Жансызданған қолдың иілетін бұлшықеттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге келмей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тағайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді.

Емдік гимнастиканы қолданғандағы негізгі мақсаттары:
6. Жүру үйлесімділігін қадағалап, өзін-өзі бағдарлау, өз бетімен кіріп-шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.
Емдік гимнастика алғашқыда сау жағынан басталады. Аяқ-қолды бүгіп-жазу, айналдыру, дұрыс тыныс алу сияқты жаттығуларды сау қолмен орындап, осы қимыл-қозғалысты біреудің көмегімен, немесе сау қолдың қатысуымен ауырған қолға жасайды. Әсіресе, бүгіліп қалған саусақтарды, қолды шынтақ буыннан жазуға ынталанады. Аяқты тізеден бүгіп-жазып, аяқ ұшын жан-жаққа қозғайды. Қимыл баяу, бәсең, асықпай орындалады. Әр буында 6 —10 рет қайталанады.

Науқасты біртіндеп төсегінде өздігінен аунауға үйретеді. Кейін ешкімнің көмегінсіз отырып, қайта жатуға, өздігінен қабырғаға немесе төсекке сүйеніп орындыққа отыруға дағдыланады.
Ақырындап жүруге дайындалады. Оған алдымен орындықтың арқасынан немесе төсектің басынан ұстап тұрып кемтар аяққа салмақ түсіріп, бұлшық еттерін шыңдайды. Содан соң аяқты тізеден, мықыннан бүгіп-жазып, мүмкіндігінше отырып көреді.