Омыртқа жотасының ашық немесе жабық жарақаттануы жұлынға зиян келтіреді. Мұнда жұлынның жаншылуы, созылуы, мыжылуы, үзіліп кетуі мүмкін. Егер омыртқа бөлігінің мойын және кеуде тұсы жарақаттанса, екі қолға зақым келеді, ал кеуде және бел омыртқа тұсы жарақаттанса, аяққа зақым келеді. Жұлын үзіліп кетсе аяқ-қол жансызданады (паралич) .Бұл өте қауіпті, жанды қинайтын ауру. Тез арада адам бойында көп өзгерістер білініп, тері ойылып, аяқ-қол ісініп, өкпе қабынып, құрсақ ішіндегі ағзалар қызметін жоя бастайды.
Мұндай аурулар нейрохирургия бөлімінде операцияға жатады. Операциядан соң науқастың тез жазылып кетуі үшін ертерек емдік гимнастиканы қосады. Алдымен тыныс алу жаттығуларын жасайды, кейін аяқ-қол буындарына жаттығулар мен массажды қолданады. Сау аяққа немесе қолға жасалған жаттығулар науқасқа сегментті-рефлекторлы әдіс арқылы беріледі. Мұнда қыздыратын процедураларды жиі пайдаланады. Өйткені олар бұлшықеттің тартылғанын босаңсытады.Біртіндеп отырғызуға дайындайды. Ол үшін мықынды көтеріп, екі жаққа кезек аударып, аяғын төмен түсіріп отырғызады. Одан кейін балдаққа сүйеніп жүруге жаттықтырады.
Жұлын ауруына шалдыққан адамдар белгілі мезгілде ауруханадан, госпитальдан, санаторийлардан ем қабылдайды. Медициналық және әлеуметтік реабилитацияда (қайта қалпына келтіру) негізгі мақсаты — адамды уақытша және тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруашылыққа жақындатып, өз тамағын өзі алып ішетін жағдайға жеткізу.
Невроз ауруы
Невроз — жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің бұзылуы. Оның неврастения, психастения және истерия деген түрлері бар. Бұл ауру жоғарғы жүйке жүйесіндегі тежеу мен қозу процестерінің тепе-теңдігінен айрылуы. Оған себептер көп: теріс эмоция, жиі ашулану, қайғыру, шаршап-шалдығу, созылмалы жұқпалы аурулар, оқыста уланып қалу, соққыға жығылу, өмір қиындықтарына төзе алмау т. б.Жоғарғы жүйке жүйесінің әр түріне байланысты невроз түрлері де ерекше білінеді.
Неврастения — невроз түрлерінде жиі кездесетін ауру. Оның гиперстениялық және астениялық деген екі түрі бар. Біріншіге қатты тітіркенгіштік, қызбалық, ұйқы бұзылу сияқты белгілер тән, ал екіншіге — жүйке жүйесінің әлсіздігінен болатын жылағыштық, қорқақтық, тез шаршау, ұмытшақтық, жұмысқа қабілеті төмендеу т. б. белгілері тән.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3. Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4. Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.