Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің идеяларын сабақ үстінде творчестволық тиімді пайдалану — оқыту процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі. Оқыту әдІстерін классификациялаудың әр түрлі тәсілдері Кеңес мектебінде оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар. 20-жылдары белгілі педагог-ғалымдар Б. Е. Райков, Қ. И. Ягодовский, М. М. Пистрак т. б. оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерІн жасады.
30-жылдары М. М. Пистрак, П. Н. Шимбирев, И. Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерін классификациялау проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім кезін негізге алады. Д.0.Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістерІ, оқыту-.практикалық сабақтар әдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында совет дидактары Н.Я.Голант, С. Г. Шаповаленко, Н. М. Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа классификациясын үш топқа: сөздІк әдістер тобы, әңгімелеу, түсіндіру деп бөлді.
Ал, енді, оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғымға келейік.
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайда болды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және ғылыми-техникалық прогрестің өзгеруіне байланысты, дейді педагог Ж.Б.Қоянбаев
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін дворяндар семьясында сақталды.
Ертедегі құл иеленуші мемлекеттерде, мысалы, Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, окытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сүрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы XVI ғ-да Ресейдің оңтүстік батысындағы туысқан мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға класс ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.
XVII ғ. Я. А. Коменский туысқан мектептердің тәжірибесін жинақтап, өзінің «Великая дидактика» кітабында класс-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның этаптарын түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылык принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында класта оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың класс-сабақ формасы деп аталды.
Я. А. Коменский класс-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде класты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында — XIX ғ. басында Англияда пайда болды, оны оқытудың белль-ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А. Белль және мұғалім Д. Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар — топ басқарушылары жүргізеді.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың прогрессивті педагогтары А. Дистервектің, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды.
XX ғасырдың бірінші жартысында совет педагогтары АҚШ-тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі формаларымен (дальтон-план, лабораториялық-бригадалық форма, винетка-план, Трамп-планы, иена-план т. б.) танысты, олардық бірсыпырасы совет мектептерінде пайдаланылады. Мысалы, дальтон-план (АҚШ, Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетімен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, зачет тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармен дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон-планның негізгі мақсаты — ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу.