Жүйке жүйесі туралы түсінік. Жүйке жүйесінің аурулары. Орындаған:Қойшыбаев Ж



бет8/9
Дата12.02.2023
өлшемі2,74 Mb.
#67327
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Емдік дш

Ми жарақаты

  • Ми жарақаты
  • Мидың жарақаттануы ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Бірінші түрінде бас терісі мен сүйегі бүлінеді. Оққа ұшқанда, қатты соққыға жығылғанда ми қабығын жарып, қан тамырларын зақымдап, көп қан жоғалтып, адам әлсірейді. Ал екінші түрінде ми шайқалуы, қысылуы байқалады.Ми зақымданған соң есінен айырылып, жүрек-тыныс мүшелерінде өзгерістер байқалады, лоқсу, құсу, тырысу-құрысу болады.
  • Зақымданған ми бөлігіне байланысты қимыл тежелуі, тіл байлануы, есту қабілетінің нашарлауы білінеді. Қатты жарақаттанған адамдарда кейде миға қан құйылады, сонда сал ауруларының белгілері білініп, бір жағы жансызданып қалуы мүмкін.
  • Жаттығулар жарақаттанған мезгілден 10—15 күннен кейін ғана беріледі. Онда тек төсекте шалқадан жатқан қалыпта ұсақ және орта буындарға баяу ырғақты жаттығулар жасалады. Емдік гимнастиканың ұзақтығы алғашқыда 15—17 минут, кейін 20—25 минутқа созылады, ал ауру түрегелген кезде 30—35 минутқа дейін жеткізеді. Өздігінен орындайтын жаттығулар күніне 2 — 3 рет қайталанады. Онда көбінесе дұрыс дем алуға баса назар аударылады.

Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-теңдік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстінде аяңдап әрі-бері жүреді.Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қозғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үстінен жүру т. б. жаттығуларды орындайды.

  • Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-теңдік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстінде аяңдап әрі-бері жүреді.Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қозғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үстінен жүру т. б. жаттығуларды орындайды.
  • Осының бәрін меңгерген соң ертеңгі гигиеналық гимнастика, өз бетінше мөлшерлі жүру, серуендеу, кейбір спорттық жеңіл ойын түрлерімен айналысқан өте пайдалы.Сол сияқты бау-бақшада, егіндікте ақырын қолдан келетін жұмыс істеу ауруды тез айықтырады. Бұл бір жағынан жаттығу болса, екінші жағынан аурудың ойы бөлініп, жүйке жүйесі тынышталады. Жаттығулар жасағанда жанға жағымды бір әуенді ойнатып қойса, адам шаршамай әр жаттығуды шын пейілмен орындайды. Мұның бәрі жоғарғы реттеуші орталық мидың, ми қабығын қалпына келтіруде үлкен ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет