Ђжым жѕне ђжым арќылы тѕрбиелеу процестері


ІІ тарау. Ұжым және ұжымда оқыту принциптері



бет7/10
Дата26.04.2023
өлшемі249,5 Kb.
#87213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-44514

ІІ тарау. Ұжым және ұжымда оқыту принциптері
2.1. Жалпы оқыту принциптерінің нақтыландырылуы

Ұжым - қуатты педагогикалық құрал ретінде тәрбиелеудің маңызды формасы болып табылады.


Энциклопедиялық сөздікке жүгінер болсақ, ұжымға мынадай түсіндірме берілген:
Ұжым дегеніміз – адамдар арасындағы қоғамдық байланыстың түрі.
Жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру тек ұжымда және ұжым арқылы ғана табысты жүре алады, бұл тәрбиелеудің маңызды заңдылықтарының бірі. Осы заңдылықтардың мәнін саралай отырып, төмендегі екі жайтты естен шығармау керек:
Біріншіден, тәрбиенің маңызды мақсаты - тұлғаны ұжымдық рухта дамытып, оның бойында жолдастық қасиет қалыптастыру. Бұл мақсатқа тұлға жақсы ұйымдастырылған және рухани-әлеуметтік қатынасы жайлы ұжымда ғана тәрбиеленген жағдайда қол жеткізу мүмкін екенін естен шығармаңыз.
Екінші мәселе, тәрбие дегеніміз педагогтың әр тәрбиеленушіге деген жеке әсерімен шектеліп қоймайды. Тәрбие ұжымның жан-жақты әсерімен нығайып отыруы керек. Ұжым тұлға тек еркіндігі мен қорғаныштылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жақсы моральдың тасымалдаушысы ретінде адами және көркемдік-эстетикалық қатынастарды бойына жинау керек. Сондықтан да педагогикалық жұмыс процесінде салауатты және тәрбиелі ұжым құрып, тұлғаны жан-жақты дамыту үшін ол ұжымды тиімді пайдалана білу керек. Мұндай ұжымсыз тәрбиенің жоғары тиімділігіне ойын артуға негіз жоқ.
Ұжым немесе коллектив сөзі латынның colligo деген сөзінен туындайды, оның мазмұны «бас біріктіремінн» дегенді білдіреді. Осылайша, ұжым деген ұғым адамдардың бірігуін, олардың арасындағы байланыстық қатынасты білдіреді [13].
Осы тұрғыдан алғанда, адамдардың әрбір бірлестігінде іскерлік және жеке қатынастарды ажыратуға болады. Іскерлік қатынастар белгілі бір ұйымдарда қалыптасқан ұйымдастырушылық тәуелділіктерді, ережелер мен шарттарды сақтауға, әлеуметтік-маңызы міндеттерді шешу жөніндегі бірлескен қызметтерге негізделсе, жеке қатынастар аты айтып тұрғандай, жеке бастың мәселелеріне негізделеді және оның аясы тарлау. Жеке қатынас іскерлік қатынаспен қатар жүруі мүмкін.
Ұжымның басты белгісі оқушылардың арасындағы іскерлік қатынастар мен жауапты тәуелділіктердің орнықтылығы, мықтылығы және әрекеттілігі болып табылады.
Ұжымның мән-жайын егжей-тегжей анықтаған А.С.Макаренко.
«Ұжымды жеке тұлғалардың жиынтығы деп ала салуға болмайды. Ұжым - әлеуметтік тірі азға, ағза болатын себебі, оның өз органдары бар, онда бөлшектердің өкілеттігі, жауапкершілігі, арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, ал, мұның барлығы болмаса, онда ұжым да жоқ, ол жерде жай тобыр ғана бар» деп жазады ол [7. 229].
Осылайша, тәрбиелік ұжым дегеніміз - тіршілігі мен қызметі салауатты әлеуметтік талпыныстарған негізделген. өзін-өзі басөару органдары жақсы жұмыс істейтін, ал, жеке тұлалар арасындағы қарым-қатынас жоғары ұйымдастырушылықпен, бай рухани қатынспен және мүдделермен мазмұндалатын оқушылардың бірлестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет