Шонданай невриті — өзінше жеке кездесетін мононеврит болып табылады. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бұлшықеттері тез арада семіп кетеді. Оны уақытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиындатады.
Шонданай невриті— өзінше жеке кездесетін мононеврит болып табылады. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бұлшықеттері тез арада семіп кетеді. Оны уақытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиындатады.
Сондықтан емдеу гимнастикасы ең алдымен аяқ басына баса назар аударылады. Егер өздігінен қозғалмаса, аяқтың басы салақтап қалмас үшін тақтайға, темір тордан жасалған арнайы қалыпқа салып таңып тастайды. Аяқ басы мен жіліншік арасы тік бұрыш құрау керек. Осылай алдын-ала дайындалған аяқты, жан-жағына қи-мылдатып, еденге басып, түрегеліп жүруге болады.
Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жарақаттану, ми мен жұлындағы ісік — осының бәрі жоғары жүйке жүйесі ауруларына жатады. Мұндай қауіпті сырқаттардың кеселінен спастикалық паралич, жансызданып қалу немесе сезімталдығы кему, трофикалық күйреу, сіңір рефлекстері көтерілу, ақыл-естің өзгеруі т. б. көптеген жағымсыз белгілер білінеді.
Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жарақаттану, ми мен жұлындағы ісік — осының бәрі жоғары жүйке жүйесі ауруларына жатады. Мұндай қауіпті сырқаттардың кеселінен спастикалық паралич, жансызданып қалу немесе сезімталдығы кему, трофикалық күйреу, сіңір рефлекстері көтерілу, ақыл-естің өзгеруі т. б. көптеген жағымсыз белгілер білінеді.
Мидағы қан айналымы бұзылуы, сол қан тамырларының таралуы, склерозға шалдығуы, соңында миға қан құйылуға немесе тамырлардың мүлде тығындалып қалуына әкеп соғады. Мұндай кезде мидағы өзгерістер әр клеткада байқалады.
Осыған душар ететін факторлар гипертония ауруы, адамның дене және ой еңбегімен қиналуы, жұқпалы аурулармен ұзақ ауыру, дененің әр түрлі заттармен улануы болып табылады.Аурудың басталуы кенеттен болады. Аяқ астынан адам есінен айырылып, жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелерінде өзгерістер байқалып, бір жағы жансызданып қалады. Кейде тілден де айрылады.