншы және 30-ыншы жылдары баланы жан-жақты зерттеу міндеті арта түскеннен кейін педология деген термин пайда болды, ал, 1936 жылы педагогикалық зерттеулер тоқтағаннан кейін, ғылыми қолданысқа балалар психологиясы, педагогикалық психология енді.
Қазіргі психология мен педагогикада эксперимент кеңінен қолданылып отырғанын айта кету керек. Эксперименттік оқыту –психологиялық-дидактикалық проблемаларды зерттеудің тиімді әдістерінің бірі. Эксперименттің мазмұны, құрылысы және формасы психология саласында қабылданған теориялық қағидалар негізінде үйлестіріледі.