Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет76/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87
Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

-Сендер аппликация жасауды жақсы көресіңдер ме? Біз сендермен көптеген аппликациялар орындадық. Бүгін мен сендерге біздің аппликациялық жұмыс үшін бөлшектер дайындауды ұсынамын.


Іс әрекетке деген қызығушылықтары пайда болады.


Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші балаларға түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршы, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыштар таратады. Содан соң тақтаға геометриялық фигуралардан құрастырылған аппликацияны іледі.

-Аппликациядан не көріп тұрсыңдар? Қалпағы бар саңырауқұлақ құрастырылған фигураларды қалай атауға болады?

Дөңгелекті бөліктерге бөлдік. Бұл бөлік жартысы деп аталады. Фигураны екіге бөлуді үйренеміз. Ол үшін дөңгелекті шеттері бір-біріне дәл келетіндей етіп ұқыптап бүктейміз. Олар сызық бойымен бүктеп қию үшін, қайшы беруге болады.

-Бізде неше жарты пайда болды?

-Егер біз әрбір жарты дөңгелекті тағы да екіге бүктейтін болсақ, онда ширек бөліктер пайда болады.

Дөңгелектерді ширек бөліктерге бөлуге уақыт беріп, көмектеседі. Содан соң бөліктерін көрсетіп, неше ширек бөлік шыққанын санайды. «Дөңгелек құрастыр» ойынын ойнауды ұсынуға болады.

-Шаршыны жарты бөлікке бөліп көріңдер. Қалай дайындауға болатынын айтыңдар.

Содан соң мысалы, мынадай түрдегі өрнекті партаға қоюды ұсынады:

-Шаршыны екіге бөлгенде, қандай фигуралар шықты? (екі кішкентай тіктөртбұрыш). Ал шаршының ширек бөліктері ше? (олар да-шаршылар, бірақ кішкентай)

-Қане, жарты бөліктерінің тең екендігін тексеріп көрейік. Оларды бір-бірінің үстіне қойыңдар. Дұрыс, олар-фигураның тең бөліктері.

-Жарты және ширек бөліктерден бүтін фигураны құрастырыңдар.

-Фигураны тең емес бөліктерге де бөлуге болады.

Қарапайым геометриялық конструктор таратылып құрастыруды сұрайдыү

Тіктөртбұрышты тағы басқа бөліктерге бөлуге болады.

Дәптердегі жұмыс бүтін және бөлік туралы түсініктерін бекітеді. Тәрбиеші сергіту сәтінен кейін, дәптерлерін ашып, №1 тапсырманың суреті бойынша әңгіме жүргізеді. Балалар дөңгелек, шаршының бөліктерінің атауын дауыстап айтады.

Ары қарай №2тапсырмадағы осы суреттің бөліктерін бояуды тапсырады.

№3тапсырма зейіндерін дамытуға арналған. Дөңгелектің бөлігін таңдап алу керек, бірақ алдымен ондағы өрнекке талдау жасап алған жөн.



Аппликацияға талдау жүргізеді. Дөңгелектің, шаршының атауларын қайталайды. Практикалық жұмыс жүргізіп, фигураларды тең екіге бүктейді. Содан соң 4-ке бүктейді, қияды. Өрнек құрастырады. Фигураны бөліктерге бөлуге, бөліктерден бүтін фигура құрастыруға болатындығы туралы қорытынды жасайды. Тең бөліктер бір бірінің үстіне қойғанда, сәйкес келеді және өз атаулары бар.

Геометриялық конструктормен немесе бөліктерге бөлінген суретпен жұмыс істейді.

1-тапсырманы ауызша орындайды.

2-тапсырмадағы бөліктерді бояйды.

3-тапсырмада жапсырмада таңдап алады, алдымен оны көрсетіп, содан соң жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет