Балалардан жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін және не үшін беретінін сұрау.
Балалардың жұмысын бағалау, рақмет айту.
Балалар жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін, не үшін таңдағанын айтады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: ермексазды домалақ пішінді апельсин мен мандарин бейнесіне келтіреді; Игереді: апельсин мен мандариннің пайдасын және цитрустық жеміс екендігін; Меңгереді: үлкен, кішкентай домалақтар жасау білімін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.
Бөлімі:Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Ұлу»
Мақсаты: ұлу жайлы жалпы түсінік беру,ермексазды ширатып созу,жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту,ұқыптылыққа, дербес іс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, ұлудың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық
Сөздік жұмыс:жәндік
Билингвальды компонент: ұлу улитка, бақалшақ ракушка.
Жұмбақтың шешуін табуды ұсыну.
Жұмбақ Арқасында үйі бар
Басында екі мүйізі бар
Күн шықса жатады салқын үйде
Күн жауғанда кетеді серуенге.
(ұлу)
Билингвальді компонент: ұлу улитка, бақалшақ ракушка.
Балалар жұмбақты шешуге тырысады.
Балалар «ұлу улитка», «бақалшақ ракушка» сөздерін қайталайды.