Ұлу өте нәзік, өте сұлу жәндік.
Сөздік жұмыс: жәндік.
Ол қыста ұйықтайды, көктемде ұйқыдан оянады. Арқасындабақалшақтан үйі бар.өз үйін өзі көтеріп жүреді.кез келген қатерден өз үйіне тығылып қалып қорғанып қалады. Жаңбыр жауғаннан кейін сыртқа шығып серуендейді.
Ұлу жалғыз өзі келіпті, достары жоқ екен, сондықтан ол көңілсіз. Оған көп достар жасап беріп, көңілін көтерсек қайтеді. Алдымен ұлумен бір ойын ойнап көрейік.
Сергіту сәті. «күн және жаңбыр» ойыны.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Әуен қосылып, ойын басталады. «жаңбыр жауады» дегенде балалар қолшатырдың астына жиналады.
Педагог балаларға өзі дайындаған ұлудың үлгісін көрсетеді.
Жұмыстын орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: Ермексазды жұмсарту;
Ұзын ширатпа есу;
Дөңгелектеп орау;
Басына көз, ауыз, мүйіз жасау.
Балалардың өз бетінше жұмысы. Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсетіледі.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Жәндік сөзін қайталайды.
Ұлудың суретімен, дене құрылысымен танысады.
Балалар ұлуға достар жасап беруге келіс еді.
Балалар ойын ойнайды.
Ұлу жасаудың әдіс тәсілдерімен танысады.
Ұлуды мүсіндейді.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар, бүгін не мүсіндедік?
Ұлу достарының көбейгеніне қуанып, рахмет айтып жатыр. Сендердің жасаған ұлуларыңмен достасып, ойнағысы келіп тұр.
Балалардың жұмыстарын талдату.
Ұлуды мүсіндедік. Жасаған ұлуларын суреттегі ұлумен достастырып, ойнайды.
Күтілетін нәтиже: Біледі: ұзын «шұжық»пішінді ермексазды орау арқылы ұлудың бейнесіне келтіреді.
Игереді: ұлудың арқасында бақалшақтан үй болатындығын;
Меңгереді: ермексазды алақан арасына салып есу арқылы ұзын «шұжық» пішінін жасауды.