Ђжым жѕне ђжым арќылы тѕрбиелеу процестері


І тарау. Оқыту принциптері тарихының негізі



бет3/10
Дата26.04.2023
өлшемі249,5 Kb.
#87213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-44514

І тарау. Оқыту принциптері тарихының негізі
1.1. Оқыту теориясы мәселелерінің жалпы педагогикалық негізі
Ж.С.Руссоның пікірінше, ұстаз білім беру үрдісінде әрқашан өзінің жетекшілік ролін жасырып отыруға тырысуы керек. Баланың тәрбиесі мен дамуын мұғалім басқарғанымен, бала өзін жетекші санаған жағдайда ғана, еркіндікті сақтап, тәрбиеленушіні еркін бағындыру мүмкін. Ж.Ж.Руссоның пайымдауынша, өз тәжірибесінен алынған сабақтар ғана оқушы үшін маңызды және пайдалы.
«Қоршаған ортаның барлығы бала үшін кітап болып табылады. Бала өзі байқамай, сол кітапты оқып, өз жады мен санасын байыта түседі. Ал, баланың өзін танып-біле алатын пәнді таңдату - нағыз шеберлік. Мұғалімнің міндеті бала үшін қызықты да, пайдалы орта ұйымдастыра білу», дейді ғалым [1. 29].
Сократ пен Ж.Ж.Руссоның педагогикалық тәжірибелерін салыстырар болса, Сократтың тәлімі – мұғалімнің айтқанына, диалогқа, вербальды қарым-қатынасқа негізделетінін көруге болады. Ал, Ж.Ж.Руссо «вербалды педагогиканы» барынша азайтып, баланың өз талпынысын ұйымдастыруға тырысуы байқалады [1. 29].
Бірақ бұл, екі ғалымның тәлімдері бірін-бірі жоққа шығарады деген сөз емес, керісінше, екеуінің де ілімі бір-бірін толықтырып отырады.
Ж.Ж. Руссоның ілімін дамыту негізінде ХХ ғасырдың бас кезінде итальяндық педагог М.Монтессори (1870-1952) өзіндік бір табысты жүйе ұсынды.
М.Монтессоридің тұжырымдауынша, білім баланы қалыптастырмайды, ол тек балаға өз денесі мен рухын өз қызметінің көмегімен дамыту мүмкіндігін береді.
Кез-келген өмір еркін белсенділік, яғни, әрбір дамушы бала еркіндікке және өзін-өзі дамытудың туа біткен сұранысына ие.
Ғалым М.Монтессори талдап жасаған оқыту теориясының мазмұны, баланың өмірін ерекше ұйымдастыра отырып, оған өзінің табиғи бейімділіктеріне байланысты еркін әрекет ету мүмкіндігін беру дегенге саяды. Ғалым өзінің «Бала санасы» («Разум ребенка») еңбегінде, «бала тіршілік етіп отырған кеңістік оны әрекетке, өзіндік тәжірибе алуға итермелейтін мол таңдаулар ұсынады» дейді [2. 125]
Ұжымды басқару педагогикасының элементтері бұдан басқа да түрлі білім беру технологияларында байқалады. Егер, М.Монтессоридің теориясы жоғарыдан жетекшілік етуге негізделсе, ал, Д.Б.Элконин мен В.В.Давыдовтың теориясы «баланы өз сауалына жауап іздету жолымен баланың ролін арттыруға» негізделеді [5].
А.С.Макаренко ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жасауда, манипулятивтік бағыт элементтерін кеңінен қолданды. Өзінің көпжылдық тәжірибесіне сүйенген педагог, ұжымды баланы дамытудың ерекше ортасы ретінде қарастырды. Жетекші тәрбие жұмысы барысында жеке тұлғамен емес, ұжыммен өзара әрекет ете отырып, ұжымның әр мүшесіне тікелей әсер ете алады. Осылайша, тәрбиеші ұжым арқылы балаға жасырын, арағайындық қызмет көрсетеді, дейді ғалым [6.].
Осы тұрғыда тағы бір ғалымның теориясын айта кеткен жөн. Ол М.А.Балабанның «Мектеп-парк» тәлімі. Бұл жүйенің негізін студия-шеберханалар құрайды, ондағы мұғалім аға –шебер міндетін атқарады. Яғни, ол, балалар керек жағдайда ғана ақыл-кеңес сұрайтын сарапшы-жетекші ролін атқарады.
Қарап отырсақ, қай дәуірдің педагогикасын алсақ та, баланы дамытуда авторитет педагогикасына қарағанда манипулятивтік педагогикаға, баланың өзіндік дамуына, тәрбие жұмыстарының индивидуализациясына басым роль берілгенін байқаймыз. Соған қарамастан, ұжымдық тәрбиенің де маңызы жоғала қоймағанын байқауға болады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі -- бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі — тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін дұрыс басқару үшің оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі кұрылымы және компоненттерімен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны).
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және окушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).
3. Оқушылар — класс ұжымы .
4. Оқыту әдістері.
5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.
6. Оқыту нәтижелері [3.167]
Білім — адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы — талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалык әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес.
Дағды — бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы — жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктік және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық, іс-әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі.
Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі.
Оқыту процесінің козғаушы күштері оқытудың барысында койылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін өте қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары [6. 167].
Оқытудың білім беру функциясы-- бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:
- білімнің толықтығы — негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің негізгі звеноларын, яғни, танымдық іс-әрекеттердің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;
- білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
- білімнің ұғымдылығы — оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеруі үшін, олардың ойын дамыту;
- білімнің әрекеттілігі — жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербарттың, К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И. Ф. Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз кұрал деп тұжырымдады.
Н. И. Пирогов пен К. Д. Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің құдіретті құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау [3.168].
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Енді оқыту процесінің тармақтарына тоқталайық. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.
Қабылдау — адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін түйсік деп атайды.
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту — бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу курсын толық бітіргеннен кейін жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау окушылардың білімін бекіту және жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада колдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Окушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау - бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін — білім сапасын, байымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, объективті баға беріледі.
Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі — тікелей талаптандыру мотивтері — бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен қолданады, лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді. Осылардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талпындырады.
Перспективті талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына, оның іс-әрекетін болашаққа бағыштауына байланысты. Бұған жататын мотивтер:
а) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы;
ә) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріне қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт т. б.). Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыруы қажет.
ӘлеуметтІк мотивтер — бұл дүние танымның қалыптасуына, идеялық сенімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі. Осы мотивтерді іске асыру және оқу жұмысының әлеуметтік мәнін көтеру мақсатында мұғалім оқушыларға класс және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін, келешек мамандықты игерудің, еңбек іс-әрекетіндегі белсенділіктің қажеттігін жете түсіндіре білуі керек.
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар үшін перепективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері оқытудың барлық сатысында болуы қажет.
Дидактика — бұл ежелгі грек сөзі – үйретуші, мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика — білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту прициптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактика негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592—1670). Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және классикалық сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. швейцар педагогы Иогаин Генрих Песталоцци (1746— 1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
XIX ғ. -неміс педагогы Фридрих Вилыельм Адольф Диетервек (1790—1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, «жақыннан қашыққа», «оңайдан күрделілікке көшу т. б.
К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, П. П. Блонкий, С. Т. Шацкий т. б. Ғалымдар да дидактиканың дамуына игі әсерін тигізіп, үлкен үлестер қосты.
Дидактика нені оқыту, қалай оқыту, не үшін оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді.
Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру концепциясы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, активті формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері-міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнында оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
Оқыту процесінің табысты болуы, біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білімдарлығына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты, деп жазады педагог Ж.Б.Қоянбаев өзінің «Педагогика» кітабында [3.].
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты творчестволықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн. Бұл жөнінде И. П. Волковтың «Творчествоға баулимыз», В. Ф. Шаталовтың «Баршаны да, әркімді де оқыта білейік» еңбектерінде сабақты өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет