Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет18/28
Дата31.10.2022
өлшемі85,2 Kb.
#46550
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
мүсіндеу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.
Бөлімі:Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Мысықтың ыдысы»
Мақсаты: мысық туралы түсініктерін кеңейту,ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету; ермексаздыдомалақтап, ортасын қуыстау машығын дамыту, сондай ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, мысықтың суреті, ыдыс үлгі.
Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.
Билингвальды компонент: мысық кошка, ыдыс посуда.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға оқу іс әрекетіне байланысты жұмбақтың шешуін табуды ұсыну.
Жұмбақ
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды
Допты көрсе домалатып қоймайды
Беті қолын қайта қайта жуады
Тышқандарды иүйімізден қуады
(мысық)



 Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.
Мысық.

Ұйымдастыру-іздестіру

Билингвальды компонент: мысық кошка, ыдыс посуда
Тәрбиеші:
Балалар,мысық қайда мекендейді?
Өте жақсы,балалар, сондықтан мысықты үй жануары деп айтамыз. Балалардың назарын үлестірмелі материалдағы мысықтың суретіне аударту.
Мысық қалай дыбыстайды?
Мысық не жейді?
Мысыққа немен тамақ береміз?

Ал, балалар, мысыққа қарайықшы, құлағы, аяғы, құйрығы, көзі нешеу?


Ал мысықтың түсі қандай?


Кім мысық туралы тақпақ біледі?

Балалар сендер мысықты жақсы көресіңдер ме?


Олай болса, мысыққа сүт ішетін ыдыс жасап берейікші.мысықтың сүт ішетің ыдысы жоқ екен. Алдымен бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады
Қасымнан бір қалмайды
Көзін қысып алдайды
Ойнатсам да күнімен
Ойыны бір қанбайды
Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.
Тәрбиеші балаларға өзі жасаған ыдыстың үлгісін көрсетіп, таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет