Радикулит немесе құяң ауруы бел омыртқаларының тұсында жиі кездеседі. Ол өзінше жеке немесе остеохондроздың салдарынан болады. Спортсмендер арасында омыртқа зақымданған кезде: оқыста құлап қалу, артық салмақ түсіру, қатты қайқайып кету сияқты омыртқа жотасының қиналуы радикулитке әкеліп соғады.
Радикулит немесе құяң ауруыбел омыртқаларының тұсында жиі кездеседі. Ол өзінше жеке немесе остеохондроздың салдарынан болады. Спортсмендер арасында омыртқа зақымданған кезде: оқыста құлап қалу, артық салмақ түсіру, қатты қайқайып кету сияқты омыртқа жотасының қиналуы радикулитке әкеліп соғады.
Ең негізгі белгілер:белі қатты ауырып, ол аяғына беріліп, жүре алмай қалады. Қимыл-қозғалыс толық орындалмай, алға еңкею, бір жағына бұрылу мүмкін болмайды. Ауру жақтағы аяқ созылмай, бұлшықеттер әлсіреп, бөксенің, сан мен балтыр бұлшықеттері семиді. Қатты ауырғандықтан адам бір жағына қисайып қалады. Мұның өзі ұзаққа созылса, кейде омыртқаның қисайып, сколиоз ауруына шалдығуына душар етеді.Бұл ауру ұзаққа созылады. Оқыста суық тисе, жарақаттанып қалса мұндай созылмалы ауру асқынып, барлық белгілері қайта байқалады. Бұл кезде бірден ауруханаға жатқызылады. Аурудың беті қайтып, асқынуы басылысымен емдік гимнастика тағайындалады.
Оның негізгі мақсаты— қан айналымын жақсартып, арқа бұлшықеттерін жетілдіру және қатты аурудан пайда болған контрактураны (еттің түйілуі) болдырмау, денені түзету т. б.
Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буындарын бүгіп-жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Егер ауру аяқты көтеру қиынға соқса, онда сау аяқты ауру аяқтың астынан тіреп, мүмкіндігінше жоғары көтереді. Алғашқы кезде жаттығулардың ұзақтығы 10—12 минут, кейін біртіндеп 20—25 минутқа созылады. Палаталық режимге көшкен кезде мынадай жаттығулар жасалады: науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Содан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жаққа кезек иіліп, денені остің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді.Қимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді.

Ауру адам еркін жүре бастағанда аяқ-қол қимылдары толық қосылып, орташа жылдамдықпен атқарылады. Мұнда доп, шығырық, шеңбер, жеңіл гантель сияқты заттарды пайдаланады. Емдік гимнастика гигиеналы, арнайы емдеу, өзінше сабақ, дозалы жүру, еңбек терапиясы және массаж осы сияқты формалармен толықтырылады.